557
дастаны сол кездегі түркі тілдерінің
ч дыбысымен
сөйлейтін
(«чокающий») әдеби тілінде жазылған, онда
ш-мен сөйлейтін
(«шокающий») тілдің ешқандай әсері жоқ. Сондықтан оны
чігіл
деп жазған орынды. Орысша аудармасында – солай
(чигил).
3475.
Біздің тектің жазығы үшін бұл Ие, Жаратқан ғой
түнек етіп дүние. Осындағы
түнек сөзін біз түпнұсқа бойынша
алып отырмыз. Қ.Каримов оны өзбек тіліне
тунаш (бір түнеп,
қонып өтетін жай – орысша «ночевка») деп аударған. С.Н.Иванов
«темница» (зындан, абақты, қараңғы үй) деп аударған [3520-бәйіт].
«ДТС»-да осылай етіп тәржімалаған. А.Егеубаев қазақ тіліне бұл
бәйітті екі рет аударған: бірінде
түнек деп жазған да, екінші рет
аударғанда
зындан деп берген [3520-бәйіт]. Осы екі аударманың
екеуі де түпнұсқада айтылған ойды дәл бере алмайды. Бұл
жөнінде С.Н.Ивановтың орысша аудармасы әлдеқайда ұтымды
шыққан. Шығыс ақындарының шығармаларында бұл дүниені,
әдетте бір түсіп, қонып шығатын керуен сарайға теңейді, соған
ұқсатып жырлайды. Мысалы, Ахмет Иүгінеки (ХІІғ.) былай деп
жазады:
Бұ дүние – бір
керуен сарай-ды,
Кететіндер түсіп, содан тарайды.
Алғы тізбек көшіп ұзап кеткенде,
Келіп түскен соңы соған қарайды.
«ҚБ-те» де осындай ой айтылады:
Бұл адамзат – бір керуен тізілген,
Көп кідірмес – кезі бар ма үзілген? [1370-бәйіт]
Тағы бірде: Өмір, мола –
екі жер ғой тоқтайтын,
Кісі бар ма бұған, сірә, соқпайтын? [1375-бәйіт] – деп жазылған.
Бұл жерде «өмір (яғни жарық дүние) бір ғана тоқтап, (аялдап,
қонып) өтетін аялдама ғой» деген ой айтылып тұр. «ҚБ-те»
мынадай тағы да бір бәйіт бар:
Бұ дүние – қонақ үйі сен үшін,
Оған төкпе қуаныштың кенішін [3513–бәйіт].
Мынадай бір рубаят кездеседі:
Өткізіп ең кешегі өткен түніңді,
Өтер солай бұ келетін күнің де.
Достарыңызбен бөлісу: