Түрік қАҒанаты дәуіріндегі саяси-қҰҚЫҚТЫҚ Қатынастар резюме



бет2/3
Дата05.11.2022
өлшемі31.67 Kb.
#464101
1   2   3
Ғылыми жоба

Түрік қағанаттарының қоғамдық-саяси құрылысы .
Түрік қағанаты дамыған қоғамдық-саяси жағдайда өмір сүрді. Түркі қағанатының басқа мемлекеттермен қарым – қатынасындағы Батыс пен Шығыс арасындағы негізгі делдалдық функциясы мықты болды. Өз кезегінде Түркі қағанатының саяси дамуы көрші мемлекеттер мен тайпаларға ықпал етіп, әлсіздерін өздеріне бағындырып отырды. Біз Түркілердің тарихы жайлы VII – VIII ғасырларда жазылған Орхон – Енисей жазбалары арқылы білеміз. Осы түркология саласынан біршама деректерді табамыз. Әсіресе руникалық жазба деректердің алатын орны бөлек. Руникалық жазбалар арқылы түрік қағанатының саси құрылымы, мәдениеті, әлеуметтік және экономикалық жағдайын біле аламыз. Деректерде Білге қаған, Күлтегін жіне Тоныкөк жайлы көп кездеседі. Олардың ерліктері VII-VIII ғасырларда тасқа қашалып жазылған. Орхон-Енисей жазбалары Енисей өзенінің маңайынан табылған. Бұл құлыптасты алғаш Г. Спасский зерттеді, 1889 жылы орыс ғалымы Н. М. Ядоинцев Монғолия жерінен оның жаңа нұсқасын тауып алды. Ескерткіш жазуын белгілі Дания ғалымы В. Томсен оқып, 1893 неміс тіліне аударды. Академик В.В.Радлов басқарған Ресей археологиялық экспедициясы 1894 жылы бұл жазба ескерткіштерді орыс тіліне аударды. Орхон - Енисей жазба ескерткіштері ішінен ерекше кезге түсетіндері «Күлтегін», «Білге» қаған және «Тоныкөк» жырлары. Бұл тарихи ескерткіштер сол ежелгі дәуірдегі Еуразияның кең даласын мекен еткен түркі халықтарының шаруашылық, қоғамдық- әлеуметтік, саяси және мәдени тіршілігі мен өмір салтын жан- жақты сипаттап көрсетеді. Сол тарихи кезеңнің тынысын, түркі халықтарының өміріндегі негізгі оқиғаларды, сол дәуірдің көрнекті мемлекет қайраткерлерінің тарихи істерін баяндайды. Түріктер қоғамында дамыған мемлекеттің барлық белгілері болды. Мемлекетті жеке билеуші қаған биледі. Қаған сондай-ақ бүкіл әскердің қолбасшысы саналды. Қаған әскер басылары мен мемлекеттік аппаратты және ұлыстарды билеген бектерді, жадтарды, елтеберлер мен жабғуларды т.б. бекетіп, орнынан босатып отырды. Сондай-ақ қаған жайылымдарды бөлуге басшылық жасап, көшіп-қону бағыттарын анықтады. Қаған мемлекеттегі жоғарғы сот билігін жүргізуші болып есептелді. Елдегі құқықтық тәртіптің ережелерін бекітті. Түрік кағандары Ашина әулетінен шыққандар арасында ғана сайланып отырды. Қағандарды тәртіп бойынша Он оқ тайпаларының беделді өкілдері, әр басылар мен басқа да беделді адамдардың жиыны сайлайтын, Түріктердің мемлекеті құлап, шетел басқыншыларына қарсы күресті бастаған билеуші әулеттің өкілдері өздерін «каған» деп жариялаған кездері де болған. Елде қағананан кейінгі жоғарғы қызмет «жабғу» болған. Жағбу ханның бас уәзірі, бұл қызметте көбінесе хандық құрып тұрған әулеттің мүшесі сайланатын болған. Қағанның жанында қаған әулетінің белді мм мүшелерінен тұратын қаған кеңесі болған. Көне дәстүр бойынша қаған өзін орнынан түсіруге құқылы кеңестің шешімін жоққа шығара алмайтын. Кейінірек қаған өз билігін нығайтып алған соң кеңес мүшелерін өзі тағайындайтын қаған жанындағы кеңеске ешқандай тәуелді болмаған. Қаған билігі билеуші әулет ішінде мұраға беріліп отырған. Биліктің атадан балаға ғана емес, ағадан жасы үлкен ініге берілу дәстүрі осы Түрік қағандықтары тұсында қалыптасқан. Биліктің дәл кімге берілуі көп жағдайға қарай нақты қалыптасқан әлеуметтік-саяси жағдайға қарай шешіліп отырған. Құтлық (Елтіріс) (679-691) қағаннан сон оның інісі Қапаған (691-716) қаған, онан соң елді Білге қаған мен оның інісі Күлтегін басқарды. Қағанның билігі ағадан ініге өтетін болғандықтан жаңа қағанды елдің беделді адамдардың жиыны сайлап қойған. Ал билік атадан балаға тікелей болмады. Көне Түрік қағанаттырында қалыптаскан хан сайлаудың мұндай дәстүрі кейін қазақ хандарын сайлау кезінде жалғасты. Қаған сондай-ақ жоғарғы абыздың да рөлін атқарды: Кейбір деректерде қағанның «аспан тектес», «аспаннай жаратылғаны» туралы да көп айтылған.
Батыс Түрік қағандығы мен Шығыс Түрік қағандығының мемлекеттік басқару жүйесі ұқсас болды. Түрік қағанатыңда қағанның соң ұлығ, жабғу, тегін, шад, елтебер, тархан, бек, бұйрық, тұтық т.б. сияқты көптеген лауазым иелері болған. Сондықтан да қағандықта көп билік органдары болған. Жабғу, тегін, шад сияқты жоғары лауазымдарға қағанның балалары мен туыстары тағайындалды. Түрік қағандығында қағаннан-бастап ру-тайпа бастығы бектерге дейін жиырма сегіз дәрежелі лауазым иелері болған. Шад лауазымы туралы ғалымдар арасында пікірлер әртүрлі. Мысалы, «Он оқ» елі деп аталған Батыс түрік қағандығында, «оқ» деп аталатын тайпалардың он мың әскері болған және оны «ұлы қолбасшы» шад басқарған. Тіпті әр түменнің өзінің жауынгерлік туы болған. Шад тайпаларды басқару және үнемі бақылап отыру үшін жіберілген қаған әулетінің өкілі. Оның тайпаларының басшыларымен қатыстығына көп нәрсе байланысты болды. «Он оқ» аталатын мемлекеттің бес «оғы» шығысқа, бес «оғы» батысқа бағытталды. Қытай деректерінде бұл жайлы былай дейді: «шығыс жағы бес дулу тайпалары деп аталып, олардың басына бес ұлы шорлар қойылды. Батыс жағы бес нушиби тайпалыры деп аталды. Олардың басында бес ұлы еркіндер тұрды». Бұдан байқайтынымыз, шорлар бес дулу тайпасының басшылары, еркіндер нушеби тайпаларының басшылары. Әр тайпада он мың адам болып оларды шадтар басқарған. Осылай түрік қағанатында әскери әкімшілік жүйе қалыптасқан. Халық бұқарасы шонжарларға ауыр алым-салық төлеп отырған. Түрік қағандығы кезінде үрдіс ұдайы жүргізіліп отырған соғыстарды әскер және ат, азықпен қамдап келген шонжарлар бұрын қауым болып пайдаланып келген шұрайлы жерлерді де жеке немделіп алып отырған. Оларда едәуір дербестік құқық болды. Мемлекеттік лауазымдар жиырма сегіз дәрежеге бөлінгенімен лауазымдардың штаттық шектемі болмады. Сондықтан мұндай мансаптылар барған сайын көбейіп отырды. Оның үстіне бұлардың қол астында әскери күшпен бағындырылған тайпалар болды. Осы жағдайлардың себебінен Түрік қағандығы берік бірлестік жасай алмады. Қағанның күш-қуаты әлсіреген, соғыс жорықтарында үлкен сәтсіздікке ұшыраған кездерде яки жергілікті шонжарлардың жасағы күшейген кезде, олар өздерін қаған деп жариялап, қиянкескі қырқыстар мен ішкі соғыстар туып отырды.
Мұқан қаған кезінде алғаш империя 568 ж. 4-еншілік аймақтан тұрған, ал 576 жылы 8 еншілік аймақтан тұрады. Міне, он жыл ішінде Сары теңізден Еділге дейінгі ұлан байтақ жерді басқару деген оңайға түспеген. Сондықтан Мұқан қаған басқарудың “Енші аймақтың таспиқты жүйесін” енгізген. Ол мынандай түрде іске асырылған. Империя жерин қаған аға-іні,балаларына, жақын туған-туыстарына еншіге бөліп беріп, оны өздеріне басқартып қояды. Ал бұларды ұлы қаған тағына отыру үшін таспих тасы сияқты кзекке тұрғызады. Тек жасы толмағандар ғана ұлы қаған бола алмаған. Ол орынды алу үшін барлық жағынан тәжірибелі болу керек. Кезектегі бектер ерте ме,кеш пе, әйтеуір бір жоғарғы билікті алуға үміттеніп,бүлік, алауыздық дегенді шығармай, өз енші жерін кеңейтуге, нығайтуға күшін сала береді. Міне, соңдықтан да Түрік империясы жері кеңейіп,қуатты өл болып 100 жылдан астам өмр сүрген.
Батыс Түрік қағандығындағы ру-тайпалардың өзара диалектілік айырмасы болғанымен, олар бірыңғай түркі тілінде сөйледі. Осы кезде бұлардың арасында орхон жазуы кең таралып, жазу мәдениеті жарыққа шықты. Кейінгі заманда сол дәуірден қалған орхон жазуымен жазылған тас жазулар көп жерден табылды.
Далалық көшпелелілердің атқарушы үкімет жүйесі мен әскери басшылығы араласып кеткен. Өйткені көшпелі өмір салты, шаруашылықты жүргізу, ұйымдастыру, кеңістік пен уақытты игеру ерекшілігі осыған бейімделген. Сондықтан Еуропа зерттеушілері Еуразия көшпелілерінің мемлекетін әскери аристократия деп атаған. Зерттеу барысында көне және ортағасырлық көшпелілер мемлекетінің ел басқару құрылымын әсркери - әкімшілік жүйеге құрылғанына нақты дәлел келтіріп отыр. Түркі халық-тайпаларының тағдырының әрқилы болғандығына тарих куә. Олардың тағдыры өздерімен көршілес елдермен және өз ағайындарының тағдырымен тығыз байланысты болды. Сол жаугершілік дәуірдегі түркі халықтары өздерінің алыс-жақын көршілерімен, кейде өздерінің туыстас тайпалармен жанжалдасып, жауласып отырған. Ежелгі Түркілер ат құлағында ойнаған жауынгер ел болған, жауласудан қорықпаған, олжа табу үшін, т.б себептермен алыс жақын көршілеріне, қарсы жорыққа шығып, жиі соғысып жүрген. Қағанаттың қоғамы мен мемлекетінің қоғамдық-саяси мәселелерін баяндауда аталған жырларда шындықтан ауытқымауға, нақтылы тарихи көзқарас шеңберіне шықпауға ұмтылыс барын байқауға болады. Түркілер мекен еткен орасан зор аймақта жауласумен қатар достасу, алыс-беріс, сауда секілді қоғамдық-әлеуметтік, саяси қарым-қатынастар тоқтамай жүріп отырған. Өмір өзінің қалыпты арнасына түсіп елдің экономикалық және саяси қуатының артуы күшейген. Олар жақын көрші елдермен әртүрлі қатынастарда болып, сол дәуір шеңберінде қарым-қатынастардың маңызды талаптары мен принциптерін жүзеге асыра білген. Сондықтан да оларды белгілі-бір деңгейде ұстаған. Түркілердің сол замандағы әлемнің ең қуатты, күшті мемлекеттеріне өздерін сыйлата алатындығы айдан анық. Оны біз Күлтегін марқұм болғанда Түркі қағанатына әлемнің түкпір-түкпірінен көңіл айтушы өкіл, елшілердің келгенін, яки Қытайдан, табғаш, Қырғыз қағандығанан өкіл елшілердің келуінен көреміз. Орхон-Енисей жазбаларының мазмұны мен мағынасына қарай көшпенді халықтың өмірі үнемі дүрбелең жағдайда өткеніне көз жеткізсекте, мәдениеті төмен болмаған. Түрік қағанаты рулық-тайпалық құрылымы жағынан бодундар ретінде, әлеуметтік жағынан қаған-бектер, әскери-тайпалық ақсүйектер, қара халықтан тұратын қауым, ал әскери басқарылу құрылымы жүйесі жағынан ел деп сипатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет