Түрік қағанаттарының құқықтық жүйесі.
Түрік қағанаттарының құқықтық жүйесі аса қатты зерттелмеген. Сондықтан бұл туралы деректерде де аз айтылады. Түріктердің құқығының негізі бастауы, қайнар көзі болып әдет-ғұрып саналған. Қылмыстық әдет-ғұрып құқығынын колификацияланғаны туралы деректер бар. Көптеген тайпалардың храмдарында сақталған түрік ережелері бар. Жаза қолданғанда сол ережелерді пайдаланады. Түрік қоғамында малға, түрлі қарулар мен өндіріс құралдарына жеке меншік болған. Тек бұл ғана емес, құлдар да жеке меншік болып саналған. Бірақ жер жеке адамның меншігі болмаған. Жер жеке адамның меншігі болмаған. Жер жеке қауымның, ру-тайпаның меншігінде болды. Жерді бөлуді, пайдалануды қаған, оның атынан ру-тайпа басшылары шешті.
Түріктер көшпелі халық болғандықтан отбасы патриархалдық сипатта болды. Әке отбасы басшысы болды әрі оның айтқаны орындалатын. Ол отбасы мүлкінің, тіпті әйелінің де иесі деп саналды. Әйел еріне тәуелді болғандықтан үй шаруашылығының негізгі ауырлығын көтерді. Ер адам бірнеше әйел ала алды. Әсіресе қаған мен оның әулетінің әйелдері көп болды. Неке сословиялық сипатта болды. Қаған әулеті және билеуші топтар өздеріне тең отбасылармен ғана құда түсті.
Түрік қағанатындағы қылмыстық жаза әр түрі жолмен өтелді. Сатқындық, әскери тәртіпті бұзғаны үшін, қағанға қарсы шыққаны т.б. жағдайларды өлім жазасы қолданылды. Сондай-ақ біреудің әйелін зорлағаны үшін де өлім жазасы қолданылды. Мал ұрғаны үшін оның құны 10 есе артығымен төленді. Біреудің көзін шығарып қойған адам оған қызын беруі қажет болды немесе жылқы төледі. Сот билігі қағанның және оның атынан іс жүргізетін бұйрықтар мен тархандардың қолында болды. Сот ашық түрде екі жақты толық тыңдау арқылы жүргізілді. Түрік қағанаттары сол кезеңде дамыған мемлекеттік құрылыс жағдайында өмір сүрді. Оның мемлекеттік аппаратында көптеген лауазым иелері қызмет етті.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Қасым-Жомарт Тоқаев. «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауы, Ақорда, 2022
https://www.akorda.kz/kz/kasym-zhomart-tokaev-kazakstan-halkyna-zholdauyn-zhariyalady-1624734
2. Н.Назарбаев. Ұлы даланың жеті қыры мақаласы, Ақорда, 2018
https://www.akorda.kz/kz/events/akorda_news/press_conferences/memleket-basshysynyn-uly-dalanyn-zheti-kyry-atty-makalasy
3. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. — Алматы: Атамұра, 2020
Достарыңызбен бөлісу: |