Түркі ынтымақтастығы және ғылыми интеграция Қазақстанның сыртқы саясатта «көпвекторлы»


Лекция тақырыбы: Жаңа тәуелсіз түркі мемлекеттері Жоспары



бет20/24
Дата15.12.2023
өлшемі391.18 Kb.
#486685
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Лекциялар Түркі әлемі және интеграция

Лекция тақырыбы: Жаңа тәуелсіз түркі мемлекеттері Жоспары:
1. Түркменстан

2. Әзербайжан

3. Түркия республикасы

Лекция мақсаты: Түркіменстан, Әзербайжан және Түркия мемлекеттерінің өткен тарихы мен бүгінгі тарихын салыстырмалы тұрде талдау және қазіргі таңдағы бұл мемлекеттердің қарым-қатынастарын түсіндіру.

Лекция мәтіні: Қазіргі Түрікмен жерін адам баласы төменгі палеолит дәуірінде мекендей бастаған. Көне неолит (б.з.б. VI мың жылдықта)- джейтун мәдениеті түрікмен жерінде болған Копетдаг тау баурайындағы жазықтан Джейтун, Чопан-Тепе, Бами, Чагылды, т.б., ежелгі қоныстардың қалдықтары табылған. Ол дәуірдегі рулық қоғамда түрікмен халқы егін егу, мал өсіру, аң аулаумен шұғылданған.

Энолит дәуірінде Түрікменияда ану мәдениеті болды. Ондағы елді мекен қалдықтары Копетдаттың солтүстік тармақтары мен Теджен өзені сағасынан табылған. Бұл түста Түркменияда диқаншылық пен мал шаруашылығы кең өріс алды, бұрынғыдай тек арпа, бидай ғана емес, жүзім, қара бидай, сұлы т.б., дақылдар өсіретін болды. Қала типтес қоныстар салына бастады.

Түрікмен халқының тарихы ерте кездегі Орта Азияны мекендеген халықтар тарихымен тығыз байланысты. Б.з.б. I мың жылдықтың орта шенінде Түрікмен жерінде экономикасы жақсы өркендеген облыстар Маргиана мен Парфия болды.

Каспий теңізінің ощүстік-шығыс жағалауында Гиркания облысы болды да, Солтүстік жағывдағы далалы аймақтарды Массагет және Дах көшпелі тайпалары мекендеді. Б.з.б. VII- VI ғасырларда Маргиана Бактрияның, ал Парфия мен Гиркания Индия мемлекетінің құрамына кірді.

Б.з.б. VI-IV ғасырларда Бұл облыстар Ахмен әулеті мемлекетінің қол астында болды. Б.з.б. IV ғасырдың аяғында Түрікмения жерін Алексаңдр Македонский жаулап алды, б.з.б. III ғасырдың орта кезінде тау бөктеріндегі аймақта Парфия патшалығы пайда болды. Парфия патшасының резиденциясы (түрағы) Ниса қаласы болды. Б.з.б. 224 жылы Сасани әуле-іінен шыққан парсы патшалары Парфия патшалығын талқан-дап, оңтүстік Түрікменияның жерін басып алды.

Біздің заманымыздың I ғасырының орта шенінде Арал маңында Хунну тайпасы пайда болғаннан кейін үзақ жылдар ішінде жергілікті тайпалар соларға сіңісіп кетгі.

Солтүстік Түрікмения жер аумағында халықаралық шығу тарихында Алан тайпасы маңызды орын алды. V ғасырдың ортасында Түрікменияның көптеген жерін Эфталит тайпасы жаулап алды. Диқаншылықпен айналысқан аймақтарда феодалдық қатынастар VI ғасырға дейін пайда болды да, көп үзамай-ақ ол далалық аудандардағы көшпелі тайпалар арасына да таралды. Түрікменияның онтүстікжәне шығыс аймақтарында мақта, астық дақылдары, көкөніс-жеміс, жүзім өсірілетін болды. Мерв, Ниса, Абивердте жібек шаруашылығы өріс ала бастады. Ерте феодалдық дәуірдің езінде-ақ Мерв халықаралық сауда орталығына айналды.

VI ғасырдың орта кезінде Эфталиттер мемлекетін Түркі қағандығы жаулап алды. Түрікмения жеріндегі жергілікті көшпелі халықтар түркі тілдес тайпаларға бағынышты болды. Қағандық ыдырағаннан кейін түркі тайпалары Каспий бойындағы далалық аймақта және Дахистанда өз алдына дербес ел болды да, оны жергілікті ақсүйектер басқарды. VII ғасырдың Орта шенінде Түрікмения жеріне арабтар басып кірді, 716 жылы Араб Халифаты оның оңгүсгік бөлігін Каспий теңізінен бастап Амудария жағалауына дейін басып алды. Түрікменияның жергілікгі халқының басым көпшілігі ислам дініне кірді.

IX-XI ғасырларда Сырдарияның төменгі және орта ағысын бойлай және Каспий теңізінін; солтүстігі мен шығыс аймақтарына түркі тілдес Оғыз тайпасы келіп қоныстанды, олардың бірсыпырасы VIII ғасырда ислам дінін қабылдаған.

1040 жылы Селжук әулетінен шыққан көсемдердің басшылығымен оғыздар Түрікмения жеріне келіп орын тепті. Сөйтіп оғыздар түрікмен халқының қалыптасу негізіне қосымша себеп болды. Олар жергілікті тұрғындармен араласып түрікмен атанып кетгі.

Түрікмениялық Селжук мемлекеті құрамына кіруі елдің экономикалық жағдайын жақсартып, феодалдық қатынастың одан әрі өркендеуіне себепкер болды. Феодалдық қагынастың дамуы арқасында ірі феодал-әмірлер пайда болды да, олар Селжук әулетіне қарсы шыға бастады. Мелик шахтың балалары империяны бірнеше иеліктерге бөлген кезде Санжар сұлтан қазіргі Түрікмен республикасы жерінде дербес мемлекет құрды, астанасы - Мерв (Мары) қаласы болды. Бұл мемлекет түрікмен халқының жерінде құрылған түрікмендердің ұлттық мемлекеті еді.

Санжар 1118-1157 жылдары өз мемлекетін нығайтып, феодалдық бытыраңқылыққа қарсы күрес жүргізді. Бірақ 1141 жылы Қарақытайлардан жеңіліс тауып, Орта Азиядағы билігінен айырылды. 1157 жылы Санжар өлімінен

кейін Түрікмен мемлекеті өмір сүруін тоқтатты2. Сонымен бірге 1158 жылы көшпелі оғыздар мен Хорасан бұқарасының көтеріліске шығуы Селжук-Түрікмен мемлекетін құлатып тынды.

XII ғасырдың аяғы мен XIII ғасырдың басында Түрікмения жер аумағы Хорезм шахтарының қол астында болды, ал 1219- 1221 жылдары оны Шыңғыс ханның әскері басып алды.

Түрікмен тайпаларының негізгі кепшілігі Каспийдің Шығыс жағалауына және Узбой аңғарына барып паналады. Түрікмения жерін Алтын Орда, Шағатай ұлыстары және Хулагу мемлекеті бөлісіп алды. Түрікмендер Алтын Орда хандарына т.б. монғол билеп-төстеушілеріне қарсы талай рет көтеріліс жасады.

XIII-XIV ғасырларда түрікмен халқының қалыптасуы одан әрі өрістеді. Оның негізін қалағандар Солтүстік Түрікменияны және Үстіртті қоныстанған түрікмен тайпа-лары (Салыр, Языр, Алил) болды.

Хулагу мемлекеті құлаған соң (XIV ғасырдың ортасы) және Алтын Орда өлсірегеннен кейін (XIV ғасырдың 60-жылдары) Түрікмения жерінде жартылай тәуелсіз бірнеше феодалдық иеліктер пайда болды. Бұларды XIV ғасырдың 70-80-жылдары Темір өз мемлекетіне қосып алды. XVI ғасырда Темір мемлекеті құлады. XVI-XVII ғасырларда Түрікмения жерінің біразы Хиуа және Бүхара хандықтарының, қалған бөлігі Иранның қол астында болды.

XVI ғасырда Амудария суының Сарықамыс ойпатына құйылуы тоқтап қалды. Осының салдарынан ол манда егін щықпай, жергілікті тұрғындар оңтүстікке қоныс аударды да, астық егуге жарамды Ахал, Атек, Мерв, Атрек және Гюрген аймақтарын иеленді. Тайпалардың жиі қоныстанбай, бытырап жүруі салдарынан түрікмендер XV-XVII ғасырларда өз алдына жеке мемлекет құра алмады. XVI ғасырдың 50 жылдарында оңтүстік-батыс Түрікмения тұрғындары Аба Сердардың басшынығымен Иран өюмшшгіне қарсы көтеріліске шығып, Хиуа әскерінің көмегімен шаһ әскерін 3 рет талқандады.

XVI-XVII ғасырларда Орта Азшща екі хандық: Хиуа және Бүхара хаңдығы болды. Біріншісі Амударияның төменгі ағысы бойында орналасып, Түрікменияның біраз бөлігін қосып алды. Екіншісі - Маураннаһр мен Ферғана алқабы еді. Оның оңтүстік шекаралары Мерв алқабына дейін жетгі.

Түрікмеңдердің көшпілігі мал шаруашынығымен, сонымен бірге Копетдаттың тау бектерлершде, Каспий теңізі маңында және Хорезм оазисіңде егіншілікпен айналысты.

XVI ғасырда Түрікмен - Орыс байланысы дами бастады. Орыс - Түрікмен сауда орталығы Астрахан және Маңқыстау түбегівдегі жеке түбектер болды. XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басында түрікмендердің біразы Ресей жеріне көшті де, кейіннен олар солтүстік Кавказға барып қоныстанды (Ставрополь түрікмендері).

XVII ғасырдың соңында қазіргі түрікмендер Түркмения-ның барлық аймақтарына қоныс теші. Іргелі тайпалары: Теке, Жаумыт, Ерсары, Гоклан, Салыр, Сарық, Чаудар болды. XV- XVII ғасырларда Түрікменияда феодалдық құрылыс үстемдік етгі.

Түрікмендердің тілі түркі тілінің оғыз тобына жатады. Түрікмендердің дінге сенушілері -мұсылман-суниттер.

Сонымен, Түрікмен халқының ұлт болып қалыптасуына оғыздардан басқа Сақ, Дай, Массагет, Сармат, Алан тайпаларының және ежелгі Маргаан, Парфия тұрғындарының да ықпалы болды.

Әзербайжан – ежелден келе жатқан бай тарихымен ерекшеленетін мемлекет. Бұл өлкеде тарих қазынасы ғасырлар бойы толығып, әлемдік мәдениет мұрағатына да соқпай кетпейді. Адамдар алғаш мекен еткен Азых үңгірінің табылуы Әзербайжанның тас дәуірін де бастан өткергенін дәлелдей түспек. ІІІ мыңжылдықтан б.з.д. І ғасырға дейін алғаш тайпалар қалыптасты. Б.з.д. ІХ ғасырда алғашқы саяси формациялар пайда болды: экономикасы мен мәдениеті жоғары деңгейде дамып, халқы табиғат күшіне сеніп, Күн мен Айға табынған Манна мемлекеті – соның куәсі.

Б.з.д. ҮІ ғасырдың басында Маннаны Мидиялықтар жаулап алып, ресми дін деп зороастризмді таныды. Ежелгі тарихында Антропатена және Кавказдық Албания мемлекеттері үлкен рөл ойнады. Әзербайжан ұлты қалыптасты. ІІІ-Ү ғасырларда Әзербайжан территориясына христиан діні тарады. Ү ғасырдың басында албан әліпбиі құрастырылып, біілмнің дамуына жол ашылды.

ҮІІІ ғасырдың басында әзербайжан территориясын арабтар жаулап алды. Ислам діні басты дінге айналып, Әзербайжан жаңа салт-дәстүр мен әлемдік мәдениетке ене бастады және де әлемдік мәдениетке өз қазынасын құйды: ғалымдар, ақын, сәулетшілер еңбегі әлемге танылды. Ортағасырларда Әзербайжан территориясында Қара-Қоюнлу, Ақ-Қоюнлу және Сефевид мемлекеттері бөлініп шықты. Еуропа мен Азияны сауда жолдарымен жалғап жатқан Әзербайжан территориясында ХҮІІІ ғасырда тәуелсіз хандықтар пайда болды. Алайда Ресей, Түркия және Иран арасындағы қайшылықтар ХҮІІІ-ХІХ ғасырда тереңдей түсіп, Әзербайжанды соғыс ошағына айналдырды. 1828 жылғы Түркменчай шарты бойынша Ресей мен Иран Әзербайжанды өзара бөліске салды.

Әзербайжан – ежелгі өркениеттер ошағының бірі, жанға дауа, бай табиғатымен ерекшелінетін тарихи мемлекет. Ежелгі тас дәуірінің қалдықтары Ханлар маңындағы Килликдаг тауынан табылды. Сол кездің өзінде Әзербайжан территориясында мал шаруашылығы дамып, халқы өзен жағалауларында арпа, бидай өсірумен айналысады. 10 мың жыл бұрын Бакуға қашық емес жердегі Гобустанда тұрған, есімі бізге беймәлім суретші сол уақтағы халық өмірінің көріністерін бейнелеп кеткен.

Кейінірек Әзербайжан халқы мыс игеріп, өз игіліктеріне қолданды. Нахичевандағы Кюльтепе төбесінен мыстан жасалған бұйымдар табылды. Б.з.д. ІІ мыңжылдықта Әзербайжан территориясында тұрған шаруашылықта қоладан жасалған пышақ, балта, қанжар, қылыштарды қолданған. Ондай бұйымдар Ходжалы, Кедабек, Дашкесан, Мингечаур, т.б. аудандарда табылды.

Б.з.б. ІҮ ғасырдың соңы – ІІІ ғасырдың басында қаіргі Солтүстік Әзербайжан жерінде ІІІ Дарийдің Ахеменид империясы құлағаннан кейінгі біріккен жиырма алты албан тайпасынан Кавказ Албаниясы құрылды. Территориясы солтүстікте Кавказ жотасынан оңтүстік Аракс өзені, батыста Гекча (Севан) көлінен шығыста Каспий теңізіне дейінгі алқапты алып жатты. Мемлекеттің астаналары ретінде Габала (Габалака), кейін (б.з. Ү ғасырдан бастап) Барда (Партав) қалалары белгілі болды. Страбон Албанияны саудасы мен мәдениеті жоғары дамыған елге жатқызды, ал птолемей Албаниядағы 30 ірі қаланы атап көрсеткен. Б.з. І ғасырдың соңындағы римдіктердің Помпей бастаған жорығынан кейін Албания Рим билігіне өтті. ІҮ ғасырда Урнайр патша ресми тұрде христиандықты қабылдады. Бұл уақытта сонымен қатар албан жазабсы қалыптасты. Б.з.д. ІҮ ғасырдан бастап алабндар парсы жағында Александр Македонскиймен, кейін (б.з.д. І ғасыр) Риммен, б.з. басында көшпелі ғұндармен үздіксіз соғыстар жүргізді. 461 жылы Албания Сасанидтік Иранға тәуелділікке түсті. Алайда 487 жылы ІІІ Вачаган тұсында ел дербестігі қалпына келтірілді. Арабтар шабуылына ұшырағанға шейін Албания Кавказдағы ең дамыған мемлекет болды. Б.з.д. І мыңжылдықта бұнда Манна, Иским, Скит, Скиф және Кавказ Албаниясы мен Атропатена сияқты құдіретті мемлекеттер қалыптасты.

Б.з. ІІІ ғасырда елді Иран сасанидтері, ал ҮІІ ғасырда Араб халифаты оккупациялады.

387 жылы Ұлы Армения құлдырап, Әзербайжан территориясы Иран Сасанидтері мемлекетінің бөлігіне айналды. 654 жылы Әзербайжан территориясын арабтар жаулап алды. Әзебайжан тұрғындары иран тілінде сөйлегенмен, ислам негізгі діні боп қала берді.

ҮІІ ғасыр ислам дінінің қабылдануы Әзербайжан тарихына түбірлі өзгерістер әкелді. Ислам діні Әзербайжан территориясындағы түркі және түркі емес халықтардың арасындағы біртұтас халық, тіл, салт дәстұрдің қалыптасуына ықпал етті. Ислам діні таралған өлкелерде Саджид, Ширваншах, Саларид, Раввадид, Шелдадид мемлекеттері құрылып, Әзербайжанда жаңа саяси өрлеу басталды.

799 жылы (орталығы Шемахта) Ширваншахтар мелекеті құрылды. ҮІІ –Х ғасырда Әзербайжан территориясы бірнеше рет хазарлар мен рустардың шабуылына ұшырады. ІХ ғасырда Әзербайжан территориясын антиисламдық хуррамиттердің зороастрилық Бабек бастаған көтерілісі шарпыды. ХҮ ғасырда Ширванның (Солт. Әзерб.) астанасы Бакуге ауысты және сонда Ширваншахтар Сарайы тұрғызыла бастады. Ширванның ІІІ орталығы атақты ақын Низами Гянджевидің отаны Гянджа қаласы болды. Ширваншахтар мемлекеті ХҮІ ғасырға дейін өмір сүрді.

ХІІ ғасырда Әзербайжан Атабейлерінің мемлекеті құрылды. Астанасы – Тебриз. Олар Оңтүстік және Солтүстік Әзербайжанды біріктіріп, кейін ХІІІ ғасырда Хорезмшах Джалалелдин қолынан құлдырай бастады.

ХІІІ ғасырда монғолдық Хулагуидтер империясы құрылды (Ұлы Моғол империясы).

Хулагуидтер империясы құлаған соң олардың иеліктерін түркмен-оғыздардың Қара – Қоюнлу және Ақ-Қоюнлу деген бір-бірімен жауласқан мемлекеттер иемденді. Нәтижесінде Ақ-Қоюнлу жеңіске жетті. ХҮ ғасырдың ортасында Ақ-Қоюнлу мен Осман империясы арасында соғыс басталды. Бұл – адамзат тарихында әзербайжандар мен түріктер арасында ұзаққа созылған (400 жыл, үзілістер болды), қанды ды қатерлі соғыс болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет