Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ


Патшаның Өгдүлмішке (қойған) сауалы



Pdf көрінісі
бет41/136
Дата23.03.2024
өлшемі1.36 Mb.
#496319
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   136
Й.Баласағұн.-Құтадғу-білік

Патшаның Өгдүлмішке (қойған) сауалы
1875. Айтты патша: «Білім қажет еткендер –
Білмегенді сұрап біліп жеткендер.
Қуан оған, бұл әдет қой тұрақты.
Сен айтып бер осы берген сұрақты!»
Өгдүлміштің патшаға (берген) жауабы
Айтты Өгдүлміш: «Жөні түзу тақсырым! 
Сөйлегенше – тыңдаған ғой жақсы ырым.
Сөйлегендер жанын жейді жеміріп
Тыңдаған жан бал-бұл жанар семіріп.
Айтқан екен сыншы дана көп ойлап: 
«Сөйлемей-ақ, тыңда, – депті, – абайлап.
1880. Тыңдап кісі даналыққа жетеді,
Көп сөйлеген ердің басы кетеді.


166
Тыңдай білсе – қанар құлақ құрышы,
Көп сөйлесе – қашар адам ырысы.
Айтылмаған сөздерің – саф алтындай
Тістен шықса – қалар бақыр қалпында-ай!»
Айтты патша: «Тура жауап ойладың,
Сен өзіңе құт белбеуін байладың».
Өгдүлміштің патшаға [берген] жауабы
Айтты Өгдүлміш: «Патшам бақыт қылатын, 
Мен өзіме жетер осы «құл» атым.
1885. Құлдың егер ақыл-ойы жете алса,
Жаны пида бегін риза ете алса.
Тыңда: айтайын білген сөзді аталық 
Кешір, патшам, кетіп қалса қаталық!»
Тарау. Бектікке лайық болғандай бектің қандай болу 
керектігі [туралы] айтады
Патша айтты: «Сұрайтын бір тілек бар-ды,
Сөз етем соның жайын жүрек жарды.
Бір Алла жаратыпты ерте таман,
Кісіні үлкен, кіші, жақсы, жаман.
Білімді, білімсізді, жарлы, байды, 
Ақылды, ақылсызды, қу мен жайды, –
1890. Бұларды атақты бек сұрағандай, 
Болады іс-қимылы, сірә, қандай?
Жетіліп, өсіп жатса, байып халық, 
Әкімнің болса соған аты лайық.


167
Қазына толып, күміс түзілсе бір,
Дау құрып, жау мойыны үзілсе бір.
Әскері күш жинаса қалың қолды,
Бастаса ғылым өсіп, тура жолды.
Әлемге аты шықса өктем болып,
Бақ жанып, көтерілсе күнде толып.
1895. Көңіл хош, көп жыл билеп, салса сайран, 
Бағынып бар дүние қалса қайран?»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет