Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ


Одғұрмыш Өгдүлмішке түстің жоруын айтады



Pdf көрінісі
бет106/136
Дата23.03.2024
өлшемі1.36 Mb.
#496319
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   136
Й.Баласағұн.-Құтадғу-білік

Одғұрмыш Өгдүлмішке түстің жоруын айтады
«Жүргенім саты өрмелеп бағаналы,
Тіршілік таусылмапты маған әлі.
Сатының басына өрлеп жеткендігім,
Көрсетер бұ тіршілік өткендігін.
Салт атты көтеріліп келді маған,
Су берді, іштім алып, болды ұнаған.
5930. Әкесі бар адамның ол атты адам
Әкесін жоқ қылуды қолайттаған.
Өмірдің ол жайнаған демін тияр,
Жүргізбей жаны бардың жолын қияр.
Болды ғой су ішкенім қалағаның,
«Осы – деп – ұзақ өмір» балағаның.
Рас ол, су – өмірдің жорамалы,
Ішкенім түк қалдырмай – жарамады.


488
Ішілмей жартысынан су қалғанда –
Қалар ед жарты өмірім бұ Жалғанда 
5935. Ішкенім суды түгел – есем боп тұр,
Тауыстым өмірімді, есен боп тұр.
Не дейді, тыңда, ақылды кісі, дана,
Даналар сөзін – сөздің түбі сана.
«Жарымын ішсе судың, өмір өрі
Таусылмай, шақырады оны ілгері.
Тауысып ішкен кезде суды түгел,
Қазылар өмір бітіп оның көрі!»
Жоғары көтеріліп көкке жетсем,
Аспанға араласып сіңіп кетсем, 
5940. Көрінді ол жан шыққанның жорымына,
Ол кетті оралмайтын орынына.
Түсімде аян берді маған Құдай,
Өлімге дайындалам енді құлай.
Осылай жору керек – емес басқа,
Жорыдың сен басқаша, ойлап босқа.
Көңілді сен жұбаттың ең әрісі,
Келді өлім – жоқ қой оның ем-дәрісі!
Байқашы, ей, ақкөңіл, мына кепті,
Өлім кеп жер бетіне мола септі.
5945. Қаншама орда, Сарай тұрған мүлгіп,
Құрыды – суырды өлім бәрін күл ғып.
Қаншама ұлы, әйгілі бектер көнді –
Өлім кеп жерге тығып бөктерген-ді. 


489
Қаншама жиған малың туырылған,
Өлім кеп тозаң болды суырылған.
Емес қой өлім ғажап білсең күшін
Туады тынысы бар өлім үшін.
Жан мен тән өледі ғой – кім ұтады?
Сол ғажап – адам соны ұмытады!
5950. Қамсыз жан бір өлерін жай аңдайды,
Қаперсіз ұйқысынан оянбайды.
Өлім – хақ, шарасы жоқ «шалай-балай»,
Өлген соң болар екен халім қалай?
Қам жеймін, біле алмаймын әдісімді,
Өлген соң Алла оңдасын әр ісімді.
Күн кештім қанағатты парық етіп,
Рахат, азап, түнді жарық етіп.
Ұстадым қолды қысқа жимай тауар,
Болмадым құмарлыққа көңлі ауар.
5955. Жүгімді ретке сап, түлегенмін,
«Күнәмды жеңілдет» деп тілегенмін.
Не дейді, тыңда, тәлім беретін ер,
Жаны ашып үгіт сөзін өретін ер:
«Бос болма, күнә жүгін жеңілдеткін,
Жіңішке жолың қылдан – жеңіл өткін.
Қиналып жата бермей істі бітір,
Өлерде бәрін ұмыт, жеңіл кеткін!»
Және айтты: «Мен кетемін, күдер үзбен,
Келерсің өзім жүріп кеткен ізбен.


490
5960. Сөз айтам бірнеше ауыз салсаң зейін,
Оны сен ұмытпай жүр менен кейін.
Тіріде мен – мейірбан, менде – ауыр хал, 
Өлген соң сөзім болсын бұ бауырмал.
Сөз – осы, болма қамсыз, ей, туыс – дос, 
Жай іске жас өмірді жіберме бос!»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет