Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ



Pdf көрінісі
бет3/136
Дата23.03.2024
өлшемі1.36 Mb.
#496319
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   136
Й.Баласағұн.-Құтадғу-білік

ҚҰТАДҒУ БИЛИГ
БИСМИЛЛАҺИ-Р-РАХМАНИ-Р-РАХИМ
[Қара сөзбен жазылған алғы сөз]
Алғысқа тола ризашылықты білдіретін жақсы лебіздер мен 
мақтау сөздер ең әзиз және ең ұлы Тәңіріге бағышталсын, өйткені 
ол – ұлылықтың иесі, құдіреті күшті падишаһ: жерді, көкті сол 
жаратқан; тыныс алып жүрген барлық тірлік иелеріне ризық 
берген; ол не қылса, соны істейді; сол сияқты не қаласа, соны 
орындай алады және қай нәрсеге ықыласы ауса, соған үкімін 
жүргізеді. Сонымен қатар Тәңірінің адамдар арасындағы ерекше 
жаралған елшісіне [1] сансыз сәлем! Оның нағыз достары болған 
құрметті де қымбатты сахабаларына [2] Алланың мол шапағаты 
жаусын!
Бұл кітап – өте құрметті кітап. Шың [3] данышпандарының 
нақыл сөздерімен өрнектеліп, Машын [4] данышпандарының 
өлеңдерімен көмкеріліп берілген бұ кітапты оқыған, бұ 
бәйіттердің мағынасын түсінген кісі осы кітаптың арқасында 
одан да гөрі құрметтірек болады. Машын оқымыстылары мен 
данышпандарының бәрі «Шығыс уәләйаттарында, Түркістан 
елдерінде Бұғрахан тілінде [5] ешкім де еш уақытта бұл кітаптан 
жақсырақ кітап жазған емес!» деген шешімге келген-ді.
Бұл кітап қай патшалыққа я қай тарапқа жетсе де, оның ерекше 
шеберлігіне қарай, шексіз сұлу өрнекпен жазылғандығына орай 
сол елдердің данышпандары, ғалымдары оны қабыл алды да, 
әрқайсысы әр түрлі ат берді: Шың еліндегілер «Абаду-л-мүлүк» 
(«Патшалардың әдептілігі») деген ат берді; Машын патшасының 
дос-жарандары «Айину-л-мамлакат» («Мемлекеттің қамын 
жеуші») деп атады; Шығыс елдерінде «Зийнату-л-умара» 
(«Патшалардың көркі») деп айтты; Ирандықтар «Шаһнама-и 
Түрки» («Түркі Шаһнамасы») деді; кейбіреулер «Панднаме-и 
мүлук» («Патшаларға арналған ақыл-кеңес кітабы») дейді екен; 
Тұрандықтар [6] «Құтадғу білік» («Құт әкелетін білім» [7]) деп 
айтыпты.


5
Бұл кітапты жазған – Баласағұнда [8] туған, өзі ұстамды, тақуа 
кісі. Ол бұл кітапты Қашқарда [9] жазып бітіріп, оны Шығыс 
әмірі Тавғачханның [10] құзырына алып келген. Патша оны 
құрметтеп, ұлық тұтып, оған «Сарайдың хас-хажибы» [11] деген 
атақ берген. Содан кейін «Йусуф ұлығ хас-хажиб» деген мәшһүр 
аты жайылып кеткен.
Бұ кітап негізінен мыналар арқылы қадірлі: бірі – әділет, 
екіншісі – бақыт (дәулет), үшіншісі – ақыл, төртіншісі – қанағат; 
және бұлардың әрқайсысына түрікше ат беріпті: әділетке 
«Күнтоғды еліг» [12] атын беріп, патша орнына қойыпты; 
бақытқа «Айтолды» [13] деп ат беріп, уәзір орнына қойыпты; 
ақылға «Өгдүлміш» [14] атын беріп, уәзірдің ұлы есебінде 
таныпты; қанағатқа «Одғұрмыш» [15] атын беріп, (Өгдүлміштің) 
туысқаны деп айтыпты. Міне, осылардың арасында өзара пікір 
алысу ретінде сауалдар беріліп, жауаптар қайтарылып, осылай 
болып өткен әңгіме туралы сөз болады.
Мұны оқыған кісінің көңілі ашылсын, мұны жазған кісіні ізгі 
дұғаларында еске алып, ұмытпай жүрсін, Иншаллаһу Тағала 
(Алла тағала өзі жарылқасын!)


6


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет