568
Қ.Каримов «яғни обихаети» деп ескертеді (ол орысша «живая
вода»деген мағына береді). С.Н.Иванов орыс тіліне осылай
аударған [6148-бәйіт]. А.Егеубаев «тірлік суы»
деп берген
[6148]. Халық аузындағы (фольклордағы) «Абылхаят (Әбілхаят)
суы» деген фраза туралы І.Кеңесбаев мынадай түсінік береді:
«Мифологиялық ұғым бойынша, бұл фраза мұхиттың қиыр
шетінде терең, тұңғиық үйірім болады, мұның суын ішкен адам
өлмейді-міс, мәңгі өмір сүреді-міс деген нанымнан туған» (...
Араб-иран тілдерінде
аб деген «су» мағынасындағы, ал һаят
деген «өмір» мағынасындағы сөз) [І.Кеңесбаев.
Қазақ тілінің
фразеологиялық сөздігі. //Алматы, «Ғылым», 1977, 9-б.]. Бұл
сөз құрамындағы -ыл (аб-ыл) араб тіліндегі меншіктілік мәнді
білдіретін -ул артиклі болса керек). Қазіргі қазақ тіліндегі түбір
сөздердің екінші буынында келетін ерін дауыстылары (у) езу
дауыстыларымен алмасып отырады. Рабғузидің «Қиссас-ул-
анбия» деген шығармасында (ХІV ғ.) мынадай бір аңыз бар.
«Хазіреті Ескендір ғұламаларды жинап сұрады: «–Ұзақ өмір
сүрудің лажы бар ма?» – деді. Ғұламалар айтты: –Бар. Қойқап
тауынан алыс бір жерде «Зұлмат» деген бір қараңғы жер бар,
оның төңірегінде бір бұлақ бар. Оны «Әбілһаят» дейді. Кімде-
кім осы бұлақтың суын ішсе, қияметке дейін өлмей тірі жүреді»
(36-қисса).
6094.
Жетіген көтерілді аспан үсті, Сириус, Айғыр жаққа
төмен түсті. Жетіген – «Жетіқарақшы» жұлдызының аты.
Сириус, Айғыр қараңыз: 5555.
6096.
...Оқыды таңғы намаз, түндегісін. Түпнұсқа бойынша,
бұл жерде Өгдүлмүштің екі рет намаз оқығандығы туралы айтылып
тұр: бірі – таңғы намаз, екіншісі – түнгі намаз. С.Н.Иванов оларды
«Алланы мадақтап және бірнеше рет қайталап оқитын ерекше
намаз» деп түсіндіреді [6222-бәйіт]. Шынында, Өгдүлмүш екі
түрлі намаз оқыған: бірі – әдеттегі азанда оқылатын таңғы намаз
(памдат), екіншісі – түнде оқылатын намаз (түпнұсқада ол «вирдин
оқыды» деп жазылған). Қ.Каримов оны («вирдини») «Алланы
мадақтап, күнделікті айтылатын дұғаны бір немесе бірнеше
рет қайталап оқу» деп түсіндіреді [6096-бәйіт]. А.Егеубаевтың
түсіндіруі бойынша, «бірдін (бирдан) – белгілі жағдайларда
оқылатын дұғалардың бірі» (6222-бәйіттің түсіндірмесі, мәтінде
569
«біздің» деп жаңсақ жазылып кетіпті). Бұл тәржімашының
аудармасы бойынша, Өгдүлміш
тек осыны ғана, яғни бір-ақ
намаз оқыған болып шығады (екі намаз оқығандығы туралы
айтылмайды). Мәселенің шынына
келгенде, бұл сөздің түбірі
– вирд (бирдин емес). Ол – «түнде оқылатын дұға,
Құранның
белгілі бір үзінді бөлігі» (түнде ғана оқылады) («ДТС», 634-б.).
Араб тілінде «вирд – часть Корана, читаемая молящимся ночью;
краткая молитва» (Арабско-русский словарь. М., 1958, стр. 1121).
Дастандағы «бирдін» (бирдин емес) деген сөздің соңындағы -ін
қосымша – тәуелдік септікте тұрған табыс септігінің жалғауы.
Вирд бес уақыт намаздан (памдат, бесін, намаздыгер, намазшам,
құтпан) тыс оқылады, оны кейде нәпіл деп те атайды. Арабша
нафил [-атун] орысша «(что-л. сделанное дополнительно (сверх
обязательного)» деген ұғым береді. Дінге байланысты ол
«дополнительная молитва» деген мағынада қолданылады.
6137.
Құмыра, бір таяқ ап оянды да ...Мұндағы құмыра
түпнұсқада «рекве» деп берілген. Ол – тұтқасы бар, шүмегі бар
құмыраның арабша аты.
6166. Осы бәйіттен кейін дастанның мәтіні үзіліп
қалған
секілді, өйткені келесі 6167 т.б. бәйіттердің мазмұны өзнеше
болып келеді. Дастанның орысша баспасында да осылай [6351].
6226. …
Келер күні әділдіктің туатын. Түпнұсқада «Келер
күні туралықтың туатын» деп жазылған. Қ.Каримов «туралықтың
күні» деген тіркесті « яғни қиямет күні» деп ескертеді (қазақша
– «қиямет қайым күні»). С.Н.Иванов «судный день» деп береді
[6460-бәйіт]. А.Егеубаев «қиямет» деп аударады, бірақ ол бұл
бәйіттің аудармасын басқашалау етіп келтірген: «Жаны таза адал
қайда, ақ қайда, Қияметте адалдыққа жақ қайда!?» [6460-бәйіт].
Шынына келгенде, қиямет қайым күнінде адалдықты (дәлірек
айтқанда, шындықты) жақтайтын жақ, ол – біреу-ақ: Алла тағала
(ол туралы сұрақ қойып, анықтап жатудың, болмаса күмән
келтіріп жатудың қажеті бола қоймас-ты).
Бұл жерде әңгіме
сол қиямет қайым күнінің (әділдік-шындық күнінің) сөз жоқ,
туатындығы туралы және сол жолға түсіп, шындық жолын қуып
жүрген адамдар туралы болып отыр.
6255.
Ақыр заман келді, тәртәп бұзылды, Жамандарды көріп
Достарыңызбен бөлісу: