543
10.
Оғлақ – Жәді (Ешкімүйіз – Козерог) – 22/12–21/01 арасы
(оғлақ – қазақша: лақ).
11.
Көнек – Конек (Дәлу, Суқұйғыш – Водолей) – 22/01–1 21/02
арасы.
12.
Балық – Балық (һүт – Рыба) – 22/02–21/03 арасы.
Бұл он екі шоқжүздыздың үшеуі – оттан жаралған, үшеуі – судан
жаралған, үшеуі – желден (хауадан) және үшеуі – топырақтан
жаралған.
Осыдан барып, Әлем дүниесі түзілген деп жазады
автор.
Қазақ тіліндегі алдыңғы үш ай көктемге жатады (Амал, Үт,
Зауза), одан кейінгі үшеуі – жаз айлары (Саратан, Әсет, Сүмбіле),
қалғандары – үш-үштен күз (Таразы, Ақырап, Қауыс) бен
қыс (Жәді, Көнек, һүт) айларына жататын жұлдыздар.
Қазіргі
қазақ күнтізбесі бойынша бұдан басқа толығырақ мәліметтерді
Х.Әбішұлының «Халық астрономиясы» (1959 ж., 5-6, 207-223 б.)
және «Аспан сыры» (1962 ж., 24-243 б.); М. Ысқақовтың «Халық
календары» (1963 ж
., 112-117 б.)
деген еңбектерінен қарауға
болады.
Доктор А. Шәріп «Зодиак шоқжұлдыздары көне түрікше
төмендегідей тізбектеледі» деп көрсетеді:
Қозы (Овен),
Уд (Телец),
Ерентуз (Близнецы),
Қушық (Рак),
Арыстан (Лев),
Бидайбасы
(дева),
Өлкі (Весы),
Шаян (скорпион),
Сұрмерген (Стрелец),
Ұғлақ
(Козерог),
Көнек (Водолей),
Балық, (Рыбы) [А. Шәріп. Водолей –
суқұйғыш, Овен – тоқты емес. – «Егемен Қазақстан», 19/11 - 2003,
6-бет]. Сөздің иіні келген соң айта кетейік: осы мақаласының аты
«Водолей – суқұйғыш емес, Овен – тоқты емес» деп жазғанда,
оның айтайын деп отырған ойы әлдеқайда нақтылау болатын еді.
Бұл тақырып бойынша, «Водолей – суқұйғыш болғанда, Овен –
тоқты емес екен» деген де пікір туып қалуы мүмкін ғой! Жазушы
К. Жүністегі бұл тізімді былайша түзеді:
Қозы, Тана, Қосақ,
Шаян, Арыстан, Үркер, Таразы, Үшарқар, Садақ, Қамбар, Көнек,
Үт. Бұл жерде ескерте кететін мәселе мынау: көне (ескі) түркі
тілдерінде уд сөзі орысша «корова» деген мағына беретін болған
және астрономияда «созвездие Тельца» деп аталған, календарда
уд йылы – «год коровье» және
уд күн «день коровье’ болып
аталған [Древнетюркский словарь, Л., 1969, 605 б.]. Қазақша бұл
сөздің
үт болып айтылатыны рас, бірақ автор айтқандай оның
544
«сүт» сөзімен ешқандай байланысы жоқ (Қазіргі қазақ тіліндегі
сөздер ұяң дыбысқа аяқталмайды, ол сондықтан барып
үт болып
айтылады).
Балық о бастан-ақ орысша «рыба» сөзінің мағынасын
беретін болған [аталған сөздік, 80-6.]. Сөз арасында айта кетейік:
араб тілінде
һүт деген сөз мынадай мағына береді: 1) үлкен,
алып балық, кит; 2)
астр.: Балықтар шоқжұлдызы; 3) Күн
жылнамасының он екінші айына сәйкес келетін февраль айының
аты (22 - февраль – 21 - март) [Н.Д.Ондасынов. Арабша-қазақша
түсіндірме сөздік, 1-том, 1984, 142-6.].
Чадан //Шаян сөздері
Түркі
тілдеріне тән ч//ш мен
д//й заңдылықтарына байланысты
жасалған (олар өзара алмаса береді). Сондықтан, ол бұл жерде К.
Жүністегі Водолей – көнек болса, үш арқар – Шаян емес. «Егемен
Қазақстан», 1/1–2004, 46.
238.
Не себептен Заһһақ пасық датталды, Ал Фаридун
Достарыңызбен бөлісу: