Т¦рышев айтм¦хамет


Кірме сөздердің қазақ тіліне ену кезеңін



бет3/22
Дата19.02.2024
өлшемі0.98 Mb.
#492404
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
b221

2 Кірме сөздердің қазақ тіліне ену кезеңін
дәуірлеу

Кірме сөздердің қазақ тіліне енуінің нақты, тиянақты пікірі орныққан жоқ деуге болады. Бұл арада мынаны еске ұстауды қажет етеді. Қазақстанның территориясында алғашқы қазақ хандықтары XV ғ. шықты. Олар жергілікті экономикалық, этникалық негізінде қалыптасты. Қазақстан территориясында бұған дейін болған мемлекеттік құрылымды ХІІ ғасырдың басында қидандар, қарақытайлар болып кірсе, ХІІ ғасырдың аяғында монғолдықтар монғолдандыруды тездетті. Кейіннен бұлар түркі тайпаларының құрамына сіңіп кетті. XV ғ. дейінгі этникалық, тілдік, нәсілдік, мәдени элементтердің барынша бөлшектену, қосылу, ажырасу, апат болу, бірігу, жер ауып кету дәуірі болды. Әрине, жергілікті тайпалардың халық болып бірігуіне кері әсерін тигізді1.


Мұның алдында айтылғандай, славян тілдері, түркі тілдеріне қарым-қатынастық негізінде енді. Не керісінше болды. Бірақ, бұның бір ерекшелігі, қазақ халқының қалыптасуына дейін енген сөздер еді. Зерттеушілер көбіне кірме сөздердің енуін бергі дәуірден ғана қарастырады. Мысалы, бізге айқын көрінетін кезең - Октябрь революциясынан бұрынғы және соңғы екі кезең:
1 Ұлы Октябрь революциясына дейінгі кезеңде сөз ауысу процесін бүтіндей алсақ, оның өзін шамамен үшке бөлуге болады:
а) XVII ғ. басына дейінгі дәуір. Бұл кезеңге дейін орыс халқы мен қазақ халқының арасында жалпы байланыс болғанымен, қазақ даласына қалалар салынбағандықтан, екі халық арасындағы қарым-қатынас жай араласау ретінде ғана болған.
б) Одан кейінгі кезеңдегі қарым-қатынас күшейе, өрістей келе XVII ғ. басынан бастап орыс халқы мен қазақ халқының қоныс араласуы, қазақ даласына қалалар, бекеттер салына бастауы, бертін келе переселендердің келе бастауы сияқты фактілермен, базар арқылы қарым-қатынастардың күшеюімен байланысты қазақ тіліне орыс тілінен көптеген жаңа сөздердің ауысып келуіне кең жол ашты.
в) Үшінші кезең-қазақ халқының әкімшілік жағынан орыс қатынасына әбден қараған кезі-XIX ғ. екінші жартысы еді. Бұл Россияның экономикасында ірі өзгерістер болып, капитализмнің дами бастауы, қазақ даласына келген орыс демократтарының қазақ халқының мәдениетін, әдебиетін шұғыл зерттей бастауы, қазақ арасында мектептердің ашыла бастауы арқасында екі елдің мәдени-ағартушылық қарым-қатынасының күшейе түскен кезі еді. Осындайлар нәтижесінде орыс тілінен сөз ауысу да табиғи нәрсеге айналды. Осы процесс үзілместей өрлей отырып, Ұлы Октябрь революциясына дейінгі кезеңдерді түгел қамтиды1.
2 Профессор Ғ. Мұсабаев орыс тілінен ауысып енген сөздерді шамамен үш кезеңге бөледі2.
а) Бірінші кезең - XVII ғ. басына дейінгі кезең. Бұл кезеңде қазақ халқының орыс халқынан шаруашылық жағынан қарым-қатынасы одан кейінгі кезеңдердегі дәрежеде болған жоқ. Дегенмен қазақ тіліне бірлі-жарым сөздер сол кездің өзінде-ақ ене бастады. XIV-XV ғ. дейін, түркі халықтарының ара-жігі ашылмай тұрғанда, түркі тілдерінен орыс тіліне ауысқан көптеген сөздер бар. Қараңыз3. Бұл турасында зерттеудің алдында айтқанымыз дәлел бола алады.
б) Орыс тілінен ауысып енген сөздердің тарихи екінші кезеңі XVII ғ. басталады да, XIX ғ. екінші жартысына дейінгі мерзімді қамтиды. XVII ғ. бері қарай орыс тілінен сөздің ауысып енуі күшейе түскен4. Бұл кезеңде, қазақ халқының халі, әсіресе, XVII ғ. аясында, XVIII ғ. басында өте ауыр болды. Қазақстанды жоңғар қалмақтарының жаулап алу кезеңі төнді. Қазақ халқына әрдайым достықпен қараған бірден-бір мемлекет Россия болды. XVI ғ. өзінде басталған1 орыс және қазақ ұлтының арасындағы достық қазір әлі жалғасуда.
в) Орыс тілінен ауыса енген сөздердің үшінші кезеңі XIX ғ. екінші жартысынан бастап, Октябрь революциясына дейінгі уақытты қамтиды. Бұл турасында М. Орашеваны қараңыз2.
Орыс тілінің қазақ тіліне ену кезеңін дәуірлегенде Б.А. Сүлейменова аздаған өзгерістермен үш кезеңге бөліп қарастырады 3:
1 XVII - XIX ғ. арасы;
2 XIX ғ. мен XX ғ. 30-жылдарына дейін;
3 1930 жылдардан қазірге дейін.
Профессор М. Балақаев: «Бұлай болу барынша шартты. Алдымен орыс тілі кірме сөздердің қазақ тілі тарихына енуі XVII ғ. басталады дегенді шартты түрде ғана айтуға болады4. Бұл құбылысты тек халық тарихының белді белестерімен де ұштастыру жеткіліксіз болар – деп жазды атақты ғалым І. Кеңесбаев5. М. Балақаев та орыс тілінің ену тарихын екі кезеңге бөліп қарастырады. Ол: Октябрьден бұрын, екінші дәуірі социалистік Ұлы Октябрь революциясынан кейін басталады – деп жазды6. Кейіннен тіл білімін зерттеушілер дің шет тілінен енген сөздерді екі түрлі кезеңге бөліп қарастыру кең етек алды. Орыс тілі жалғыз қазақ тіліне емес, түркі тілінде сөйлейтін халықтардың бәріне - әзірбайжан, башқұрт, қарақалпақ, татар, тува, түрікпен, өзбек, ұйғыр, хакас, якут, т.б. көптеп енді. Олардың ішінде Қазан революциясына дейін де, кейін де енгендері ұшырасады.
Орыс тілінен енген сөздерді екі кезеңге бөліп қарастыру тіл ғылымдарының басты назарында болды. К. Аханов1, Т.Р. Қордабаев2, М. Балақаев, Е. Жанпейісов, М. Томанов, Б. Манасбаев3 атап өтсе, ғалым Асылбек Тасымов «Еділ бойы қазақтары орыс халқымен ерте кезден араласқанын ескерген жөн»4 - деп, XVI ғ. 50 - жылдарын меңзейді.
Осыған орай, түркі тілдері мен орыс тілінің байланысы ерте кездерден5, ал қазақ тілі орыс тілімен XVII ғ. 70-жылдарынан байланысқа түскенін айтады6. Осы дәуірлердің ішінде Қазақстан мен Орта Азия тілдеріне көптеген сөздер келіп енген. Олардың көпшілігі түркі тілдерінің ырқына көніп, әрбір ұлт тілінің фонетикалық, грамматикалық заңдылықтарына бағынып кеткен7.
Р.Сыздықова: «Өткен ғасырдың басынан бастап 60 - 70 жылдарына дейінгі қазақ тілінің алдыңғы кезеңдерінен бір айырмашылығы - оның лексикалық құрамына орыс сөздерінің ене бастауы» - дейді8, профессор Ғ.Мұсабаевтың орыс тілінен қазақ тіліне сөздің ауысуы процесінің үш кезеңін ХVІ ғ. дейінгі, ХVІ ғасырдан ХІХ ғ. ІІ жартысын атап өтеді. «Бірақ зерттеуші бұл сөздердің қолданылған жерлерін көрсетпейді» - деп, жазды9. Славян тілінен енген сөздер түркі тіліне қандай ортақ болса, қазақ халқына да сондай ортақ болып табылады. Түркі дәуірінен енген көне сөздер тілімізде төл сөз есебінде әлі де қолданылады. Уақыт өте бұл сөздердің қолданылған дәуірін қағаз бетінде ғана көретін боламыз.
Кірме сөздердің енуін ең алдымен басты - басты екі дәуірін бөліп қарау керек сияқты.
1 Қазақ халқының ұлттық кезеңінде дейінгі кірме сөз.
2 Қазақ халқының ұлт болып қалыптасқан кезеңіндегі кірме сөз. Бұл кезеңдерді іштей былай таратуға болар еді:
Алғашқы кезең VІІ - ІХ ғасыр көне түркі дәуірі славян сөздерінің түркі тіліне, түркі сөздерінің славян тіліне енуінің бірте - бірте күшейе түсуі. Аралас - құраластықтың, құдандалықтың, некелік тілдің дамуы. Бұл турасында (қағандар мен князьдардың құдандалығы алдыңғы беттерде айтылды). Кірпіш, саман, қамыт, шана, үтек, сол қарым - қатынастың, дәуірдің жемісі. Түрік тіліне енген Хорезми: Афлотон (231-ЕДӘ), кимийасын (234-ЕДӘ), Қожа Ахмет Йассауи шығармасын аударғанда хрестианин сөзін қосып жіберген (ЕДӘ-167), Өзбек нұсқасында: ожизни (183) ұқсас сөздері кездеседі.
Екінші кезең: Х-ХV ғасыр аралығы түркі тіліне славян сөздері аз мөлшерде енді. Оның себебі, өзара қырқысып келген қағандық тайпаларды ХІІ ғасырдың орта кезеңінде Орта Азияны арабтар жаулап алды. Осындай тартыста Түркеш қағаны Сұлу өлтірілді. Орыс жылнамаларындағы «Сұлу» деген сөз кездесетіндігін жоғарыда жаздық. Х-ХІ ғасырдан Қараханидтер мемлекеті үстемдік етсе, ХІ ғасыр қарақытайлар шабуыл жасап, басып кірді. ХІІ ғасырда монғолдардың ұзақ жылғы боданы басталды. Кейіннен басып кірген мемлекеттердің әскері ыдырап, тойтарыс тауып отырды да жергілікті – жердің халқына сіңіп кетті. Қазақстан территориясын басып кірген басқыншылар оның тілімен әдет-ғұрпын қабылдады. Соғыс кезеңінде безіп кеткен ру-тайпалар өз отанына қайтып оралды. Қарақытай, монғолдардың процесі Қазақстан жеріне өзінің этникалық, тілдік, нәсілдіктің кейбір элементерін егіп үлгерді. Теперішті көрген ру-тайпалар біріге бастады. ХV ғасырда алғашқы қазақ хандықтары шықты. Ноғайлы, Өзбек, Сібір хандықтары сол кезде пайда болды. Қазақ халқының қалыптасу процесі, қазақ хандықтарында ХVІ ғасырда орын алды. «Қазақ» - деген этоним, өзінің атымен қалыптасқан хандықтан бұрын шықты. Қазақ (қас сақтардың) бір тұқымы еді. Бірақ «қазақ» сөзінің шығуы жөнінде қилы-қилы пікірлер өте көп. Алғашқы «қазақ» атауын Фердоусидің «Шахнамасынан», ұшырата аламыз. Бұлардың өзі арнайы зерттеуді қажет қылады. ХVІ ғасырда қазақ халқы алғашқы дәстүріне қайтып оралып, бір-бірінен оқшауланған кезінде үш түрлі шаруашылық ауданына бөлінді. Міне, осындай қилы жағдайлар славян тілінің көктей енуін тежеді. Орыс мемлекетімен шығыс жақта Х ғасырдың өзінде байланыс жасаған оғыздар (Мавераннахрда, Хорасанда) оларды ертіп жүрді. Монғол шашқыншылығынан кейін (Көкорда, Алтынорда) иелігіне қарап, түрік және славян-орыстар елінің арсындағы байланыс ұзақ уақытқа үзіліп қалды.
Үшінші кезең. Қазақстандықтардың Россияға қосыла бастауы. Қазақ хандықтары туралы орыс деректемелеріне алғаш сөз алған кез ХVІ ғасыр. ХVІ ғасырдың 50 - ші жылдарында Қазан және Астархан хандықтары жойылды. Поволжье халықтарының Россияға қосылуы орыс мемлекетінің шекарасын Қазақстанның территориясында жақындатты. Россияға қазақ хандықтары мен сауда байланыстарымен шығуына жағдай жасады. Ноғай ордасындағы Москва елшілері Данила Губин /1534/ мен Семен Мальцев /1569/ қазақ феодалдарының ноғайлармен және Бұхарамен жүргізген соғыстары туралы хабарлаған. Осының артынша 1573 жылы Иван ІV қазақ ханы Хақназарға Третьяк Чебуков деген арнаулы елшісін жіберген. «Оның ұлы Хак-Назар-хан. Ханық-сұлтан-ханымнан туған... Хақ-Назар-хан өзара болған қақтығыстарда апат болды. Оның ұлдарынан патшалық біржола кетті» - деп жазды Қадырғали би Қосымұлы өзінің жылнамаларында1. ХVІ ғасырдың 90-шы жылдарында достық одан сайын күшейді. Тәуекел хан, Россиямен одақ жасауға мүдделі болды. Москвада елшілікте болған Құлмұхамет, орыс әскерімен шведтерге қарсы жорықта болған. Оразмұхамед қазақтар мен орыстардың жақындасуына үлкен қызмет атқарды. Көшім ханның талқандалуы орыстардың Батыс сібірді ғана жаулап алуымен шектелмей үлкен қамалдар мен селениелер салынды: Тюмень, Тобольск, Верхотуры, Тара т.б. ХVІІ ғасыр басында Омбы салынды. Сөйтіп, орыс халқының Батыс Қазақстанға қоныстауы күн сайын арта бастады. Бұның нәтижесі 1620 жылы Жайық /Орал/ қаласын дүниеге әкелді. Әрине, қазақ халқының өз ішінде орыс елінің басқыншылық әрекетін айыптап, кіші-гірім партизандық соғыстар болып тұрды. Тіпті, ойраттармен Көшім хан ұрпақтары Батыс сібір өктемдігіне қарсы болып, соғыс жүргізіп отырды.
ХVІ ғасырда жазылған «Үлкен Сызықша-карта кітабында» Оралдан бастап, Каспий мен Арал теңізіне, Ұлытау мен Қаратауға нақты белгілер қойылған, Айталық, 1645 жылы Михайл Гурьев деген көпестің есімімен Гурьев қаласы /қазіргі Атырау қаласы/ 1715 жыл Ямышево /Ой қала/ негізінде Павлодар қаласының негізі салынды. 1716 жылы Омбы, 1717 жылы Железинск, 1718 жылы Семипалатинск /қазіргі Семей/ қамал - бекініс, әскери горнизондар салынды. Сөйтіп, шошайған мылтықтың ұшымен, зеңбіректің күшімен бұратана халыққа сес көрсетіп, тыбыр еткізбей қойды. Бірінші Петрдің пікірі мен орыс помещиктерінің, көпестерінің ортақ ойы тоғысып, қазақ жерін отарлау ептеп жүргізіле берді. ХVІІІ ғасырдың басындағы сыртқы-ішкі жағдай қазақ халқының қол-аяғына білдірмей темір бұғау сала берді. Экономикалық, саяси байланыс Қазақстанның Россияға қосылуын дайындады. ХVІІ ғасырдың 30 жылдарында қазақ хандығының шығыс, оңтүстік - шығыс шекарасында пайда болған Жоңғар әскери-феодалдық мемлекеті ХVІІ ғасырдың аяғы, ХVІІІ ғасырдың басы қазақ жеріне басып кірді. Бұл соғыс ХІІІ ғасырдағы моңғолдармен болған соғыстан бірде-бір кем соқпады. Орынбор экспедициясының бастығы И.Кириллов кейіннен былай деген-ді: «Егер де жалпы ауызбірліктері болған болса, қазақтар басқыншыларды жеңіл шыға алған болар еді. Бірақ, олардың бір ханы соғысқа шығатын болса, екіншісі соғысуды қояды, сөйтіп өздерінің иеліктерін қалмақтарға жем қылып, жұрдай болып шыға келеді» -дегені шындықтың аулынан алыс кетпеді. 1726 жылы Әбілхайыр хан өзінің елшісі Қойбағар Көбековты Петербургке жіберіп, Кіші жүздің старшындарын /қол астына алу/ жөніндегі тілегін жеткізді. Кейбір, қазақ феодалдары Жоңғарияға бейім болғанына назаланып 1731 жылы 19 февральда император Анна Иоановна Кіші жүзді Россия қоластына алу туралы берілген грамотаға қол қояды. Сол жылғы қазақ старшындарының 10 октябрьдегі қаулысы Қазақстанның Россияға қосылуының негізін салды.
Қазақстанның Россияға қосылуы да қиынға соқты. Батыр, Барақ сұлтандар күрес ұйымдастырып, ашық соғысқа шығып отырды. 1740 жылы Орта жүз Россияға келіп қосылды. Дегенмен, қазақ хандығының бір бөлігінің Россияға қарсылығы жоңғарлардың Қазақстан территориясын қайта басып алып, өздеріне қаратып алуымен тынады. Бұл аралықта Россия бағынған Қазақстан жерлерін азат етіп, шекараны нығайтты. 1738 жылы Ұлы жүз ханы Жолбарыс Россияға қосылуы өтініш берді. Қазақ жерлерінің Россияға қосылуының арты патша үкіметінің отарлау саясатына айналды. Қалалар мен бекіністер салынды. Қазақстанға орыс халқы үсті - үстіне ағылды. Қарашекпенділер қаптап кетті. Қазақтар орыстарға мал /қой, жылқы/, мал шаруашылығының өнімдерін /түйе жүні мен қой жүнін ешкі түбітін, қой терілерін, елтіріні, мал шикізаттарынан жасалған бұйымдар/ киіз, жүнінен тоқылған кілемдерді, тұлып тондарды, түлкі, қарсақ, қасқыр терілерін айырбастап отырды. Россиядан Қазақстанға мата /шұға, барқыт, кенеп, бөз/ былғары және былғарыдан істелген бұйымдар, ыдыс, үй-ішінің бұйымдары, бояу материалдары, сонымен қатар галантерея товарлары әкелініп отырды. Қазақстандағы қалалар сол жердің өзінде сауда орталықтарына, айырбас орталығына айналды. Бұл қалалар арқылы Қазақстанға орыс мәдениеті ене бастады. Орыс сөздері, жаңа сөздермен ұғымдар Қазақстанның қалаларында жұртқа тарап, қазақ халқы мен орыс халқының жақындасуына мұрындық болды. Сол кезде қазақ елінде ел билеудің хандық формасы біртіндеп ыдырай бастап, патшалық тәртіп бойынша жаңадан әкімшілік ел билеу орындарының құрылуы, сонымен байланысты: болыс /волость, волостной/, ыстаршын /старшина/ песір /писарь/, шенеуник /чиновник/, өрендік /урядник/, жандарал /генерал/, сот /судия, суд/ ауылнай /аульный/, атпекет /адвокат/, уез, ойез, ояз /уезд, уездный управитель/ потшабай /почтовый/, сияз /сьезд/, шен /чин/, шар салу /избирательный шар/ тюрьма /түрме/ правитель /правител/, закон /зәкүн/, штраф /іштірап/, күшер /көшір/, князь /кінез/, пристань / пристән/ майор /майыр/ т.б. сөздер келіп орнықты.
Сауда-саттыққа, өмірлік бұйымдардың атауына байланысты: жәрменке /ярмарка/, көпес /купец/, лавке /лавка/, пірканшік /приказщик/, пұт /пут/, десте /десятина/, сиса /ситец/, сәтен /сатин/, бәтес /батист/, шәйнек /чайник/, шай /чай/, самауыр, самаурың /самовар/, патнос /поднос/, үстел /стол/, жәшік /ящиқ/, бәтеңке /ботинки/, доға /дуга/ т.б. Бұл келтірілген сөздердің кейбірі түркілік түбір тұлғасы болып табылады. Мысалы: ярмарка (жар // яр), түбір тұлғасы жар (Қызылжар, Үржар) осы негізде жәрмеңке, жәмшік, жәшік сияқты туынды түбірдің фонетикалық өзгеріске танымастай түскен түркінің төл сөздері пісіп жетілді. Дуга (таға // доға) т.б. этимологиялық зерттеу арқылы түбір тұлғасын тауып алып, түркінің көптеген төл сөздерін қайрып әкелуге болар еді.
Егер де ХVІІ ғасырдың алғашқы жылдарында /1602/ Қадырғали бидің «Жамиат-тауарих» /Жылнамалар жинағы/ көрәл/ корольдық, королевство/ укристан/христиан/ Барис Федурауч, лапканың, рус/орус/ басқа да сөздер кірме сөздер болып табылады.
Төртінші кезең. Қазақстанның ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы экономикалық және саяси жағдайға байланысты енген сөздер. Сауда, саттық, жәрмеңкелер көбейді. Россиядан Қазақстанға дөрекі мауыт, шыт, бөз, китайка, қазан, темір, ошақ, балта, пышақ сияқты металл бұйымдары көп әкелінді. Орыс көпестері: айна, жіп, ине, немесе галантерея бұйымдарын да сауда еткен. Жәрменкеге мақпал, қамқа, асыл аң терілері де түсіп отырған. Әрине, бұған байланысты тілімізге мынандай сөздер келіп енді: десятина /десәтина/, феодал /шонжарлар/, солдат /салдат/, товар /тауар/, сторшина /старшина/, отряд /әтірәт/, ярмарка /жәрменке/, самоварь / самауырын/, кровать /керует/, ведро /бедре/, ящик /жәшік/, бутылка /бөтелке/, пуховой /бөкебай/, ботинка /бәтенке/, ситец /сиса/, батист /бәтес/, гир /гір/, бархыт /барқыт/, фуфаика /күпәйке/, голош /гәлөщ, труба /тұрба/, /мұржа/, чайник /шәйнек/, чай /шай/, поднос /патнос/, саня /шана/, чугун /шөген/, восьмушка /әшмөшке/, әшмәшке шай, бочка /бөшке/, калач /калош/, бревно /бөрене/ т.б.
ХVІІІ ғасырдың 30 жылдарында-ақ басталған қазақ жерлерінің Россияға қосылу процесі осылай аяқталды. Патша өкіметінің Қазақстанда отаршылық саясат жүргізгеніне қарамастан, Қазақстанның Россияға қосылуы үлкен прогрестік маңызы болды. Қазақстанның Россияға қосылуының қазақ халқының экономикалық және мәдени өмірі үшін зор маңызы болғанын айтпаса да болады. Бұл қосылу Қазақстанға Россияның неғұрлым алдыңғы қатарлы экономикасы мен мәдениетінің енуіне мүмкіншілік тұғызды. Өлкеде егіншілік дамыды, өнеркәсіп орындары пайда бола бастады. Қазақ пролетариатының қалыптасу процесі басталды. Ең алғашқы орыс-қазақ мектептері пайда болды, оларда оқу орыс графикасы негізінде қазақ тілінде жүрді. Патша өкіметінің отаршылық ниетіне қарамастан, бұл мектептер қазақ халқын орыс халқының мәдениетіне тарту ісінде прогресшіл роль атқарды.
Патша өкіметі Қазақстан жеріне ене түскен сайын отаршылық езгісі күшейе түсті. Қазақ жерін тартып алу басталды. Кейбір, қазақ байларының екі жүзділік саясаты қарапайым қазақ халқының ашу-ызасын туғызды. Алда, ұзақ та, ауыр езушілерге, жаулап алушыларға қарсы күрес тұрды.
Себебі: Патша өкіметі отарлауының аржағында жергілікті халықты құндақта ұстап, сауатсыз, надан ұрпақты көргісі келді. Бұл туралы өздері жазып та отырды. Мысалы, Орынбор шекара комиссиясының председателі Ладыженский 1847 жылы Орынбордың әскери губернаторы генерал Обручевка жазған қағазында бұл саясаттың негізгі принциптерін сипаттай келіп, сыртқы істер министрлігінің Азия комитеті председателі қазақстан жөніндегі саясатта « ...орда /қазақ даласы/ патша үкіметінің қамқорлығынан тысқары тұратындай, сөйтіп даланы басқан надандық түнегінде селт етпей үнсіз жатып, алым-салық төлейтін мылқау, меңіреу күйінде қалатындай ету керек деген пікір басым болуға тиіс деген көзқарасты қолдайтынын айтқан1. Осы сарындағы екінші документ 1830 жылы Орынбор әскери губернаторы граф Сухтеленге жазған хаты да осы саясатты дәлелдейді: Мен қырғыздардың /қазақтардың/ қамын жеп, олардың көзін ашып, оларды еуропалық халықтардың дәрежесіне жеткізбек болатын филантроптардың осындай әсіре тілектеріне әуес емеспін. Қырғыздардың /қазақтардың – автор/ мәңгі-бақи көшіп жүретін малшылар болып қалуын, олардың еш уақытта егін екпеуін, ғылымды ғана емес, қолөнерін де білмеуін шын ниетпен тілеймін» - деп жазады2.
Россияға қосылғанға дейін Қазақстанда молдаларды және басқа діни қызметкерлерді даярлайтын діни мектептер мен медреселер болды. Түркі тайпаларының өз ара соғысы VІІІ ғасыр «Орхон Енисей», «Күлтегін» жазуының бізге жетуін тежесе, араб, моңғол, жоңғарлардың отарлау саясаты да қазақтың төл жазбасының жетуін бөгеп отырды. Кейбір жазбалық дүниелер 100 жылда бір рет пайда болып, қайта жоғалып арасының үзіліп қалуы содан болса керек. Мысалы, «Оғызнама» /ІХ ғ/, «Дәдем Қорқыт кітабы» /ІХ ғ/, «Құталғу білік» /ХІ ғ/ сияқты хатқа түсіп жеткені бар.
Қыпшақтардың нағыз өрлеп тұрған кезде ХІІ-ХІV ғасырда хатқа түскен «Кодекс Куманикус» /ХІІІ ғ/ «Терджуман турки уа араби» /ХІІІ ғ/, «Китаб ал-идрак ли-лисан ал-атрак» /ХІV ғ/, «Китаб ат-туһба аз-заки филұғат ат-түркийа» /ХІV ғ/ т.б. сол дәуірдің сөйлеу тілінің ескерткіші болып табылады. Қыпшақтардың ауызекі сөйлеу тілінің заттық /сөздік/ көрінісі мен грамматикалық, фонетикалық сипатын Махмұт Қашқари /ХІ/ сөздігі де танытады.
ХІІ-ХVІ ғасырдағы түркі жазба ескерткіштері: Рабғұзидің «Қысас ул-анбия», «Абу Хайанның «Китаб ал-идрак ли-лисан ал-атрак» сол сияқты «Орта азиялық тефсир», Сеиф Сараидың «Гүлистаны», Кутбтың «Хосрау уа Ширины», Хорезмидің «Мухаббатнаме» атты поэмалары т.б.
ХV-ХVІІІ ғ.ғ. ауызша тіл өнерінің ақын-жырау, би-шешендердің де ауызекілік дүниелерін тілге тиек еткен жөн. Мұның сыртындағы бай ауыз әдебиеті өз алдына бір жатқан мол қазына еді.
ХVІ-ХVІІ ғасырда Оразмұхаметтің кітапханасында сақталған, қазір қолға түспейтін көптеген кітаптар, шежірелер болған. Әбілғазы Баһадүрханның «Шежіре и түрік» атты кітабы, Қадырғали бидің «Жами-ат тауарих» атты шығармасын атаймыз. Бұдан кейін Асан қайғы дәстүрінен бастау алған, Бұхар бастаған поэзия өкілдері жалғасын тапты. ХVІІІ ғасыр мен ХІХ ғасырдың І жартысындағы ресми іс-қағаздар мен хаттар, сәлем хаттар, дұғай сәлемдер /1785-1828/ жылдар аралығындағы жадығаттар тілімен танысуға мүмкіндік беріп отыр.
Дегенмен, қала, қалашық маңындағы қонақтар ғана мұсылманша хат танымаса, сөздің расы керек қыр елі ауызекі сөзге болмаса қара танымады. Бұл орайда Қожа Мұхамет-Салық Бабажанов: «1801 жылғы дейін біздің қырғыздар «хат» дегенді мүлде білмеді, оны олар аспанға ұшу сияқты құдіретті құбылыс деп есептеді» - дейді1.
Білімнің мұнша төмен болуы, менің ойымша, қырғыздардың /қазақтардың-автор/ сол кезде танымы мен сауатың ашуы үшін қаражаты жетімсіздігіне байланысты еді» - деп, жалғастырады2.
Ислам дінін түсіндіретін татар молдалары қазақ арасында осы діннің құдіреттілігін, ас-су ішіп құрметке бөленуге болатындығын дәлелдеп бақты. Қазақтарда мұны көріп оқу мен білімге деген құштарлықтары ояна бастады. Білімнің пайдасын ұққан аухатты қазақ байлары өздеріне үй молдаларын ұстады. Аухатты адамдар сол кездің алдыңғы қатарлы адамдары деп есептелді. Ал орташалар сол аухаттыларды жағалай балаларын оқытып қалуға тырысты. Қазақ дінге сенбеді. Діни қағидаларды халықтық ережелермен ұғымдарды шатастырып алды. Дін ішкі қазақтарға жетпеді. Бала жаттауды білсе де, жазуды білмеді. Діни оқудың да өз қиыншылықтары болды. Мұғалімдер жетпеді. Байлар кедей балаларының оқығанына қозы-лақ баққанды артық көрді. Оқу оқып, жазу жазғанға әдеттенбеген елге, оқу қажеттілігі сезінсе де ынта-жігер жағы жетпеді. Оның үстіне молдалар оқытудың жөн-жозықсыз әдісін /тіл бұрау, құлақ бұрау, ұрып-соғу/ сияқты қолданды. Бұндай оқиға ішін - ара болмаса жаппай етек алмады. Байлардың да қазақ ішіндегі баларды, әсіресе жетім баларды орыс оқуына жіберіп, қаражатын төлеп отырғаны қазір белгілі болып отыр.
Ел ішінде «Молда келе жатыр», «Молдаға айтамын» деген сөздің күнделікті мәтелге айналуы тегінен тегін болмады. Дегенмен, мұсылман оқуының да прогрестік мәні болды. Сауатты, тақуа молдалар шәкіртерінің тілін сындырып Бұқара, Самарқант, Уфа, Қазан медіреселеріне жіберіп отырды.
Мұсылмандар мектебі: туралы Ысмағил бей Ғаспірәлі «Орыс ішіндегі мұсылмандар» /1881/ жылғы мақаласында егжей-тегжейлі жазды. Ол «Діни академияға пара-пар жоғарғы мектептер-медіреселер де мұғалімдер семинариясы мен жалпы білім беретін мекемелер де жетерлік барлық дінбасылары мен ғалымдар /үлемдер/ бастауыш білім ошақтарының /мектептерінің/ барлық мұғалімдері /қожалар/ мұсылмандардың білімінің имандылығы мен қарапайымдылығының бірден-бір қайнар бастауы болып табылады» -дейді1. Үстем жазба араб жазбасы болды. Бұл жазба қазақ арасына ислам дінімен бірге тарады. Араб алфавитінде қазақ тілінің кейбір дыбыстарын беруге керекті әріптер болмады. Оның үстіне қалыптасқан орфографиялық ереже де болмады.

























Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет