Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ


Тарау. Сөйлеген жақсы ма немесе [сөйлемей]



Pdf көрінісі
бет25/136
Дата23.03.2024
өлшемі1.36 Mb.
#496319
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   136
Й.Баласағұн.-Құтадғу-білік

Тарау. Сөйлеген жақсы ма немесе [сөйлемей] 
тек тұрған жақсы ма – [соны] айтады
Шақырып патша бір күн Айтолды ерді,
«Отыр» деп ыммен айтып орын берді.
Айтолды әдепті ердің ісін істеп,
Отырды төмен қарап, тілін тістеп.
Патша айтты: «Сөйле! – деді, – ежірейіп,
Үндемей неге тұрсың безірейіп?»


91
Айтолды: «Сені көрсе, бектер бегі,
Қаймығып, құл қимылын шектер тегі!
945. Айтқан жоқ патшам: «сөйле безектетіп»,
Не айтам сенен бұрын кезек етіп?
Тыңдауға дана сөзін тұрады аса – 
«Сен бұрын беземе тіл, сұрамаса!»
Кісіні кім шақырса, алғаш тұрып,
Сол айтсын әңгімені жалғастырып.
Сөйлесең «айт!» – демей-ақ, шатақ онда: 
Жөн болар оны «мал!» – деп атаған да.
Тіл қатса бекке барып тектен-текке,
Саналар миғұла боп, ол тентекке.
950. Қызыл тіл қысқартады қайран жасты,
Қылады байламасаң ойран басты.
Айтыпты ұстамды жан жайбарақат,
Тек жүрген – өмір сүрер жайда рахат:
«Қызыл тіл – қара бастың жауы болар
Жейтұғын талай басты тауып алар.
Басыңды сақтау үшін тілді күзет,
Бір күні басыңды тіл шауып алар».
Патша айтты: «Ұқтым – «сөзім тегін» демей, 
Тірі адам тұра ала ма тек үндемей?
955. Туады екі түрлі тірі анадан:
Екеудің бірі – керең, бірі – надан.
Кереңді, тілі берік, қыстамайды,
Надандар сөзін бүгіп ұстамайды.


92
Наданның тілі дәйім берік болсын,
Тіліне білімдінің ерік болсын.
Білгеннің сөзі – судай жерге берген: 
Молшылық жерден өнер су жіберген.
Білімді кісі сөзі таусылмайды,
Ағысты бұлақ суы таусылмайды.
960. Білікті – бастау көзі, шым бұлақтай,
Су болар ол жүрген жер тыңғылықты-ай.
Көңілі білімсіздің құмдай болар,
Құйса да дария тасып, жымдай болар».
Айтолды: «Тілден бәле жиылады, 
Тамыры тіршіліктің қиылады.
Тірі адам тұра ала ма, тіл қатпаса, 
Керегін жасыра ма, зіл жатпаса?
Сөзіңді бүгіп ұста бірақ онда,
Айтарсың әдемілеп сұрағанда.
965. Сұрау, ол – ер кісідей, сөзіме ерсең, 
Жауабы – зайыбындай, ойлап көрсең.
Бір әйел шығады ғой бір-ақ ерге,
Егіз ұл табады ғой мұрагерге».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет