560
хатты әуелі құрғатты. Бұл бәйіттің екі жолы өзара ауысып
кеткен сияқты, өйткені әуелі хатты құрғатып алып,
сонан соң
орап, байлау керек шығар! (Қ.Каримовтың ескертпесі).
3875.
...Бақыр, алтын ажырата білмесе, Сыр тасымен бір
сүйкесе, жетеді. Осы төрт таған өлеңнің ұйқастары түпнұсқа
бойынша беріліп отыр (онда үш рет қайталанып келетін «таб»
деген сөз қазақша «жетеді» деген мағына береді (орысша:
«достаточно» – ДТС», 533-б.). Орысша рубаят болып аударылған
(төрт жол, 3963-3964). Қазақша аудармасында (А.Егеубаев) –
бәйіт ретінде берілген (екі жолдан – 6 бәйіт, 12 жол, 3963-3964).
Мұндағы
сыр тас сөзін С.Н.Иванов
тас (камень) деп аударған,
А.Егеубаев
сыр тас деп берген. Біз оның дәл қандай тас екендігін
дәл айқындап беретіндей материалды кездестіре алмадық.
М.Қашқари еңбегіндегі
сыр сөзі орыс тіліне «краска,
которой
китайцы разрисовывают чаши; глазурь» деп аударылған. «ҚБ-
те» айтылып отырған сырдың
(сыр тастың) мағынасы бұған
ұқсамайтын сияқты. Бояудың түрі көп (мысалы, киноварь, сурик,
амальгама, т.т.), бірақ
сыр тас олардан бөлек болса керек-ті деп
ойлаймыз.
3888.
Жақсы айтыпты сақылардың бас ері... Сақы (мырза)
адамдардың басшысы айтқан бәйіттер Наманган нұсқасында –
төртеу [3889-3892], орысша аудармасында бесеу [3979–3983].
А.Егеубаев аудармасында – жетеу [3979-3983]. Біз бесінші бәйітті
С.Н.Иванов аудармасынан алып [3979], қосып беріп отырмыз.
3896.. Талай жылдар неше мың жұрт табынып, Ұмытты оны
жан шығарда қабынып. Осы бәйіттің мазмұнына енді керісінше
келетін тағы бір бәйітті Наманган нұсқасында жоқ болғандықтан,
«ҚБ-тің» орысша басылымы бойынша
келесі бәйіт есебінде
беріп отырмыз [39881]. Осындағы мойынсұнды деген тіркесті
«Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі» (1978 ж.) мойын ұсыну
деп көрсеткен (282-б ) («ДТС-да»,514-б.) бұл сөздің түбірі сұн
былай аударылған: «протягивать; ощупывать; протягиваться,
растягиваться». Оның негізгі түбірі – су («тянуть, протягивать»),
оған жалғанып тұрған қосымша -н (өздік етістің көрсеткіші).
3959.
Тіке тұрып, қол қуысырып байқастыр, Сол қолыңды оң
қолыңмен айқастыр. С.Н.Иванов
өзінің орысша аудармасында
«оң қолынды сол қолыңмен айқастыр» деп беріпті [4056].
561
А.Егеубаев қазақша аудармасында «Қол қапсырып, түзе аяқты
оң болғын, Сол қолыңды қой үстіне оң қолдың» [4056] деп,
соңғы жолын дұрыс аударған. Алдыңғы жолдың аудармасы дәл
емес: қолды қусырады, қапсырмайды, қазақ сырт киімнің өңірін
қапсырады (киімді қапсыра киіп алады, қапсырынады). «Түзе
аяқты оң болғын» деген тіркес ешқандай
мағына беріп тұрған
жоқ, ол «тікеңнен тік тұр» дегн мағына беруге тиісті. Сол қолды
оң қолмен айқастыру керектігі мынаған байланысты: Жасы кіші
адам жасы үлкен кісімен амандасқанда ең әуелі оң қолын төсін
қояды (табиғатында оң қол сол қолдан бұрын қимылдайды және
көп қимылдайды, оның атқаратын қызметі көп), содан соң барып
сол қол оң қолдың істегенін істейді. Әрине, С.Н.Ивановтың
мұндай рәсімдерді білмеуі ғажап емес.
3969. ...
Босқа атақ ап, біреу төске шабады. Түпнұсқада
«Қайсы бірі күн сайын жақын жүргендігін
пайдаланып, атақ
алады» деп жазылған.
4206. Түпнұсқада 4206-4207 (соңында келтірілген) және 4207-
4208 (алдымен келтірілген) бәйіттердің орындары өзара ауысып
кетіпті. Біз оларды сөз ыңғайына қарай өз реттері бойынша
келтіріп отырмыз. Орысша аудармасында да осылай.
4274.Геометрия түпнұсқада –
һендесе
4275.Көбейту –
зарбу қисмат; бөлшек –
каср; өлшеу
– тадбир.
4276.Дәрежеге өсіру –
таз’ иф; сан түбірін шығару
– ‘адад
Достарыңызбен бөлісу: