350
Ел «сен» десе, оны сен де «сен» дегін
Жартастағы жаңғырықтай түздегі!»
Әдет-ғұрып,
жөн-жобасы, тобасы,
Ел-жұртпенен аралассаң – тап осы!
Бердім айтып, есіттің ғой, – өз бағың,
Ойға тоқы, енді сөзді созбағын!»
Қара халықпен араласу [туралы] сөзі
4210. Деді Одғұрмыш: «Сөзің есте жүреді,
Мен тыңдадым, ей, таза жан жүрегі!
Тағы да
бір сөзім бар-ды қымбаттым,
Соны да бір айтып берші, сымбаттым!
Жүрсем кент, ұлыстарды жағалай,
Халық,
жұртпен қатынасам, жә, қалай?
Қалай сұхбат оларменен құрамын,
Айтып берші, қалай жүріп-тұрамын?»
Өгдүлміштің Одғұрмышқа [берген] жауабы
Айтты Өгдүлміш: «Зердең, сірә, зерек–ау,
Бұ да саған шыныменен керек–ау!
4215. Сен сұрадың керек істің тың жағын,
Мұны
тағы мен айтайын, тыңдағын!»
Достарыңызбен бөлісу: