Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ


Айтолдының патшаға [қойған] сауалы



Pdf көрінісі
бет22/136
Дата23.03.2024
өлшемі1.36 Mb.
#496319
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   136
Й.Баласағұн.-Құтадғу-білік

Айтолдының патшаға [қойған] сауалы
Айтты Айтолды: «Ей, падишам, ең жарық
Әлем билеп, атың кетсін жер жарып!
Сапар шегіп ұзақ жолдан, бар шыным, 
Келдім саған, жүдеп арып-аршыдым.
Бұ қылығың, даңқың тартып тұрғаны,
Бар қуатым – қызыметтің құрбаны.
Сен айтып бер, аман бол да лайым,
Не қалайсың – соны ғана қылайын!»


81
825. Қызыметің бек көңілін таппаса,
Зор еңбегің зая кетер жақпаса.
Құт қонақтап, іс-еңбегін асырған,
Ыла айтыпты, тыңда, жұртты бас ұрған*:
«Бек алдында қызымет қып тұрғасын,
Бек сүйетін жолдан бетін бұрмасын.
Бек разы болса – бедел асады,
Қызыметің содан есік ашады.
Ісін білген – төрге шығар, шығысар, 
Іс білмеген – төрден төмен ығысар.
835. Бекті құлы шат сезімге бөлейді,
Бек те соны қадір тұтып елейді».
Патшаның Айтолдыға [берген] жауабы
«Ұқтым! – деді патша, – мұны білемін, 
Сақтан өзің – қуантудың біл емін.
Мен айтайын: жаман істен қалыс бол
Сен жуыма жаман іске – алыс бол.
Жақтырмаймын: өтірікті, жалғанды, 
Зорлық етіп, қара күшке салғанды,
Сұғы бар көз, кессе қаны шықпасты
Ұшқалақты, «көзі ұятсыз – ұқпасты».
835. Қаһар төксе, ашу-ыза кернесе,
Арам қол боп, шарап іздеп терлесе.
Маған жақпас бұл кісілер тәрізді,
Бәрін ашық айттым саған – бәрі ізді.


82
Маған жұмыс істер болсаң тұрақтап,
Бұ нәрсенің бәрін де қу жырақтап.
Әр күн сайын жақын тартып барасың, 
Сый-құрметім шешер ол іс арасын».
Айтолдының патшаға [қойған] сауалы
Айтты Айтолды: «Білдім бұ сөз сарасын,
Айтып берші тағы бір сөз арасын.
840. Жауап берші, ізгі кісі қандай-ды?
Ізгілігін оның қайтып таңдайды?»
Патшаның Айтолдыға [берген] жауабы
Айтты патша: «Ісі ізгінің ерек-ті,
Пайда әкелер ол халыққа керекті.
Бар халыққа еңбек етер құлдай-ды, 
Жақсылығын әете міндет қылмайды.
Жұртқа беріп – ойламайды алымын
Бергенінің сұрамайды қарымын».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет