355
Түс жорушы айтса жақсы қолайда,
Түс көргендер қуанады сол ойда.
4265. Егер адам түсті
көрсе жаман бір,
Бер садақа жоқ-жітікке, – аман жүр!
Түс ілімін білуге ойды оятты,
Алла жебеп, құлға сыйлап аятты.
Жақсы түске жұрт қуанып жүр ұдай,
Жаман көрсе – қамын жесін бір құдай!
Жоқ-жітікке берсе күміс, тауарды,
Құдай қалап, содан бәле ауар-ды.
Ей, жорушы,
жақсы жоры дұрыстап,
Ей, көруші, жақсы түс көр, ырыс тап!
4270. Бар жорушы айтар түспен санасып,
Мейір төгіп, білім жұмсап, жаны ашып.
Ұста жақсы, күт бұларды қасыңда,
Қалай білсең – болар бауыр досың да!
Жұлдызға қарап жорушылармен
(жұлдызшылармен) араласуды айтады
Бұдан басқа жұлдызшылар жолығар,
Өте
нәзік жолды, байқа, сол ұғар.
Есепке алар бұлар жыл мен күн, айды,
Есеп керек – сол үшін де ұнайды.
Өте қиын есеп жайын тапқасын, –
Сен ашасың геометрия қақпасын*.
4275. Бөлшектеу мен көбейту біл: бөлшек кіл*,
Бәрі түгел емтихан ғой – өлшеп біл!
356
Дәрежеге өсіруді жетік біл,
Сан түбірін шығаруға тетік бұл*.
Қосып, ал да,
бар аумағын өлшегін,
Біл әлемнің жеті қабат бөлшегін*.
Оқы тербеп алгебра бесігін,
Қақ түсініп Эвклидтің есігін*.
Бұ Жалғандық, о
Жалғандық хал-жайды
Дана адамдар есептейді, талдайды.
4280. Бұ Жалғанның, о
Жалғанның әр ісі,
Бұзылса есеп – бұзылады бәрісі.
Қандай істі қылайын деп қалайсыз, –
Сұрау керек кезін қолай, қолайсыз.
Құтты, құтсыз күн, ай бар ғой – аңдағын,
Сұрап алып, құтты кезін таңдағын.
Бір білімді карт айтыпты тұра қап:
«Істе ісіңді білімдіден сұрап ап!»
Адам
ісін бар біліммен бастаса,
Ол іс кетер тілегімен астаса.
4285. Барлық істе білім – пайда әуелі,
Ел болмаса – бұзылар іс әуені.
Сұрап ал да, сене салма іле тым,
Бір
Құдай ғой, ойлан, бәрін білетін!
Ұста Жақсы, бұлармен де жарасқын,
Мазаламай, көңіліне қарасқын!