266
Жаратқан құдіретін үстер еді,
Бәріне жаны бардың күш береді.
Аспанды жарық етгі, күн
мен айды
Жаратты қара түнді жыл мен айды.
3155. Жаратты шыр айналған әлем көгін,
Мұны Алланың әмірі – «тағдыр!» дегін!
Жаратты тағдырды Алла әуел бұрын,
Көн соған мойынсұн да кетпе қырын!
Қылған-ды, қылар әлі көздегенін,
Болдырды, болдырады өз дегенін.
Әуелі, хал сұраймын,
сәлем етіп,
Жүрсің бе аман-есен, ойың тетік?
Жүрсің бе жаның тыныш, аман бүгін
Жан салып көтеріп ап заман жүгін?
3160. Естідім еңбегіңді ешкім жеңбес,
Дәл бүгін ешкім жоқ-ты саған теңдес!
Жақсылық қылды Құдай сендей ерге,
Беріпті білім, ақыл, ой мен зерде.
Оны естіп,
сені артыққа балап едім,
Өзіңді бір көруді қалап едім!
Жібердім Өгдүлмішті – сезімді құл,
Жеткізер білгенінше сөзімді бұл.
Кетіпсің елден безіп қу далаға,
Қарамай ұлыс, халық, кент-қалаға.
3165. Жүр дейді таудың ішін тұрақ етіп,
Табынып бір Аллаға жырақ кетіп.
267
Не қылды ағайының сонша саған,
Неге
сен шеттеп кеттің, айтшы маған!
Тықсырып қуса сені – бұ қай күні, –
Бері кел, айтшы маған бұ қайғыны!
Бергелі күш, әділет саған ойлап,
Отырмын – осында тұр күліп-ойнап.
Ағайын ағайынға жасар пайда,
Ол пайда тәтті болар осындайда.
3170. Жарас сен ағайын-ел, жарамды ермен,
Қатынас
жолдас-жора, жарандармен.
Жарастық болған жерде – қоласты оңай,
Сол жерге пайда түсер толастамай.
Бір шайыр айтқан екен, тыңдап қара,
Пайда ғой жарасса жұрт екеу-ара:
«Қара жер көк су сіңіп,
бөккен жайда,
Мың түрлі гүлдер күлкі төккен жайда,
Жарасып дос-ағайын араласса, –
Туысқан жаңа қауым болар пайда!»
3175. Табынсаң – көрмеген жұрт ұға ала ма, –
Дін жолын ұстан енді бұ қалада.
Бірақ та осында жоқ дінбасылар,
Қаншама сүйсе дағы дінді осылар.
Көп білім үйрен
әуел табынарға,
Бұ діннен онсыз пайда табылар ма?
Болады кісілердің екі түрі,
Үйретер, үйренуші – енді бірі.
268
Басқа жұрт – мал есепті, малға бала,
Бірі бол екеуінің – өзің қала!»
Достарыңызбен бөлісу: