Трафиктi өткiзуді және өзара есеп айырысу тәртібін қоса алғанда, телекоммуникация желiлерiн қосу және өзара іс-қимыл қағидалары


ОПТЖ-ның басым байланыс операторларының телекоммуникация желісін қосуын ұйымдастыру ерекшеліктері



бет3/4
Дата13.06.2016
өлшемі179.5 Kb.
#131188
1   2   3   4

ОПТЖ-ның басым байланыс операторларының телекоммуникация желісін қосуын ұйымдастыру ерекшеліктері


33. ОПТЖ басым байланыс операторы желісіне қосуды ұйымдастыру мынадай қағидаттарға негізделеді:

1) стандартты жалғау (қосу) мен қосу шарттары нүктелері туралы ақпаратты байланыс операторларына ұсыну осы Қағидалардың 27-тармағына сәйкес анықталады;

2) баламалы қызметтер көрсететін барлық байланыс операторлары үшін телекоммуникация желілерін қосудың және трафикті өткізудің бірдей шарттарын сақтау;

3) байланыс операторының қосу қызметін көрсетуі мен трафикті өткізуі осы қызметтерді басым оператордың өз желісі шенберінде және (немесе) осы қызметтерді аффилиирленген тұлғаларға көрсететін шарттар және трафикті өткізу технологиялар бойынша жүзеге асырылады;

4) қосу қызметтері бойынша бірыңғай төлемнің нақтылығын ұсыну;

5) бәсекелестер мен клиенттер туралы ақпаратқа қатысты тараптардың құпиялылық режимін сақтау;

6) синхрондау жүйелерін, кіру және шығу транзиттік трафиктерін (биллингін) есептеу жүйесін, пайдаланушылық қолдауын, жаңа қызметтерді ұсыну үшін қажет телефон шақыртулары мен басқа бағдарламалардың мәліметтер базасын, желілердің «бөлінбейтін» компоненттерін, оның ішінде абоненттік желілерді, нөмірлік сыйымдылықты (нөмірлердің үйлесімділігі қағидасын жүзеге асырумен) шарттық негізде қайтарымды пайдалану мүмкіндігін ұсыну;

7) инфрақұрылым элементтерін (мысалы, ғимараттар, бағаналар, телефон (кәбіл) кәріздері, арналар, антенді-діңгекті құрылыстар және басқалар) бірігіп пайдалануды шарттық негізде жүзеге асыру мүмкіндігін ұсыну.

34. ОПТЖ басым байланыс операторлары үшін, жасалған басқа телекоммуникация желілерін қосу қызметтерін көрсету, сондай-ақ желілердің өзара іс-қимыл мен трафикті өткізу бойынша осы міндеттермен байланысты Жалғау шарты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалатын жария шарт болып табылады.

35. Қосылуға техникалық шарттар берген кезде байланыс операторларын кемсітушілікке жол берілмейді. ОПТЖ басым байланыс операторы қосылатын операторлар үшін (желілер иелеріне) қосылу шарттары мен трафикті өткізудің тең талаптарын қояды.

36. Қосылатын желі операторы осы Қағидаларда қарастырылған барлық талаптарды орындаған жағдайда, басым оператордың ОПТЖ-ға жалғау шартын жасаудан бас тартуына жол берілмейді.

Егер басым оператор тарапынан қосылу туралы техникалық мүмкіндіктерге сәйкес қосылуды уақтылы орындау техникалық себептерге байланысты мүмкін болмаса, басым оператор аталған техникалық себептерді жойғаннан кейін негізгі схемаға келесі ауыстырумен уақытша нұсқа бойынша қосу мүмкіндігін алдын ала қарастырады.


Телекоммуникация желілерін қосу деңгейлері


37. Нөмірлеу ресурсын бөліп беру арқылы телекоммуникация желісін қосу байланыс саласындағы уәкілетті орган бекітетін Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар желілерінде нөмірлеу жүйесі мен жоспарын құру қағидаларының ережелерін ескере отырып жүзеге асырылады.

Нөмірлеу ресурстарын тарату тәртібі және нөмірлерді бөлу, сондай-ақ телефон қызметтерін көрсетуге ұсынылған ОПТЖ-да телефон байланысының нөмірлерін пайдалану ерекшелігі байланыс саласындағы уәкілетті орган бекітетін Қазақстан Республикасының Телекоммуникация желілерінің нөмірлеу ресурстарын тарату және пайдалану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

38. Жергілікті деңгейде қосу:

1) тіркелген желілерді бір-бірімен, тіркелген желілерді ОПТЖ-ға қосыла алатын жылжымалылармен қосу жергілікті желілік нөмірлеу ресурсына сәйкес бөлу арқылы жүзеге асырылады;

2) ОПТЖ-да цифрлық сыйымдылық бар болған жағдайда қосылатын желінің коммутациялық станциялары арқылы шығу және кіру трафигін есепке алу жүзеге асырылатын жергілікті цифрлық станцияға қосылуы тиіс;

3) қосылатын желілердің коммутациялық станцияларын жергілікті цифрлық станцияға, тірек-транзиттік станцияға (бұдан әрі – ТТС) қосу мыналарда құрылған баламалы, сондай-ақ цифрлық арналармен де жүзеге асырылуы мүмкін;

қосу желілермен;

жергілікті телекоммуникация желісінің қалааралық шығу телефон хабарламаларын беруге арналған тапсырысты-қосу желілерімен;

қалааралық телефон станциясын жергілікті телефон желісінің станциясымен қосатын және қалааралық кіру хабарламаларын беруге арналған, қалааралық телефон байланысының қосу желілерімен.

Баламалы қосу жолдары бойынша қосылу кезінде, баламалы-цифрлық өзгерту жабдығын қосылатын желінің байланыс операторы орнатады;

4) егер қосылатын станция сыйымдылығы 3500 нөмірден кем болмаса, резервтік сыйымдылығы бар болған жағдайда автоматты қалааралық телефон станциясында (бұдан әрі – АҚТС) тікелей арна байламдарын қосылатын желінің коммутациялық станциялары және нөмірлеудің бір аймағында орналасқан ОПТЖ АҚТС арасында ұйымдастыруға рұқсат етіледі;

5) егер қосылатын желі сыйымдылығы жергілікті желінің қолданыстағы нөмірлеу резервінен асып кетсе, онда ОПТЖ басым байланыс операторы байланыс саласындағы уәкілетті органға ол туралы хабарлайды, ол осы мәселені реттеу бойынша шаралар қабылдайды.

39. Аймақішілік деңгейде қосу:

1) қосылатын желіні аймақішілік деңгейде қосу үшін жергілікті желі ретінде «ab» аумақішілік кодымен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес географиялық аймақ шегінде қосылады;

2) жергілікті деңгейде телекоммуникация желісін қосу үшін нөмірлік ресурс болмаған жағдайда сыйымдылығы 5000 нөмірден кем емес желі қосылатын желі операторының келісімімен аймақішілік деңгейде осы нөмірлеу аймағының АҚТС-дағы қосылатын желінің коммутациялық станциясына қосу арқылы жалғануы мүмкін.

40. Қалааралық деңгейде қосылу – бір телекоммуникация желісін екіншісіне қосу, мұнда оператордың (желі иесінің) қосылатын желісі автоматты қалааралық телефон станциясына немесе қосатын желінің қалааралық транзиттік торабына (бұдан әрі – ҚаТТ) жалғаудың (қосудың) стандартты нүктелеріне қосылады. Мұнда қосылатын желіге нөмірлеу ресурсы – географиялық анықталатын аймақ АBC коды, АBC-те «Х1Х2» қолжетімділік коды, DEF географиялық емес анықталатын аймақтың коды, қызметтерге қолжетімділік кодында оператор коды (бұдан әрі – ҚҚК), қалааралық және/немесе халықаралық байланыс операторын таңдау префиксі (бұдан әрі – ОпП).

41. Халықаралық деңгейде қосу:

1) қосылатын телекоммуникация желісін халықаралық коммутация орталығына (бұдан әрі – ХКО) қосатын қалааралық және халықаралық байланыс операторларының, халықаралық байланыс қызметтерін көрсетуге құқығы бар халықаралық байланыс операторларының желілерінде ғана халықаралық деңгейде қосу жүзеге асырылады;

2) қосатын және қосылатын желілердің арасындағы ХКО әрекеттестігі олардың арасында байланыс арналарын ұйымдастыру жолымен жүзеге асырылады;

3) қалааралық және халықаралық байланыс операторларының және халықаралық байланыс операторлары желісінің өзара іс-қимылын жүзеге асыруы кезінде (ХКО-ХКО деңгейінде) Жалғау шартына мынадай талаптар енгізілуі тиіс:

ұлттық желі шегіндегі және шетелдік жалпы пайдаланылатын телекоммуникация желісіне шығуда желінің бірінде авариялар мен төтенше жағдайлар туындаған жағдайда трафикті өткізу үшін айналманы ұйымдастыру және ұсыну;

өзара іс-қимыл телекоммуникация желілерінің өткізу қуатын қауіпсіздік, қорғаныс және құқықтық тәртіпті қорғау органдарының қажеттілігін қамтамасыз ету үшін бір-біріне ұсыну.

42. Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының телекоммуникация желілерін қосу қалааралық және (немесе) халықаралық деңгейде(-лерде) ұйымдастырылады.

43. Жергілікті телефон байланысы операторларының желілерін қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының желілеріне қосу былайша ұйымдастырылады:

1) ОПТЖ-ға, қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының желілеріне жергілікті телефон байланысы операторларының желілерін қосу автоматтық телефон станцияларының транзиттік тораптары (АТС ТТ), ОПТЖ-не бұрын қосылған және шығыс пен кіріс трафигін есепке алуды жүзеге асыруы қажет қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторының автоматтық қалааралық телефон станциясы (АҚТС) арқылы жүзеге асырылады;

2) ОПТЖ-ға, қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының желілеріне қосылған жергілікті телефон байланысы операторларын абоненттердің таңдауы қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларына берілген оператор префиксі (ОпП) арқылы, ал қалааралық және (немесе) халықаралық байланысы үшін жеке-жеке жүзеге асырылады (тиісінше 1 ОпП және 2 ОпП).

44. Қалааралық байланыс операторының желісін қалааралық және халықаралық байланыс операторының желісіне қосу былайша ұйымдастырылады:

1) қалааралық байланыс операторы желісінің қалааралық және халықаралық байланыс операторының желісіне қосылуы қалааралық деңгейде тиісті географиялық нөмірлеу аймағына (АВС) қосатын және қосылатын байланыс операторларының желілерінде АҚТС арасында жүзеге асырылады;

2) әр географиялық аймақта АҚТС болуы тиіс;

3) қосатын желінің АҚТС-пен қосылатын желінің АҚТС-ы арасындағы өзара іс-қимылдары олардың арасында тікелей байланыс арналарын ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады;

4) шығыс және кіріс қалааралық трафигінің есебі қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының екеуімен де, не уағдаластық бойынша өзара іс-қимылдағы байланыс операторларының біреуіне тиесілі бірыңғай есептеу орталығымен жүзеге асырылады.

45. Халықаралық байланыс операторының желісін қалааралық және халықаралық байланыс операторының желісіне қосу былайша ұйымдастырылады:

1) қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторының желісіне халықаралық байланыс операторы желісінің қосылуы қосатын және қосылатын операторларының халықаралық коммутация орталықтары (бұдан әрі - ХКО) арасында жүзеге асырылады;

2) қосылатын және қосушы желілердің ХКО арасындағы өзара іс-қимылдары олардың арасында байланыс арналарын ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады;

3) қалааралық және халықаралық байланыс операторларының және халықаралық байланыс операторлары желілерінің өзара іс-қимылын жүзеге асырғанда (ХКО - ХКО деңгейде) Жалғау шартына мына талаптар енгізілуі тиіс:

желілердің бірінде авариялар және төтенше жағдайлар орын алған кезде жалпы пайдаланылатын телекоммуникацияның шетелдік желілеріне шығу кезінде де ұлттық желі шегіндегі сияқты трафикті өткізу үшін айналма жолдарды ұйымдастыру және ұсыну;

қорғаныс, қауіпсіздік және құқықтық тәртіпті қорғау органдарының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін өзара іс-қимыл жасайтын телекоммуникация желілерінің өткізу қуаттылықтарын өзара ұсыну.

46. Қалааралық және халықаралық байланыс операторы желісінің басқа қалааралық және халықаралық байланыс операторы желісіне қосылуы тиісінше бір географиялық аймақтың АҚТС-мен АҚТС-ның, қосатын және қосылатын операторларының сәйкес желілерінің ХКО мен ХКО арасында ұйымдастырылады.

47. Басқа байланыс операторының қосылатын қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторының желілерін коммерциялық пайдалануға босату байланыс саласындағы уәкілетті органның қалааралық және (немесе) халықаралық байланыстың телекоммуникация желілеріне ұсынылатын қалааралық және (немесе) халықаралық байланыстың операторын анықтау бойынша біліктілік талаптар мен өлшемдерді орындағаны туралы расталғаннан кейін жүзеге асырылады.

48. Корпорациялық телекоммуникация желісі, егер ол түрлі әкімшілік аймақтар бойынша желі учаскелеріне бөлінгенді, тиісті нөмірлеу ресурсын бөліп беру арқылы біріктіретін болса («DEF» коды) ОПТЖ-ға, әкімшілік аймақ шеңберінде мекемелік коммутациялық станция орнату арқылы немесе қалааралық транзитті торап деңгейінде корпоративтік клиент ретінде қосылуы мүмкін.

Корпорациялық желі иесі тиісті лицензия алып, ақылы негізде қызмет көрсетуге ниет білдірген жағдайда, ОПТЖ-ға жалғау мынадай шарттармен жүзеге асырылады, егер:

1) өндірісішілік мақсатта (өндірістегі технологиялық процестерді басқару) пайдаланылатын негізгі желі бөлігінен қосылатын желі бөлігін иесі бағдарламалық немесе техникалық бөлінуі мүмкін;

2) желінің қосылатын бөлігі осы Қағидаларда мазмұндалған, ОПТЖ-ның жұмыс істеу талаптарына сәйкес келсе;

3) корпорациялық телекоммуникация желісінің иесі басқарушылық және өндірісішілік мақсаттар (өндірістегі технологиялық процестерді басқару) және ОПТЖ-ға қосылатын оның бөлігі үшін пайдаланылатын желіні пайдалану шығыстарын бөлектеп есептеуді жүргізеді.

49. Жылжымалы байланыс желілерін қосу:

1) жалпы пайдаланылатын жылжымалы радиотелефон желісі ОПТЖ-ға қалааралық, аймақішілік және нормативтік актілерге немесе байланыс операторларының арасындағы келісімі бойынша тиісті нөмірлеу ресурстарын бөліп беру арқылы жергілікті деңгейде қосылуы мүмкін;

2) нөмірлеудің географиялық емес DEF коды тағайындалған жалпы пайдаланылатын жылжымалы радиотелефон желісі ОПТЖ-ға қалааралық деңгейде ҚаТТ арқылы, басқа нөмірлеу аймақтарының абононенттеріне трафик өткізу үшін және аймақтық деңгейде - нақты географиялық нөмірлеу аймағы шегінде трафик өткізу үшін жылжымалы желінің коммутаторы орналасқан географиялық нөмірлеу аймағының АҚТС арқылы қосылуы мүмкін;

3) DEF географиялық емес коды тағайындалған ұялы байланыс желісі ОПТЖ-ға қалааралық деңгейде (АҚТС, ҚаТТ) қосылады, ұялы байланыс желілерінің біріне-бірі қосылуы тікелей арналарды ұйымдастыру арқылы бұл желілердің коммутациялық жабдықтарының тиісті деңгейлерінде жүргізіледі;

4) АВС нөмірлеудің географиялық аумағында «ab» коды тағайындалған жалпы пайдаланылатын жылжымалы радиотелефон желісі ЖПТЖ-ға осы нөмірлеудің географиялық аумағындағы АҚТС арқылы қосылады. Қосылатын желінің нөмірлеу жоспары географиялық нөмірлеу аймағының жоспарына кіреді;

5) «abX/abXX» жергілікті желі АТС индексін алған жалпы пайдаланылатын жылжымалы радиотелефон желісі, жергілікті желінің коммутациялық станциялары арқылы қосылады. Қосылатын желінің нөмірлеу жоспары жергілікті желінің нөмірлеу жоспарына қосылады.

Жылжымалы радиотелефон байланысының желісін қосу осы Қағидаларға сәйкес қосатын желі операторлары беретін техникалық мүмкіндіктер негізінде жүзеге асырылады.

50. Телеграфтық және телекстік байланыс желілерін қосу:

1) жалпы пайдаланылатын телекстік байланыс желілеріне қосу ведомстволық телеграфтық-телекстік желілер және телематикалық қызметтер үшін рұқсат етіледі;

2) телеграфтық және телекстік байланыс желілеріне қосу абоненттік шеткі пункттер немесе құрылғылар деңгейінде жүзеге асырылады;

3) абоненттік құрылғылар деңгейінде қосу ұғымы пайдаланушының терминалын телекоммуникация желісіне қосуды білдіреді, соның көмегімен оператор ақпаратты береді және қабылдайды;

4) хабарларды коммутациялау арқылы жалпы пайдаланылатын телеграфтық және телекстік байланыс желілеріне қосылу телеграфтық және телекстік байланыс операторлары үшін рұқсат етіледі;

5) жекелеген жағдайларда қосылатын желіге сәйкес техникалық жабдықтардың болуы кезінде арналарды коммутациялау станциялары (кіші станциялары) немесе хабарламаларды коммутациялау орталықтары концентраторлары деңгейіндегі телеграфтық байланыс желісіне қосуға байланыс саласының уәкілетті органының тапсырмасы негізінде рұқсат беріледі;

6) қосылатын желіден бөлінетін қосылу мен нөмірлеудің нақты нүктелерін жалпы пайдаланылатын телеграф желісінің операторы белгілейді.


Телематикалық қызметтер, зияткерлік желілер және деректерді тарату желілер операторларының тораптарына қол жеткізу

51. Телематикалық қызметтер, зияткерлік желілер және деректерді тарату желілер операторларының тораптарына төмендегі қол жеткізуі мына тәсілдердің біреуімен ұйымдастырылады:

1) байланыс саласындағы уәкілетті органмен тағайындалатын ҚҚК операторының кодын пайдаланумен ОПТЖ АҚТС-ға жабдықтарды қосу. Мұнда қол жеткізу тек қана жабдықтары АҚТС-қа қосылған нөмірлеу аумақтары абоненттері үшін ғана ұйымдастырылады;

2) қосудың (қосылудың) стандартты нүктесіне қосылған жергілікті желі байланыс арналарының абоненттерінен бір бағытты шығыс бойынша жабдықтарды ЖПТЖ-ға жергілікті деңгейде қосылумен.

52. Арнайы, ақпараттық-анықтамалық және сервистік қызмет көрсету иелерімен ұсынылатын қызметтерге пайдаланушылардың қол жеткізуін ұйымдастыру үшін, сондай-ақ жергілікті телекоммуникация желілерінің операторларымен (пейджингтік желілер) дербес радиошақыру желілері операторларының жұмысын ұйымдастыру үшін абоненттік нөмірлер немесе сериялық нөмірлерді бөлумен абоненттік желілер ұсынылады. Абоненттік желілерді бөлуге Шартта олар қандай мақсатқа бөлінгендігі көрсетіледі.

Сериялық нөмірлерді бөлу тәртібі және сериялық нөмірлерді бөлетін жергілікті телекоммуникация желілерінің операторларымен сериялы нөмірлер иелерінің өзара іс-қимылы осы Қағидаларға 6-қосымшада келтірілген.


IP–телефония (Интернет–телефония) операторларының жабдықтарын (қол жеткізу тораптарын) ОПТЖ-ға қосу

53. IP-телефония (Интернет–телефония) операторларының жабдықтарын (қол жеткізу тораптарын) қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторлары желілеріне қосу қалааралық деңгейде қызметтерге қол жеткізу кодын пайдаланумен жүзеге асырылады. ҚҚК-да оператор кодын пайдаланумен қатар, уәкілетті органның бұйрығымен қызметтерге қол жеткізу нөмірі ретінде бекітілген жергілікті телефон нөмірі пайдаланылуы мүмкін, мұнда IP-телефония (Интернет–телефония) операторлары жабдықтарын (қол жеткізу тораптарын) қосу деңгейі қалааралық болып қалады.

54. ҚҚК және Х1Х2Х3Х4 оператор коды байланыс саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында анықталған тәртіппен тағайындайды.

55. IP-телефония (Интернет–телефония) қызметтеріне қол жеткізу АҚТС-ке оператордың қол жеткізу торабы қосылған аталған нөмірлеу аймағының операторлары үшін ұйымдастырылады.


Қосатын оператордың техникалық шарттарына қойылатын талаптар

56. Қосылуға арналған техникалық шарттар қосылу өтініміне сәйкес беріледі және мынаны қамтуға тиіс:

1) қосылуды қамтамасыз ететін пайдаланылатын тиісті желілік-кәбілді және станциялық құрылыстар, осы құрылыстар мен станциялық қондырғының қажеттіліктерін көрсету арқылы желілерді қосу тәсілін (байланыс құралдарын);

2) қосылатын желінің трафигін өткізу үшін бар телекоммуникация құрылыстарын пайдалану, мұндай болмаған жағдайда – тараптардың келісімі бойынша жаңа құрылыстарды салу қажеттілігі;

3) қосылатын желі нүктелеріндегі жабдықтың типтері және оның техникалық параметрлері – сигналдар деңгейі, сигналдар спектрі, беру жылдамдығы және өзге де түйісу параметрлері;

4) пайдаланылатын сигнализация жүйесі;

5) тактілі синхронды желі жүйесіне қосу;

6) байланыс саласындағы уәкілетті орган қосатын операторға бөлінетін нөмірлеу ресурсы;

7) қосуды жүзеге асыру үшін қажетті шаралар, құрылыс-монтаждау жұмыстарының алдын ала тізбесі;

8) қосу бойынша жұмыстар кезеңдері;

9) қолданылу мерзімі (алты айдан кем емес).

ОПТЖ цифрлық станцияларын қолдайтын дабыл хаттамаларының шектеу тізбесі осы Қағидаларға 7-қосымшада көрсетілген.

57. Техникалық шарттарға объектілер мен ғимараттарды салудағы жалғауды қосу, сонымен қатар трафикті өткізуге қатыссыз қондырғыны орнату, тек өтемақысыз негізде болмаса ғана жіберілмейді. Қосылудың техникалық шарттармен белгіленетін жұмыс көлемі желілерді салу бойынша нормативтік техникалық құжаттарға сәйкес болуы тиіс.

58. Өтемақы негізінде объектілерді салу деп қарастырылатын жағдай байланыс операторларының, қосатын желі мүддесімен қосылатын желінің байланыс операторлары орындайтын жұмыс бағасымен қосылатын желіге/ден трафикті жүргізумен байланысты емес телекоммуникация объектісі (құрылысы) арасындағы шарттасу бойынша құрылыс түсіндіріледі.

59. Қосудың техникалық шарттарын беру кезінде қосылатын желінің байланыс операторына қосылатын желіні және өзге жабдықтарды, қосылатын желі байланыс операторының есебінен желілердің өзара қатынасын қамтамасыз ету үшін салынатын ғимараттарды таратуды қосатын операторлардың жеке меншігіне беруге жол берілмейді.

60. Қосылудың техникалық шарттары олардың берілуі үшін көзделген мерзімде келесі жағдайларда анықталады:

1) қосуды жүзеге асырған желідегі нөмірлеудің өзгеруі;

2) қосылатын желімен тікелей өзара іс-қимылдағы дабыл жүйесін және т.б. өзгертуді талап ететін қосуды жүзеге асырған желілердің техникалық құралдарын жаңғырту, қайта құрау немесе ауыстыру;

3) жалғанған желінің қондырғысын жетілдіру қажеттілігі және (немесе) оның сыйымдылығын кеңейту;

4) байланыс саласындағы уәкілетті органның нормативтік актілеріне сәйкес қосу деңгейінің өзгеруі;

5) қосылған желінің байланыс операторы «АВС» немесе «DEF» кодтарын алу;

6) қосылған желінің байланыс операторымен желілердің қосылуын талап ететін телекоммуникация саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүргізуге басқа лицензияларды алу.

61. ОПТЖ жаңғыртуды жүргізу кезінде қосатын желінің байланыс операторы жаңғырту жобасын бекіткеннен кейін жиырма күн бұрын барлық мүдделі байланыс операторларына, желілер иелеріне техникалық шарттардың өзгеру мүмкіндігі туралы хабарлайды. Қажет болған кезде қосатын оператор жаңғыртуды бастағанға дейін үш ай ішінде қосылатын операторға техникалық шарттарға өзгерістерді береді.

62. Осы Қағидалардың 61-тармағында қарастырылған жағдайларда, қосылатын желінің байланыс операторы қосатын желінің байланыс операторына өз желісінің ОПТЖ-ға қосу туралы техникалық шарттарды анықтау үшін көмек сұрауына болады.

Қосылуға арналған техникалық шарттарды нақтылауға техникалық шарттарды беру үшін осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады. Жаңа техникалық шарттарға сәйкес қосу бойынша жұмыстарды орындағаннан кейін өзара іс-қимылдағы байланыс операторларымен Жалғау шарты анықталуы тиіс.

Қосылудың техникалық шарттарын өзгерту немесе нақтылау жағдайларында осы Қағидаларда регламенттелген мәселелер шегінен шықпай және үйлесімді қажетті, негізделген болуы тиіс.

63. Нормативтік құқықтық немесе нормативтік-техникалық актілерге қосылу сәйкес келмеген жағдайда қосатын желі операторымен байланыс саласындағы уәкілетті орган осы Қағидаларға сәйкес уәкілетті органның ұйғарымы бойынша қосылған желінің байланыс операторына техникалық шарттарды беруі тиіс. Бұл ретте туындайтын шығыстарды өзара іс-қимылдағы операторлармен олардың арасындағы шарттарда белгіленген мөлшерде екі тарап төлейді.
4. Қызметтерді ұсыну үдерісінде телекоммуникация желілерінің байланыс операторларының өзара іс-қимылы Қызметтерді ұсыну үдерісінде байланыс операторларының өзара іс-қимыл тәртібі

64. Байланыс операторлары мыналарды:

1) өз желілерінде әрбір байланыс қызметтерін пайдаланушы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мерзімде нақты бәсекелес елді мекеннің жергілікті желісі шегінде байланыс операторын еркін таңдауының техникалық мүмкіндігін қамтамасыз ету;

2) өз желісінің пайдаланушыларына ОПТЖ-ның қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс қызметтерін ұсыну құқығы бар кез-келген байланыс операторын таңдауға құқығын қамтамасыз ету;

3) байланыс қызметтерін пайдаланушыларға стандарт сапасы, техникалық нормалар, байланыс қызметін ұсыну шартының ережесіне сай байланыс қызметтерін ұсынуы қажет.

65. Пайдаланушыларға телекоммуникация қызмет көрсетулерін ұсынатын бірыңғай технологиялық үдерісіне қатысатын байланыс операторлары арасында мыналарды:

1) ұсынылатын телекоммуникация қызметтерінің сапасы үшін өзара жауапкершілікті;

2) қызметтер сапасының төмендеуіне немесе олардың көрсетілмеуіне әкеліп соғатын, техникалық пайдалану бойынша нормативтік актілердің талаптары орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда байланыс операторларына шығынның орнын толтыру тәртібін;

3) басқа операторлар ұсынатын телекоммуникация қызметтері үшін есеп айырысуды жүргізетін байланыс операторларының және осы қызметтер үшін пайдаланушылармен есеп айырысу кезіндегі олардың өзара іс-қимыл тәртібін;

4) пайдаланушылар шағымдарын қарау бойынша жұмысты жүргізу тәртібін;

5) өзара іс-қимылдағы желілердің трафикті өткізу тәртібін;

6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес трафикті өткізу үшін өзара есеп айырысуды жүргізудің шарттары мен тәртібін;

7) желілерді жедел-техникалық басқару жүйесінің өзара іс-қимыл мәселелерін;

8) байланыс құралдарының қызметтермен қамтамасыз етудегі бөгелістеріне әкеліп соғатын авариялық тоқтаулар туралы және байланысты қысқа мерзімде қалпына келтіру үшін шаралар кешенін қабылдау туралы ақпаратты басқа байланыс операторлары мен қызметтерді жеткізушілерге уақтылы ұсынуды;

9) қызметтерді ұсыну кезінде тоқталыстарға әкеліп соғуы мүмкін желілерде жоспарланған алдын алу жұмыстарын жүргізу туралы байланыс операторлары мен қызметтерді жеткізушілерді уақтылы хабардар етуді;

10) ОКС 7 желілерін жалпыарналық сигнализацияға сәйкес сигналдық өлшемдердің түзеу таратылуын, оның ішінде егер байланыс операторының коммутациялық жабдықтарының (Cal Detail Record қоңыраудың бөлшектенген жазбасы) бастапқы жазбасында болған жағдайда, шақыратын абоненттің халықаралық форматтағы (А абонент нөмірі) нөмірін қамтамасыз етуді көздейтін шарт жасалады.

66. Ұсынылатын қызметтердің қолданыстағы нормаларға сәйкессіздігі байқалған жағдайда өзара іс-қимылдағы байланыс операторлары мұндай сәйкессіздіктің себептерін анықтап, бұл себептерді жою үшін шаралар қабылдау қажет. Бұл жағдайда шығындарды қолданыстағы нормаларға сәйкессіздік табылған желінің байланыс операторы өтейді.

67. Жергілікті телефон байланысы желісінің өзара іс-қимылдағы операторлары ОПТЖ-ға шыға алатын барлық пайдаланушыларға тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын жедел медициналық, құқық қорғау, өрт, авариялық, анықтамалық және басқа да қызметтермен тегін байланысу мүмкіндігін ұсынуға міндетті.

68. Телефон желілерінің өзара іс-қимылдағы операторлары Қазақстан Республикасының бірыңғай телекоммуникация желісінде іс-әрекеттегі байланыс саласындағы уәкілетті орған қабылдаған нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес алғашқы және қайталама желілерді басқару және олармен жұмыс істеу технологиялық алгоритмдерін ұстанады.

Жергілікті телефон қосуларда уақтылы есепті енгізгенде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және осы мақсатта байланыс операторларының шығындарын өтеу үшін жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша байланыс операторлары елді-мекен абоненттеріне әлеуметтік маңызды объектілерімен ақысыз қосылу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

69. Қосылған желілердің байланыс операторлары анықтама қызметін құру немесе телефон нөмірлерінің анықтамалығын шығару немесе жалпы анықтамалық дерекқорларын құру үшін келісім бойынша қосатын желінің операторына сұрау бойынша ай сайын деректер ұсыну мақсатында бір-біріне сұрау салу бойынша өз желісінің пайдаланушылары туралы деректерге енуді тек пайдаланушылардың келісімімен және Заңның 15–бабында көзделген жағдайларда ғана ұсынады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет