Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ


Айтолдының патшаға [келіп] көрінуі



Pdf көрінісі
бет17/136
Дата23.03.2024
өлшемі1.36 Mb.
#496319
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   136
Й.Баласағұн.-Құтадғу-білік

Айтолдының патшаға [келіп] көрінуі
Айтолды кеп тағзым етті, бас иді,
Көзі жайнап патша көңлі тасиды.
Ол жүгініп, ерік берді сөзіне,
Тәтті сөйлеп, тәнті қылды өзіне.
Айтты патша: «Бар ма бізде бір ісің,
Есімің кім, қалай осы жүрісің?»


61
570. Салмақты боп, Айтолды айтты не дерін
Әдемілеп келтірді сөз бедерін.
Ұстамдылар – жақсы адам боп қалды олар, 
Түйсігі жоқ жанның бәрі – мал болар.
Шайыр мұндай сөзін елге жайыпты: 
«Асықпай-ақ, атқар істі байыпты.
Саспай кіріс, шыда біраз тартын да, 
Асыққанның өкініш бар артында.
Тек асықпа, ұстамды бол, тұлданба,
Шыдай білсе, бек шығады құлдан да».
575. Айтты Айтолды: «Ей, падишам, бағы асқан
Құлдың аты қызыметке жарасқан.
Есік алды – менің орным, құл – атым,
Мен адаммын таза жұмыс қылатын.
Келдім ұзақ жол жүрумен арындап,
Тұрмын бүгін арманымды орындап.
Сен қайтарма, – міне, менің арызым,
Бір жұмыс бер, мен өтейін парызын».
Патша – тәнті, көңілінің қосы кеп, 
«Ойдағыдай болатың ер – осы» деп.
580. Айтты патша: «Осылай ма үрдісің,
Сүйсіндірді, көрдім, құлқын, түр-түсін.
Әрбір кезде адал істе – жағасың,
Сен жақын боп, босағамды бағасың.
Сенен – жұмыс, менен – сыйлық, жарайды, 
Қонатын құт қызыметке қарайды.


62
Сен бүгіннен қызымет қыл, жарқыным, 
Өтейді бек қызыметтің бар құнын».
Жерді сүйіп, Айтолды айтты, ер еді: 
«Патшам айтса – бақ кеп қолын береді.
585. Бір қызымет – ойлағаным жалғыз-ақ, 
Беттеп үйден, келдім, жүріп жол ұзақ.
Бұ жұмыста Жаратқаным жақтасын, 
Саған еңбек ету үшін сақтасын».
Шықты тысқа, жүзінде қан ойнады, 
Көңлі тасып, шам-шырақ көз жайнады.
Не дер екен асып бағы кеткен ер,
Бағы жанып, тілегіне жеткен ер:
«Салса назар күліп бектер – ірілер,
Мәз боп кісі, ақыл-ойы тірілер.
590. Кімге бектің көзі түссе шырадай, – 
Оның сөзі өтімді боп тұрады-ай!
Кімді бектер өз жанына тартады, – 
Соған жұрттың ынтызары артады.
«Бек» деген – құт, кім жақын кеп күтеді, 
Айтқаны боп, соның ісі бітеді».
Іске тұрды, Айтолды боп ізетті,
Ерте тұрып, патша есігін күзетті.
Күндіз-түні тік тұрды өңдеп ажарды
Салды соған бар ынта мен назарды.
595. Кіріп-шығып, патшаға жүр түйсініп, 
Патша да оған көз тастайды сүйсініп.


63
Күнде істеді әр алуан жұмысын,
Жүрді патша тәуір көріп мұнысын.
Сыйлар құлын бек есептеп өнбегін,
Болар ұлық, құл сіңірсе еңбегін.
Қыл қызымет – құл бейнетпен бек болар
Тілегіне жетеді ғой тек солар.
Нұсқап бұған дана бір сөз айтыпты,
Ойы, тыңда, тым өткір-ау, ай, тіпті:
600. «Жетесіз де іспен төрге өтеді,
Санасыз да игілік іс етеді.
Қызыметші жаңылмаса ісінен,
Тер сіңіріп, тілегіне жетеді».
Бұл Айтолды іс атқарды қат-қабат,
Есік ашық – патша қылды мархабат.
Өсті күнде, іс тетігін қарады,
Көңілі – шат, уайымы тарады.
Айтолды ісін патша көріп жебейді, 
Құнықты іске, мал-дүние көбейді.
605. Істе сынап, оған патша сенбекші, –
Ер табылды қалағандай еңбекші.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет