Т¦рышев айтм¦хамет


Қазақстан орыс империализмінің системасында



бет5/22
Дата19.02.2024
өлшемі0.98 Mb.
#492404
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
b221

4 Қазақстан орыс империализмінің системасында




XIX ғасырдың аяғында XX ғасырдың басында қазақтардың өзіндік көпестері, байлары рыноктік талаптарына бейімделді. Сөйтіп, XX ғасыр басында қазақ арасында мектеп, медреселер көбейіп, кітап шығару ісі де дамыды. «Серке» газеті 1907 жылы Петербургта шыққан. Редакторы Хажы Ыбырайымов болған. «Қазақ газеті» 1907 жылы март /наурыз-автор/ айында Троицкіде шықты. Шығарушылар Хайм Шумлих Сосновский, бастырушылар Жетпісбай Андреев, Ешмұхамбет Иманбаев болды. «Қостанай» газеті 1911 жылы 13-14 саны шығып, тоқтады, шығарушысы Елеусін Бұйрин деген кісі болған еді. Бұдан соң «Айқап» журналы /1911-1915/ 89 саны шығып тоқтады. Алғашқы редакторы Мұхамеджан Сералин болды. «Ешім даласы» /1913/, «Қазақ» газеті Орынборда, 1913 жылдан 1918 жылға дейін шығып тұрды. XХ ғасырдың басында шыққан кітаптар жөнінде Е.Кенжебаев жазған болатын1. Бұдан кейін қазақ мектебінің хал-ахуалы Ә.І.Сембаевтің кітабында жан - жақты сөз болды2. 1905-1907 жылдардағы кітап бастыру, мерзімді баспасөз ісі басқа да әдебиеттерде көрсетілді. Қазақ ССР тарихы3, Ә.Жиреншин4. Сөйтіп, қазақ халқы орыс елімен бірге тарихи - әлеуметтік оқиғаларды бірге атқарып, XX ғасырға аяқ басты. XX ғасыр өзіміз оқып білгендей күрделі уақиғаларға толы болды. Әр ғасыр өз ішінде 10 жылдық, 20 жылдық айшықты ерекшеліктерімен белгілі болып отырды. Мысалы, 1914-1917 империалистік соғыс пен буржуазиалық демократиялық февраль революциясы - бұл бір кезең болса, 1917 жыл Қазан төңкерісінен бастап – 1940 жылға дейінгі дәуір. 1941-1945 жылдар Ұлы Отан соғысы кезеңі, 1945-1961 жылдарға дейін соғыстан кейінгі шаруашылықты қалпына келтіру дәуірі болды. 1961-1990 жылдар даму, бейбіт өмір сүру кезеңі еді. 1990 жыл Қазақстан республикасы үшін ең бір айтулы кезең басталды. Жаңа дәуір сағаты соқты. Еліміз тәуелсіздігін алып, Егеменді ел болып, өзге мемлекетпен тереземіз тең болдық. Бірақ, бұрыннан қордаланып қалған мәселені бір күнде шешіп тастау мүмкін емес еді. Қазақ халқы ежелден келе жатқан Орыс елімен достықты сақтап қалды. Екі мегополюстің ортасындағы жас Қазақстан мемлекетіне бәрінен бейбіт достық қымбат еді. КСРО - дан мұра болып қалған орыс тілі қазақстандық орыстар үшін және басқа ұлт өкілдері үшін ана тілі есебінде болды. Сондықтан да, орыс тілі /Қазақстанда ресми тіл/ ретінде қабылданды. Қазақ тілі мемлекеттік тіл статусын алды. Бұл үлкен жетістік еді. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтің көрегендігі арқасында еліміз тыныш достық жағдайында барлық қиыншылықтарды жеңіп келеді. Біз батпандап кірген ауруды бір күнде шығара алмаймыз, оған уақыт керек болар. Қазақстанда тұратын ұлыстар мен этностар, көпэтникалық топтар әзірше орыс тілінде сөйлеп жүр, түбі бірорталықтанған қазақ дәстүрлі мәдениетіне қосылып қазақ тілінің ұлттық тіл мәртебесін алатын күн де болады. Бұл аралықта орыс тіліне уақытша тіл мәртебесі де берілетін мәселе туады. Айтпаса сөздің атасы өледі. Бұл өзекті тақырып туралы ең алғаш №10 Абай атындағы лицей - мектебінің 11 -сынып оқушысы Жарқын Тұрышев «Павлодар облысы Халықтарының Кіші Ассамблеясы» - деген ғылыми жоба жазып 2000 жылы қорғаған болатын. Жобаны №10 Абай атындағы лицей - мектебі ұсынған еді Ол кезде Қазақстан Халықтарының Кіші Ассамблеясының жұмысы туралы жазу ешкімнің ойына да келмеген еді. Бұл зерттеу жұмыс сол уақытта өте өзекті тақырып болса да кейбір адамдардың кесірінен Республикалық конкурска өтпей қалды. Кейіннен Мәшһүртану ғылыми - практикалық орталығының қорына тапсырылды. Қазір сонда сақталған оқуға болады. Қазақ тілінің мәселесін шешудің үш жолы бар:
1 Шет жердегі қазақтардың санын көбейту. Бұл арада Елбасының Қазақстандықтардың санын 25 миллионға жеткізуді көздеген көрегендігіне жүгіну қажет болар.
2 Қазақстан Республикасында іс - қағаздарды тек қана қазақ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет