287
Патшамыз игі сұлтан бедел алған,
Еліне
мейір төгіп, жанын салған.
Көрсе кім патша жүзін – жанар бағы,
Құт қонып екі өмірде жүрер тағы.
3415. Айтқан ер елге жайған асқар атын,
Ақылмен
елін билеп, басқаратын:
«Тура бек, әділетті ер тарылмайды,
Бақытын елге төгіп, жарылқайды.
Тараса
бектің аты қандай жерге, –
Табылар сонда барса бақыт ерге.
Бұл әлем әділ болмай тұра алмайды,
Түбірі тура болмай құралмайды.
Болмаса әділ бектер қалқан етер,
Жеті қат жерді Құдай талқан етер.
3420. Әділ бек жүзін көрсе –
бағы жанар,
Құтылып күнәсынан, мейірі қанар!»
Мен, міне, адам болдым, білесің бе? –
Патшаның ол – жанашыр үлесінде.
Ақылды һәм білімді берді Құдай,
Қол кетті игі істерге содан ұдай.
Ізгілік
берер Құдай өтер ерге, –
Ауыр жүк ел қамын жеп көтерерге.
Мұнда өмір патша тілер кешкеніңді,
Бірлесіп берік түйін шешкеніңді.
3425. Келгенде бір сөзім бар айтар тағын:
Баһадүр, мені жалғыз қайтармағын!
288
Жіберді саған бір хат – өзі жазды,
Көр оқып – айтқан екен қандай назды!»
Шығарып
хатты берді, қолын сұнды,
Хатты ашып, Одғұрмыш та іштен тынды.
Оқыды хатын ұзақ, сөйледі ілік:
«Беріпті патша маған жақсы білік.
« Кел!» –
дейді сәлем айтып, жанамалап,
Айтыпты көп жақсылық санамалап.
3430. Үлкен іс – қалай етсем болар мақұл,
Не қылам, сен бересің қандай ақыл?»
Достарыңызбен бөлісу: