545
ол // муны «афийат теб өзүм йөрміш ол» («следующий, после него
– Одгурмыш, // это [имя] я истолковал как здоровье») деп берілген
[ДТС, 16]. Қара сөзбен жазылған алғы сөзде Одғұрмыштың аты,
танымдық таһаллусы – «Қанағат» деп келтірілген. Осы сөздікте:
Одгур («будить»),
Одгурмыш («пробуждающий»). Бұл өзі – тақуа
адам. Аз
ғана нәрсені қанағат тұтып, өз бетімен Аллаға тағат-
ғибадат ететін, өзін-өзі ояу ұстап (дін жолымен алып қарағанда),
бетіне шаң жуытпай өзін-өзі таза ұстап (гигиена
тұрғысынан
алып қарағанда), денсаулығын қатты қадағалап жүрген (медицина
бойынша) кемеңгер ойдың иесі, белгілі оқымысты, сонымен бірге
барынша қарапайым адам болғанға ұқсайды.
Ескерту: «Құтадғу біліктің» басқа нұсқаларында осы сөз
«
ақибат» болып жазылған. Ол орысша «последствие, исход,
результат, конец» болып аударылады [ДТС,48]. С.Н.Иванов осы
вариант бойынша аударған [357-бәйіт]. А.Егеубаев «ақыбет –
ақырет (?)» деген «түсінік» береді [357- бәйіт].
362.
«Отыз» жиды – сарп етті оны «елуі», Не болады сонда
«алпыстың» келуі? Бұл бәйіт «отыз жастың жинап-тергенін елу
жас
келіп қайтарып алды, Енді алпыс жас келіп елу жасқа қол
салса не қылар екен?» деген мағына береді.
380.
Тіліме де таным берген өзі еді. «Құтадғу білікте»
(қысқаша: ҚБ-те)
тануқлуқ (орысша: «свидетельство», қазақша:
«куәлік, айғақ»). Бұл жерде әңгіме Алла тағаланың авторға ислам
дінін мойындап, оны уағыздап, оның символын білдіретін «Ла-
Иллаһа Иллал-л-лаһ, Мұхаммед расул-л- Аллаһ» («Құдайдан
басқа
Құдай жоқ, Мұхаммед – оның елшісі») деген аятты айта
білу танымын (калимаға тілін келтіруді) бергендігі туралы болып
отыр.
386.
Ақтық демім шаһадатпен үзілсін. «Шаһадат» – араб
тілінде ислам дінінің символын білдіреді (Түркіше:
тануқлук),
380-сілтемені қараңыз.
490.
Ол – Көсеміш, о да мұны қостапты. Көсеміш – «қалаулы»
деген мағына береді. Сөз түбірі – көсе (күсе) «қалау, сағыну»
(ДТС,329).
493.
Ерсіг деген хажиб бир ед өзі бір, Жақын еді патшаменен
сөзі бір. Ерсіг көне түрік тілінде «батыл, ержүрек, айбынды,
қажырлы, қайратты» деген мағына береді.