537
«Шақырғанын айтады» деген сөз «Тараулардың мазмұны»
деген бөлімде «оқымышыны айур» деп жазылған да, дастанның
мәтінінде «үндемішін айур» деп берілген.
Көне Түркі
тілдерінде оқы – орысша «звать»
үнде – звать.
Сондықтан біз бұлардың екеуін бірдей бір сөзбен «шақыру» деп
бердік. Тақырып соңындағы «уаллалаъм» деген сөз «мазмұнда»
бар да, мәтінде жоқ. Ол, мүмкін, араб тіліндегі «уаллауалатун»
(вой, вопли, крики) деген сөз болар, болмаса жоғарыдағы
55-сілтемені қарау керек.
57. Мәтінде «Баб. Одғұрмыш Өгдүлмішке түс көргенін айтады»
Осы тараудың алдында мәтін бойынша тағы да бір тарау бар:
«Баб. Одғұрмышқа түсті қалай жору керек екендігін айтады»
Бұл тақырып «Тараулардың мазмұны» деген бөлімде жоқ.
Кітаптың орысша және қазақша басылымдарында бар.
Мәтінде
келтірілген бәйіттер бойынша, келесі тарау былай
аталады: «Баб. Өгдүлміш Одғұрмыштың түсін қалай жору керек
екендігін айтады»
Бұл «Тараулардың мазмұны» деген бөлімде жоқ.
«Құтадғу білік» кітабының орысша және қазақша
басылымдарында бар.
Келесі тарау мәтінде былай аталады «Дәл сол түсті Одғұрмыш
басқаша түрде жору [керек екендігін] айтады»
Келесі бәйіттердің тақырыбы болып осы тараудың аты жаңсақ
жазылған: «Өгдүлміш Одғұрмыш түсінің
жоруын айтады,
уаллам»
Дұрысы Одғұрмыш өз түсін өзі басқаша жориды. Кітаптың
орысша, қазақша аудармаларында осылай.
58. Мәтінде «Баб. Одғұрмыш Өгдүлмішке өсиет (кеңес)
бергенін айтады»
Кітаптың орысша және қазақша аудармаларында да осылай:
Огдүлміштің Одғұрмышқа барғаны туралы емес, Одғұрмыштың
Өгдүлмішке кеңес бергені туралы әңгіме айтады.
59. Бұл тарау мәтінде басқаша аталады: «Баб. Жігіттікке
өкпелеп, кәрілік [туралы] айтады»
Орысша және қазақша басылымдарда да осылай.
60. Мәтінде «Баб.
Уақыттың бұзылғандығы, достардың
көрсеткен жапасы жайында айтады»
538
«Тараулардың мазмұны» деген бөлім осымен аяқталады.
Мәтінде кездесетін тараулар бұл аталып өткен тараулармен ғана
шектеліп қалмайды (бірсыпыра жаңа тараулар мен тақырыптар
да бар). Оның үстіне «мазмұнда» аталған тарауларға байланысты
бәйіттердің саны көрсетілмеген (оларды біз реттеп беріп
отырмыз. – Ә.Қ.). Мазмұнда» айтылатын
тараулардың аттары
мен мәтінде келтірілген тараулардың аттарының арасында азды-
көпті айырмашылықтар да бар. Сонымен қатар олардың бірінде
бар тақырыптар екіншісінде жоқ болып шығатын кездері де бар.
Бұл аталып өткен «мазмұн», шамасы, ең алғаш қарадай жазылған
(черновик) жоспар ретінде түзілген болу керек. Кейін мәтіннің
жазылу барысында ол бірлі-жарым өзгерістерге ұшырап отырған
көрінеді. Дастанның (поэманың) соңы кітап иесі Иусуф Ұлуғ
Хажиб өзіне ақыл-кеңес береді» деген тараумен аяқталады [6371–
6407] (Бұл тарау «мазмұнда» жоқ). Мұнда 37 бәйіт бар (74 жол),
солардың барлығы бірдей бастан-аяқ бір-ақ ұйқаспен жазылған.
Өлең ұйқасының мұндай тәртібін түгелдей
сақтап отыру кімге
де болса оңай шаруа емес. Сондықтан дастанның орысша және
қазақша басылымдарында олар бәйіт есебінде аударылып, екі
жолдан өзара ұйқасын тауып отырған. Біз де осы әдісті қолданып
аудардық (– Ә.Қ.). «Тараулардың мазмұны» деген бөлімі мен
мәтіндердің арасында бұл аталып отырған айырмашылықтардан
басқа да бірлі-жарым өзгешеліктер бар.
Достарыңызбен бөлісу: