4 практикалық сабақ



бет1/6
Дата08.11.2023
өлшемі24.51 Kb.
#482691
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
Қосалқы пән 4-апта


4 практикалық сабақ
Әлемдік алфавиттер және Қазақстан жерінде жазудың пайда болуы мен дамуы
1. Қазақстан жеріндегі эпиграфикалық ескерткіштер. Таңбалы тастар, олардың деректік, тарихи көрнекілік мәні.
2. Жазу тарихы. Таңбалардың шығуы. Пиктографиялық жазу.
3. Ежелгі дәуірлердегі жазулар, олардың түрлері мен ескерткіштері.
4. Орхон-Енисей жазбаларының зерттелуі.
5.Көне түркі жазба ескерткіштерінің қазақ тарихын дамытудағы, толықтырудағы ролі.
6. Қазақстандағы алфавиттер тарихынан: латын, кириллица.


1.Қазақстан жеріндегі эпиграфикалық ескерткіштер. Таңбалы тастар, олардың деректік, тарихи көрнекілік мәні.
Эпиграфика – қатты материалдарға (тас, металл, қыш, т.б.) жазылған (негізінен ежелгі және ортағасырлық) жазуларды зерттейтін тарихи қосымша пән. Қайта өркендеу дәуірінде пайда болғанымен ғылым ретінде Эпиграфиканың әдістемесі (жазулардың құпиясын ашу әдістері, жазуларды толтыру мен жазылған уақытын анықтау, т.б.) 18 – 19 ғ-ларда жасалды. Египет иероглифтерінің, сына жазуының, микены жазуының құпиясын ашу 19 – 20 ғ-ларда Эпиграфика саласының өрісін елеулі кеңейтті. Дүние жүзі халықтары ерте заманнан пиктог., иерогливтік, фонет. немесе әліпбилік жазудың түрлерін қолданған. Жазылу ерекшеліктеріне қарай олар фразограммалық, логограммалық, морфемограммалық, силлабограммалық және фонограммалық жүйеге ажыратылады. Славян, көне түркі жазбалары фонет. жазу түріне жатады. Көбірек зерттелген Эпиграфикалық жазуларға египет, вавилон, крит, қытай, грек, латын, шумер, ассирия, аккад, финикия, рим, араб, үнді, иран, славян, түркі жазбалары жатады. Египеттік пирамидалар мен басқа да әдет-ғұрыптық құрылыстардағы, тас бағандардағы ең ежелгі иероглифтік мәтіндер б.з.б. 4- және 3-мыңжылдықтардың шекарасында пайда болған. Месопотамия, Сирия мен Кіші Азияның сына жазуымен жазылған мәтіндері б.з.б. 4-мыңжылдықтың соңына жатады және шумер, аккад, хетт, хуррит, элам, урарту тілдерінде жазылған. Жартастарға, сарайлардың қабырғаларына (әсіресе Дарий І мен Ксеркс жазулары маңызды) ежелгі иран сына жазуларымен жазылған мәтіндер б.з.б. 6 – 4 ғ-ларға жатады. Ежелгі Шығыс Эпиграфикасының тарих ғылымы үшін маңызы зор (мыс., Хаммурапи патшаның заңдар жинағы). Үндістан халықтарының тарихы үшін Ашока патша кезіндегі саяси, шаруашылық, діни мазмұндағы мәтіндердің, хараппа өркениеті мөрлеріндегі идеограммалардың маңызы ерекше. Сүйекке, бамбукке, қолаға жазылған ежелгі қытай жазбалары б.з.б. 14 ғ-ға жатады.
Б.з.б. 2-мыңжылдықтың соңынан бастап Библде, Сидонда, Испаниядағы финикиялық қоныстарда діни, ішінара тарихи мазмұндағы финикиялық эпигр. ескерткіштер пайда бола бастады. Карфагендік эпигр. мәтіндер пунилық мәтіндер деп аталды. Финикиялық Эпиграфикаға арамейлік және ежелгі еврей мәтіндері (б.з.б. 9 ғ-дан бастап) қосылды. Буындық жазумен жазылған б.з.б. 11 ғ-дағы ежелгі грек жазулары негізінен Кипр аралынан шықты. Неғұрлым кейінгі уақыттағы (б.з.б. 7 ғ-дан бастап) құрлықтық Грекия, Оңт. Италия мен Жерорта т. аралдарынан табылған жазулар көп және мазмұны жағынан әр алуан: заңдар жинақтары (мыс., Гортин заңдары, декреттер, шарттар, жоғары қызмет атқарушылардың тізімі, сондай-ақ тарихи мазмұндағы мәтіндер), т.б. латын жазулары (б.з.б. 7 ғ-дан бастап) Рим империясының бүкіл аумағы мен одан тыс жерлерден (Солт. Қара т. жағалаулары, Кавказ, Алдыңғы Азия) табылды. Олардың ішінде көлемі үлкен мәтіндер: жер жөніндегі заңдар, “Августың өсиеттері” деп аталған Юлий Цезарьдің муниципалдық заңдары, декреттер, т.б. болды. Антик. қыш ыдыстардағы Эпиграфика шаруашылық пен сауда жөніндегі маңызды деректер болып табылады. Қоғамдық ұйымдардың жазбалары антик. қоғамның әлеум. құрылымы жөнінде деректер береді. Грек-латын Эпиграфикасына этрускілер мен басқа да италиялық тайпалардың жазбалары жатады. Грек және латын тілдеріндегі кейінгі жазулар (Балқан түбегі, Батыс Еуропа) мен ортағасырлық эпигр. ескерткіштер христиандық (қабір басылық және шіркеу-құрылыстық) Эпиграфикаға жатады. Ежелгі герман тайпалары руналық жазулар қалдырған. Орта ғасырларда араб жазуымен құрастырылған және әр түрлі халықтарға тиісті жазбалар Атлант мұхиты жағалауларынан Тынық мұхит жағалауларына дейін таралды. Кавказ халықтарының тарихы үшін саяси және мәдени тарихтан деректер беретін армян және грузин жазбаларының маңызы зор. Кириллицамен жазылған алғашқы славян ескерткіштері (10 ғ.) Солтүстік Македониядан, Сербия, Хорватия мен Чехиядан табылды. 6 ғ-дан басталған түркілік руналық жазбалар Моңғолиядан бастап Венгрияға дейін таралды. Қазақ жері Эпиграфикалық жазбаларға бай. Көрнекті Эпиграфикалық ескерткішке “Әулиеата жазуы”, “Сырдария жазуы”, “Ұлытау жазуы”, “Кеген жазуы”, “Ұзынсу жазуы”, “Есік жазуы”, “Бөріжар жазуы” жатады.Қазақстан Эпиграфикасын дамытуға Ш.Уәлиханов, А.Диваев, И.А. Кастанье, І.Сәтбаев, Ғ.Мұсабаев, А.Махмудов, Ғ.Айдаров, А.Аманжоловтар өз үлестерін қосты. С. Бизақов.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет