Лекция тақырыбы: Орта Азия және Қазақстанды моңғолдардың жаулап алуы Жоспары:
1. Моңғол мемлекетінің құрылуы.
2. Отырар қырғыны.
3. Харезмшах Мұхаммедке қарсы манғолдардың шабуылы.
4. Империяның құрылуы және оның ұлыстарға бөлінуі.
Лекция мақсаты: ХІІІ ғасыр басында құрылған Моңғол мемлекетінің билік тізгінін қолына алған Шыңғысхан моңғол мемлекетін империяға айналдарды. Моңғол мемлекетінің құрылу тарихы, мемлекеттік құрлымын, моңғолдардың әлем тарихындағы алар орнын салыстырмалы түрде түсіндіру.
Лекция мәтіні: Моңғол мемлекетінің құрылуы. Шыңғысхан және Монғолдар туралы бірінші мәліметтерді Қытай және Монғол хикаяларынан алып қарауға болады. Олардың тартыстары ру арасы болып басталған Монғол рулары көрші Түрік қауымдары мен үнемі қосылып одақ жасап, қоныс жайлайтын жайылым үшін, жер үшін соғысумен болған. Бұл жөнінде көне деректерге жүгінер болсақ Шыңғысханның туыстарының алдында сөйлеген сөзін мысал етіп келтіруге болады. «Сендер мені өлтірмекші болдындар. Ал мен Онон бойындағы жерді (Онон осы уақытта Бурят Монғолияның оңтүстігіндегі өзен) басшымыз қалдыруға болмайды деген пікірді ғана айттым. Мен әрқайсысына ол жерге басшы болындар деп өтіндім, бірақ ешқайсың да көнбедіңдер. Сондықтан мен өздеріңнің сурауларың (талап етулерін) бойынша жоғарғы үкіметті қолыма алып, өткен ата-бабаларымыздыңәдет-ғұрыптарын сақтауға күзетші болдым. Ата қонысымыз үш өзеннің бойын жаудан қорғау үшін мені бір ауыздан хан сайлады. Мен хан сайланған сон өзіме жақын адамдарды байытуға міндеттімін деп ойладым. Сондықтан қолыма түскен мал-мүлік, қатын-бала барлығын сендерге беріп отырдым».
Бұл келтірген Шыңғысхан сөзінен дала феодалдарының жерді көбірек алып, олжа түсіруге өте құштар болғандығы айқын көрінеді. 13ғ. 2- жартысында әлеуметтік экономикалық дамуында әр турлі басып келген Монғол-Татарлары 1-Орман халқы 2- көшпелі «қар халқы» деп аталған.
Орман тайпалары негізінен аң аулаумен, ал қар халқы тайпалары мал шаруашылығымен айналысты. Орман халқына қарағанда, қар тайпалары сан жағынан көп болып Монғол қоғамында жетекші роль атқарды. 12-ғ. аяғы мен 13-ғ. бас кезінде Монғолияда феодалдыққатынастар процестері жүріп жатты. Монғолиядағы феодалдық мемлекетті тұңғыш құрушы оның негізін салушы Темучин болды. Ол 1162 жылы немесе басқа бір деректер бойынша 1115 жылы Есугей Бахадур отбасында туған. Темучин көрші тайпаларға сәтті шабуылдар жүргізіп ер жүрек жауынгер даңқына ие болды. Ол өзінің негізгі қарсыластарын тас-талқан етіп жеңіп отырған. Сөйтіп Темучин бүкіл Монғолия тайпаларын дерлік өз қол астына біріктіруді аяқтады. Бұрын Монғолияның мекендеген тайпалардың көпшілігі Татар деген атпен (еңқуатты тайпалардың бірінің аты бойынша) Монғол – Татарлар деп аталуы осыдан айтып кетуге болады. Мемлекетің нығаюына байланысты Монғолия тайпалары өздерін Монғолдар деп атай бастады. Бұл мәселе феодалдық Монғол құрылуына әкеп соқты.
¤зара күресте барлыққарсыластарын жеңіп, Темучжин моңғолдар мен түріктердің бытыраған рулары мен тайпаларын бір елге біріктіреді және 1182 жылы оған «Шыңғыс» деген лауазым беріп, тайпа көсемдері оны хан сайлайды. «Шыңғыс» деген сөз «теңіз-мұхит» дегенді білдіреді. Сонымен, «Шыңғысхан» - теңіз сияқты үлкен аумақтың иесі деген лауазым.
1206 жылы Онон өзенінің жағасында Монғол ақ сүйектерінің жиналысы болып, онда Темучин Шыңғыс-хан деген атпен Монғол мемлекетініңӘміршісі болып сайланды. Ақсүйектердің мүддесін қанағаттандыру үшін Шыңғысхан ішкі өзара қырқыстардан гөрі әскери күшпен соғыс олжасына кенелудің ана ғұрлым кең мүмкіндіктері бар екендігін және жаулап алғаннан кейін егіншілікпен айналысатын көрші бай әрі мәденниетті елдерді феодалдыққанау мүмкіндігімен дәлеледеніп жаулап алу жолына түсті. Монғол ақсүйектері үшін соғыстар сонымен бірге Монғол қоғамындағы әлеуметтік қайшылықтарды бәсендету құралы болып қызмет етті.
Билік басына келген Шыңғысхан бүкіл елде «¦лы Яседе» бейнеленген (Яса-сөз) қатаң заң орнатады және бұл заңдарды сөзсіз орындауды бәрінен талап етеді, оны бұзғандарды өліммен жазалауды бұйырады. Осыдан моңғол әскерінде қатаң тәртіп орнайды және оның аса жетік ұйымшылдығы пайда болады, соның арқасында олар алып аумақтар мен көптеген халықтарды жаулап алды.
Яса заңдарынан бірер мысалдар:
1. Зинақорлық жасаған адам үйленген бе, жоқ па, ол есепке алынбайды, өлім жазасына кесіледі.
2. Кім де кім айғай-шу көтеріп кінәлі болса, ол да өлімге бұйырылады.
3. Кім де кім әдейілеп немесе арбаумен өтірік айтса, не болмаса біреудің әрекетін астыртын бақыласа, немесе екі дауласушының арасына түсіп, біреуіне қарсы екіншісіне көмектессе, ол да өлім жазасына бұйырылады.
4. Суға немесе күлге дәрет сындырған адам да өлімге бұйырылады.
5. Кім де кім тауар алып, борышқа батса, содан соң тағы да тауар алып, тағы да борышқа батса, содан соң тағы да тауар алып, тағы да борышқа батса, ол үшінші кезден кейін өлімге кесіледі.
Кім де кім тұтқындаған адамның рұқсатынсыз тұтқынға тамақ немесе киім берсе, сол адам өлімге кесіледі.
Кім де кім қашқан құлды немесе қашып кеткен тұтқынды тауып алып, оны иесіне қайтармаса, өлімге қиылады.
Құран оқитындарға (қариға), заң шығарушыларға, емші-тәуіптерге, өзін құдайшылық пен тақуалық жолға сарп еткен ғылым қайраткерлеріне, азаншылар мен мәиіттің денесін жуушыларға алым-салық салынбайтын болсын.
Ол бір діннен екінші дінді жоғары қоймай, діннің бәрін сыйлауға қаулы шығарды. Мұның бәрін ол құдайға жағынудың құралы ретінде қабылдады.
Өлімнен (қылмысы үшін өлім жазасынан) кұн беру арқылы: мұсылман үшін қырық алтын теңге, ал қытай үшін бір есек төлеп құтылуға болады.
Кімнен ұрланған жылқы табылған болса, ол оған осындай тоғыз жылқы қосып иесіне қайтаруға міндетті; егер де бұл айыпты төлеуге оның жағдайы көтермесе, онда жылқылардың орнына оның балалары алынсын, ал балалары болмаса, онда оның өзін қойша бауыздау керек.
Өлім жазасы, сондай-ақ басқарушылардың ханның сыртынан үшінші бір тұлғалармен сөйлескендері үшін, ұрыста жәрдем көрсетпегені үшін, бастықтың рұқсатынсыз күзет тұрағын тастап кеткені үшін, жауынгерлердің әскери міндетін орындаудағы салактығы үшін берілді. Жасақ өз еркімен берілген елдер мен қалаларға аяушылық етуге жарлық берді. Бұл заңдар билеушілер үшін де, қатардағылар үшін де бірдей болды. Мысалы, соғыссыз берілген қарсыластарына қаталдық керсеткені үшін Шыңғыс хан өзінің жездесі Тоғышарды түменбасылықтан қатардағы жауынгерге дейін төмендетіп тастаған. Содан кейін ол Нишапур қаласына шабуыл жасаған кезде қаза болған екен.
Жаулап алу соғыстарын бастаған Шыңғысхан екі үлкен мақсатты көздеді: біріншіден, Енисей мен Лена өзендерінің бойындағы түрік тайпаларынан Дунай жазығындағы мадьярларға дейінгі барлыққандас халықтарды бір мемлекетке біріктіру; екіншіден, Шығыс пен Батыстыңөркениетін өзара байланыстыру, олардан пайда алу үшін алмасу жолдарын құру және қорғау, еуразиялыққұрылықтың екі бөлігі арасындағы жоғарғы төреші-билікші болу. Мұндай жоспарды кезінде Атилла да қастерлегені сөзсіз. Бәлкім, бұл туралы
¦лы Александр және Наполеон Бонапарт армандаған болар, бірақ мұндай идеяны жүзеге асыру, оны аяғына дейін жеткізу Шыңғыстыңғана пешенесіне жазылған еді. Тек моңғол жаулап алушылары ата-бабаларының «соңғы теңізге» жету, бір мұхиттан екіншісіне дейін созылып жатқан империяны құру арманын орындай алды.
Шыңғысхан мемлекетін әскери тұрғыдан құрды. Сөйтіп үш әскери әкімшілікке-округке бөлінді.
Әрбір округ «Түмге» түмендер, олардыңәр қайсысы он мың адамнан турады. Мыңдар –он жүзден, ал-жүздер –он ондықтан құралады. 1-Түмендер – 10000 (мыңдықтар); 2- Мыңдар –1000 (немесе 10 жүзден тұрады); 3- Жүздер 100 (он ондықтан тұрады).
Бүкіл Монғолия Шыңғысханның туыстарымен оны қолдаушылардың билігіне таратылып берілген 95000 әскері болды. Шыңғысханның 10000-дық көшпелі ақсүйектерден құралған күзетші гвардиясы болды. Шыңғысхан құрған әскери әкімшілік жүйе жаулап алу жорықтарында маңызды роль атқарды. 1207-1208 жылдары Шыңғысхан үлкен баласы Жошы Енисей Қырғыздарын және Сібірдің басқа да «Орман халықтарын» бағындырды.
1207-1209 ж Монғолдар Танғұттарды (Қытайды) Шығыс Түркістан териториясында тұрған үйғырларды бағындырды. 1215 жылы Цзинь мемлекетінің астанасы болған Чжундуды (Пекинді) басып алды.Шыңғысхан енді Европа мен Алдынғы Азияға жол ашатын болды. Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алуға көп мән берді, тыңшылар арқылы мұқият қатал түрде даярланды. Мұсылман көпестерінен, Монғолдардыңқол астында болған босқындардан, Қарақытайлар мемлекетінің, содан кейін Хорезм шахтың ішкі жағдайы мен әскери күштері туралы деректер алынып тұрды да тыңшы солардың негізінде қимыл жоспары жасалды (тыңшылар арқылы ) барлық мәліметтер белгілі болып отырды. 1211 жыл Шыңғысханныңқолбасшыларының бірі Құбылай бастаған Монғол әскері Жетісуға келді. Одан сон Оңтүстік Қазақстанға Орта Азияға баса көктеп кірді. « Отрар апаты» деген қайғылы оқиға болды.
Отырар апаты. Шыңғысханның елшілері және оларға ерген саудагерлері, жалпы саны бес жүзге жуық адам, араларында сөзсіз моңғол барлаушылары бар, 1218 жылы Отырар қаласына келіп жетті. Отырар билеушісі Қайыр хан мұншама сән-салтанатты делегацияның жаулық ниетін аңғарып, керуенді тонап алды, ал елшілер мен барлық саудагерлер өлтірілді. Бұл кезде иелігіне Отырар енген Шах Мухаммед өз хатында оны «өз ұлым» деп атаған Шыңғысханға ыза болды, мұнысымен ол түркістандық билеушінің ар-намысын аяққа басып қана қоймай, баласының жерін әкесі өз жеріне қосып алатынындай, өз империясына оның жерін қосатынын аңғартқандай еді. Сондықтан елшілер Отырарда өлтірілген еді. Кінәсіз елшілердіңөлтірілуін және сол уақыттарда басты міндеті барлау болған өз дипломаттарына немкеттілікті кешпеген Шыңғысхан қатты ашуланады және соғыс енді сөзсіз болатын еді.
Құрамына сол кезде Қазақстан енетін Хорезмшах империясы 13 ғасырдың басында, моңғол шапқыншылығы қарсаңында біріккен алып, әрі алуан тайпалы ел еді. Хорезмшах әскерлері моңғолдардікінен саны жөнінен екі есе басым болса да, Орта Азияның көпсанды және жақсы бекінген қалалары қарсылық көрсете алмады. Мұсылман монархыныңөзі әскери таланттан жұрдай болатын және де қиындық жылдарында мұсылмандықтың түрлі бұтақтары, сүниттер, шиіттер және көптеген басқа тақуалық секталар арасындағы қарама-қайшылықтармен бөлінген әртүрлі халықтар мен елдерді өз билігі уысында ұстап тұруға мықтылық, ерік-жігер және батылдық көрсете алмады.
1219 жылдың көктемінде Шыңғысхан мен оныңқолбасшы балалары 230 мыңдықәскерімен Ертістен өтіп, қазақ даласына баса-көктеп енді. Оңтүстікте моңғол түмендерін Жебе нойон бастады, солтүстікте әскерлерге Шыңғысханныңүлкен ұлы Жошы басшылық жасады. Ол шайқаста қырғыздарды тас-талқан етіп, одан әрі Дешті-Қыпшаққа өтті. Отырарды қоршау жарты жылға дерлік созылды, бірақҚараджа қожаның сатқындығынан кейін моңғолдар қалаға басып кіріп, жергілікті тұрғындарды өлтіре, тонай бастады. Жауынгерлердің шағын тобымен қаланың ортасындағы цитадельге бекінген Қайыр хан бекініс қабырғалары бұзылғаннан кейін де бір ай бойы қарсылық көрсетті. Цитаделді моңғолдар басып алғаннан кейін де,
Қайыр ханның барлық жауынгерлері мерт болғаннан кейін де, жеңімпаздардың еркіне берілуді қаламаған ол әйелдер оған жеткізіп тұрған кірпіштермен жаудың бетін тойтарып; күресін жалғастыра берді. Кірпіштер де қалмағанда, моңғолдар ержүрек ханды ұстап алып, байлап-матайды. Қайыр ханды дарға асады.
Харезмшах Мұхаммедке қарсы манғолдардың шабуылы.Отырар құлағаннан кейін қоршауға басшылық жасаған Шыңғысханныңұлдары Шағатай мен Угедей Орта Азия бойынша жеңісті шерумен кетіп бара жатқан негізгі моңғол әскерлеріне барып қосылды. Бұл кезде Хорезмшах империясының еңүлкен қалалары Бұқара, Самарқанд, Ходжент, Хиуа алынған еді. Келесі 1220 жылы Хорезм құлады. Моңғол қуғыншыларынан бас сауғалаған, өз қызметшілері мен жауынгерлері тастап кеткен Хорезмшахы Мухаммед Арал теңізінің бір аралына тап болады да, сол жерде аурудан қайтыс болады.
Осыдан кейінгі үш жылдың барысында Шыңғысханныңұлдары Жошы, Шағатай және Угедей тәжірибелі қолбасшылар Жебемен және Субедеймен бірге Иран мен Ауғаныстанды бағындырады, өз әскерлерімен оңтүстік орыс далаларына енеді, Кавказ бен Қырымды басып алады. Теректің төменгі сағасында оларға қыпшақтардың, черкестердің, лезгиндердің және аландардың біріккен әскерлері қарсы шығады. Қарсыластар әскерінен саны жағынан |аз моңғолдар бұл жолы қыпшақтарға елшілер жіберіп, оларды одақтастарынан бөлінуге икемдейді, олардыңқатарында алауыздық енгізеді де, содан кейін екі жақты жеке-жеке тас-талқан етеді. Солай бола тұрса да, қыпшақтар қарсылықтарын жалғастыра береді. Олардыңқолбасшысы Қотян хан өзінің орыс туысқаны, күйеу баласы князь Мстислав Галицкийден көмек сұрайды. Қалқа өзенінің жағасында 1224 жылғы мамырдың аяғында орыс және қыпшақ (половцылар) біріккен қолдарымен моңғолдардың шайқасы өтеді. Моңғол тактикасының басымдылығы арқасында, сондай-ақ орыс әскерлерінің бірыңғай басшылығы болмағандықтан, Жебе мен Субедей шайқаста жеңіп шығады.
Сонымен, 1224 жылы бірінші міндет - Орта Азия, Түркстан және Кавказ халықтарын жаулап алу міндеті орындалды. Моңғол тарихы жөнінен неғұрлым анық және дәл ғылыми еңбектің иесі парсылық тарихшы Рашид ад-Дин Шыңғысхан империясы жеңген және қосып алған халықтардың тізімдерін келтіреді. Олар: қыпшақтар (түркі халықтарының синонимі), орыстар, черкестер, асылар (аландар), маджала (маджар, мадьяр), келар, пула (болғарлар), башқұрттар, ібір,сібірлер (сібір халықтары).
Моңғол басқыншыларына неғұрлым күшті қарсылық көрсеткен Мұхаммед шахтың мұрагері Жалал ад-Дин сұлтан болды. Моңғолдармен шайқастар тәжірибесіне ие ол тіптен шайқастарда моңғолдарды бірнеше рет жеңетіндей етіп өз жауынгерлерін ұйымдастыра және дайындай білді. Ауғандық Баммиан қаласының түбінде Жалал-ад-Дин Шыңғысханныңөгей бауыры Шиги-Құтық түмендеріне соққы берді. Моңғолдар батыл Жалал-ад-Динді қууды жалғастырып, олармен үндістанға дейін барады және 1221 жылы Инд өзенінің жағасында шешуші шайқас болады, мұнда ерлік үлгілерін көрсеткен мұсылман әскері жеңіледі. ¤зін шебер стратег ретінде көрсеткен Шыңғысханныңөзі шайқасқа басшылық етті. Бірақ оныңөзі де резервті, іріктелген «мың батырды», өз гвардиясын пайдалануына тура келді. Солар соғыстың тағдырын шешті. Жалал-ад-Дин және Ходжентті ерлікпен қорғаумен аты шыққан оның серігі Темір Мәлік екеуі өз әскерлерінің Инд өзені арқылы шегінуін жауып тұрды. Соңғы сәтте олардыңөзі суға секіріп, өткелден жүзіп өтеді. Қарсыластарының ерлігін жоғары бағалай білетін Шыңғысхан өз ұлдарына жас сұлтанның ерлігін үлгі алуға лайықөнеге деп көрсетеді.
Шыңғысхан бастаған Монғол армиясы 1220 жылы майға дейін Орта Азияның Амудариға дейінгі бүкіл териториясын дерлік басып алды. 1221 жылы Хорезмді жаулап алды да Монғолдар Орта Азиядағы соғысты аяқтады.
Ал 1221 жылдың көктемінен бастап Хорасан, Ауғанстан, және Солтүстік Индия териториясына ауысты. Қолбасшылар Жебе ноян және Сүбедей ноян басқарған 30 мыңдық корпус Солтүстік Ираннан шығып Кавказға кірді, Аландарды, Қыпшақтарды, және Калка өзенінде Орыстарды тас-талқан етіп, Орыс жерлерінің Оңтүстік аймағына ойран салып, қазіргі Қазақстанның Шығыс Дешті Қыпшақ далалары арқылы, 1224 жылы Шыңғысхан ертістегі ордасына қайта оралды. 1225 жылы Шыңғысхан Монғолияға қайтып келді. Сөйтіп 1219 –1224 жылдардағы Монғолдар шапқыншылығы нәтижесінде Қазақстан мен Орта Азия Шыңғысхан империясыныңқұрамына кірді.1227 ж Шыңғысхан өлгеннен кейін 1235 жылы Қарақорымда Монғол ақсүйектерініңқұрылтай жиналысында Шығыс Европаға жаңа жорық жасау туралы шешім қабылданды. Моңғол әскерін Шыңғысханның немересі (Жошының баласы) Батый (Бату) басқаратын болды. Батый 1236-1242 ж.ж. Волга Булгариясын, Орыс княздіктерін, Польшаны, Венгрияны, Чехияны, Молдавияны ойран салып, Батыйхан Волганың сағасына қайта оралды да мұнда жаңа Монғол мемлекеті Алтын Орданы құрды.
Империяның құрылуы және оның ұлыстарға бөлінуі. Алтын Орда Орасан зор империя құрған Шыңғысхан өзінің 4- ұлысын әрқайсысына үлес бөліп берді. Кіші ұлы Төлей Шыңғысханның негізгі жұртын Монғолияныңөзін, сондай-ақ монғолдың тұрақты 129 мыңдық армиясының 101 мыңын алды. Шыңғысханныңүшінші ұлы үгедейге Батыс Монғолия, оның орталығы орналасқан жоғарғы Ертіс пен Тарбағатай аймағы қарайтын болды. Шыңғысханның екінші ұлы Шағатай иелігіндегі жерлер Оңтүстік Алтайдан Амударияға дейінгі Шығыс Түркістанды, Жетісуды қамтыды. Шағатайдың жазғы демалатын жері Іле өзенінің алқабындағы Құяш деген жерде болыпты. Шыңғысханныңүлкен ұлы Жошыныңүлесін Ертістен Батысқа қарай «Қойлық пен Хорезм» шекарасынан Саксин Булғар шекараларына дейнгі ұлан ғайыр территорияны алып жатты. Жошының Ордасы Ертісте болыпты. Жошы сарысуға жақын маңда Қыпшақтар елінде жерленген.
Сонымен Қазақстан территориясы Монғолдыңүш ұлысыныңқұрамынаүлкен даланың бөлігі Жошыға тиді. Жошы ұлысыныңқұрамына Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс Қазақстан Шағатай ұлысына, Жетісудың Солтүстік Шығыс бөлігі үгедей ұлысына кірді.
¦лыс басшыларыныңқолына билік толығымен тиіп империя бірнеше дербес мемлекетке ыдырады оның ыдырауына негізгі себептер халық бұқарасының Монғол езгісіне қарсы күресі, көптеген елдермен халықтардыңқарудың күшімен өзіне қаратып алған империяның іргесінің берік еместігі, қырыққұрау болып, үнемі жалғасқан өзара қырқыстар, экономикалық байланыстардың мәдени және тарихи дәстурлердің болмауы еді. Шыңғысханныңүлкен ұлы Жошы өзініңұлысың тәуелсіз мемлекет етуге күш салды. 1227 жылғы қыста оныңөлуі ғана әкесі екеуінің Жошы арасындағы соғысқа кедергі болған еді. Жошының мирасқоры оның баласы Батый болды. Батый қолының Руське және Волгадан батысқа қарай басқа да жерлерге жасаған қанды жорықтары Жошы ұлысының Алтайдан Дунайға дейінгі байтақөлкені алып жатқан төменгі Волгада орналасқан үлкен мемлекетке айналдырды. Алтын Орда деген атқа ие болды. Алтын Орданың астанасы Сарай-Бату (қазіргі Астрахань маныңда) болды. Кейінірек Сарай – беркеге көшірілді.
Алтын Орда ұлысы бір текті емес. Бір жағдайда Алтын Орда деп Батый мен оның мирасқоры Беркенің жеке иелігіндегі жерлерді яғни Повольже мен Солтүстік Кавказды айтқан, ал енді бір жерде түгелдей Жошы ұлысы айтылған Батый 1227-1255ж Алтын Ордаға билігін жургізуде көп беделге ие болды (баласы өзінің мирасқоры Мөңкемен бірге) биледі. Алайда Батый да оның мирасқорлары да Алтын Орданың тағында бір тұтас мемлекетті басқарушылар болмады.
Жошы ұлысы үлестерге оның көптеген ұлдарыныңұлыстарына ыдырады. Алтын Ордада, өз кезегінде, ұлыс жүйесі қалыптасты.
Монғол жаулап алушылары бағындырылған елдер халықтарыныңәлеуметтік-саяси тұтас алғанда өзгертпегенімен, олардыңқоғамдық тұрмысына айтарлықтай өзгеріс енгізді. Отырықшы егіншілікпен айналысатын өңірлердегі діңбасылары, көпестер, ірі феодалдар және Түріктердің көшпелі ақсүйектері Монғол хандары мен феодалдарының тірегіне айналды. Ал еңбекшілер екі жақты экономикалық және саяси езгіге ұшырады. Шыңғысхан ұрпағының басты державасының ең жоғарғы әміршісі болып, ¦лы хан немесе «Қаған» «Хақан» деген атаққа ие болды.¦лы ханның мемлекет басшысы ретіндегі праволары әскери, заң шығару және әкімшілік билігін қамтыды.
Құрылтай Монғол империясының саяси өмірінде Шыңғыс әулетінің және көшпелі Монғол ақсүйектерінің жалпы империялық жиналысы- құрылтай (Хурилтай, Хурилта ) зор роль атқарды. Құрылтай ресми түрде жоғарғы өкімет билігінің жоғары органы болып табылды. Құрылтайда ірі әскери әрекеттерге байланысты мәселелер, ішкі саясат, Шыңғыс әулеті арасында өлкелерді бөлу мәселелері шешіліп отырды. Құрылтайда хан жариялау және оны салтанатты түрде таққа отырғызу рәсімдері жасалады. Құрылтайды империяныңұлыстың басшысы немесе билік жургізіліп отырған әулеттің жасы жағынан үлкен мүшесі шақыратын болды. Оның шақырылуы мерзімі күні бұрын белгіленіп ұлыстарға шапқыншы арқылы жария етілетін. Тағайындалған мерзімде (әдетте көктемде) және белгілі бір жерге әдетте өзен жағасында империяның түкпір-түкпірінен ханзадалар, күйеу балалар, ханшалар, түмен және мың басы нояндар жиналды. Бұл жерде сондай-аққол астындағы патшалармен сүлтандар мол-мол силық пен тартуларын алып келетін болды. Құрылтай іс жүзінде Шыңғыс әулетініңәскер басшыларының және азаматтықәкімшілік қайраткерлерінің ханның және оның айналасындағы жақындарының күні бұрын қабылдаған шешімдерін қүлақтандыру әрі орындау үшін қабылдауға арналған жиналысы болды және ол империя басшысының билігін шектемеді. 125 жылы Мөңке қаған (хан) өлгеннен кейін жалпы Монғолдыққұрылтайлар шақырылған жоқ.
13-ғ. басында Монғол мемлекетініңқұрылуы мемлекетті басқару үшін ортақ жазбаша баянды етілген праволық нормалар мен заң ережелерін әзірлеу қажеттігін тұғызды. Жаңа жағдайларға сай келетін өзгерістерге ұшыраған әдеттегі право осы мақсатқа ойластырылды. Заңдар мен ережелердің жиынтығы Шыңғысханның «¦лы ясасы» - деген атқа ие болды. Ясаның неғұрлым толық формасы ясак Монғолша – дзасақ- «қаулы», «заң» дегенді білдіреді. Монғол империясының бүкіл хан тұқымының иелігі болып саналды. Бұл заң феодалдардың мүддесін қорғады. Ясаның ережелері мұсылман дініндегі, халықтарына әдеттегі ерекше қайшы келіп отырды. Сондықтан жергілікті халық оған қарсы келіп отырды. Шыңғыс тұқымыныңәрбір өкімі қолөнершілердің белгілі бір тобын және империяның жалпы териториясынан егіншілік аймағын алып отырды. Олардан түскен пайда сарай мен әскердіңқажеттерін қанағаттандыру үшін пайдаланды. Бұндай жағдайда Шыңғыс әулеті өздеріне белгіленген жұрттарда жазғы және қысқы көшім-қонымға арналған териториясында өздерініңұлысының адамдарымен бірге тұруға тиіс болды. Олар отырықшы өлкелерді басқаруға және халықтан салық жинауға араласа алмайтын себебі бұл міндет ұлы хан, ал сонан-сон жергілікті әкім тағайындайтын ерекше адамға жүктелетін болды. Монғолдар құрған мемлекеттердегі жоғарғы сословие Шыңғыс әулеті бастаған Түрік-Монғол көшпелі ақсүйектерінен тұрды. Шыңғысхан тұсындағы өзі сияқты оның ізбасарларының тұсында да Моңғолдар басқа тайпалардың білімділерін чиновниктер ретінде пайдаланып отырды. Елді басқару іс жүзінде жергілікті өкіметтіңқолында болды, бар айырмашылығы әкімшілік басқару жүйесінде бұрынғы билеушілердің орнына көшпелі Түрік-Монғол тайпаларының басшылары келді. Билер бек «Патшалар мен Сұлтандардың » кеңесшілері уәзірден дәреже жағынан жоғары тұрды. Ол басқа мемлекеттермен дипломатиялыққатынастарды басқарды және сот билігін өз қолында ұстаған. Алтын орда мемлекетін басқару жүйесінде даруғалар мен басқақтар маңызды орын алды.
Даруға негізінен салық жинаумен шұғылданды, басқақтар басқару міндетін де атқара отырып жергілікті халыққа әскери бақылауды жүзеге асырды. Кейбір жергілікті жерлерде олар салық жинау хақысын алушылар ретінде де көрініп отырды. Атқару өкіметінің орталық органы – диуанның - өзініңқарауында финанс, салық және басқа ведомстволар болды диуанның Бітікші деп аталатын секретарлары болды. Чиновниктік аппараттың пайда болуы, көшпелі – әскери ақсүйектерді мемлекеттік және әкімшілік істерге тарту жаңа жағдайларда өзінің маңызынан айырылған кейбір көшпелі әдет ғұрыптар мен дәстүрлерді ығыстыруға ықпал етті, бірақ тұтасымен алғанда Алтын Орда мемлекетініңбарған сайын орныға түскен феодалдыққатынастарға сай болған көшпелі әскери сипатын өзгерткен жоқ. Монғол империясы жаулап алған жерлердің, елдердің шеккен зардабы жағынан ең ауыр апат болды, ол көптеген халықтардың экономикалық және мәдени прогрессін, олардың саяси, әлеуметтік және этникалық дамуын ұзақ уақыт тоқыратты. Орасан зор регионның экономикасы құлдырап кетті. Монғолдардың жаулап алу салдарынан өндіргіш күштер талқандалып, адамдар жаппай қырылды. ¤ркендеп тұрған қалалар жер бетімен жексен болып күйреді. Материалдық және гүлденген мәдениет қазыналары жойылып кетті. Елдің экономикасы ұзақ уақытқа дейін шегінді. Ондаған мың тамаша қол өнер шеберлері құлдыққа айналды індет тарады, ашаршылық-жоқшылық орын алды. Араб тарихшысы Ибн-әл Асир монғолдардың жаулап алуы туралы бұл күнмен түн болғалы болып көрмеген, жаратылғанның бәрін жайлаған орасан кесапат болды, бұл секілді апат тарихты бұрын соңды болмағаннан емес деп жазыпты. Жергілікті халықтыңқарсыласуын басу үшін Шыңғысхан аппай қырып-жою және күштеу, тұтас бір аудандардан түк қалдырмау тәсілдерін қолданды. Сыр бойы қалалары бұл тәсілдің алғашқы құрбандары болды. Араб, парсы деректерінде жермен-жексен етіп қиратып халқын қырып тастаған 30-ға тарта қалалардың бар екендігін келтірді.Олардың ішінде Оңтүстік Қазақстанның Отырар, Сығанақ, және Ашнас қалалары айтылған. Біз жоғарыда Отырардыңқалай қорғанғаны туралы айттық. Монғолдар қаланы тонады қиратты, қаланың тірі қалған тұрғындарын қырып тастады. Сығанақты жеті күн бойы үздіксіз шабуылмен алғаннан кейін басқыншылар оның халқын түгелімен қырып тастады. Сыр сағанасындағы- Ашнас қаласы да дәл осындай болды. Монғолдардың жаулап алуы шаруашылықтың жайына ғана кері әсерін тигізіп қойған жоқ ол қоғамдық дамуды да тежеді. Монғолдар басып алған территорияларда өлкелерде қүл иеленушілік укладты қолға түскен бірнеше мың адамдар құлға айналдырылды, мұндай мәселе кең етек алды. Феодалдыққатынаста ең артта қалған формалар орнығып қалды. Феодализмнің одан әрі дамуының тежелуі егіншілік пен қала мәдениетінің күрт төмен түсуі немесе мал шаруашылығының арта түскендігінен байқауға болады. Монғолдар жаулап алған жерлерге ешқандай жаңалықөзгеріс еңгізген жоқ.
Жаулап алынған территорияларға халықты әскери тұрғыдан ұйымдастырудың ондық жүйесі іске асырылды. Бұл туралы Б.Я. Владимирцов былай деп жазды. «Әрбір ноян» «жүздік» «мыңдықты» «түменді» мұралын иеленуге ала отырып, ең алдымен Монғол империясы бөлінген үлес ұлыстардың бірінің иесі Ханзаданың вассалы, ал содан соң империяның және Монғол әскерлерінің басшысы ретінде Монғол императорының вассалы болып табылды. (Вассал-отары деген ұғым береді). Басып алынған елдердің көшпелі және жартылай көшпелі халқы Шыңғыс әулетіндегі ұлыстардыңқұрамына кіріп, ондыққа, жүздікке, он мыңдыққа бөлінді. Олар Монғолдың феодалдық аристократиясының жаңа үлгілерін және жаңа әскери бірліктер құрды. Бағындырылған халық хан үйіне тиесілі деп саналып, оларға ауыр салықтар мен міндеткерліктер жүктеліп отырды. Әскери міндеткерлік өте – мөте ауыр болды. Жоғарыда аталған ұйымдастырудың ондық жүйесіне сәйкес халық Монғол әскерлері үшін жауынгерлер беріп отыруға міндеттелді. Еңбекші халықөндіргіш еңбектен қол үзіп, әскери қару-жарақүшін зор шығынға ұшырады. Отырықшы халықта әскери борышын өтеуге тиіс болды (бұларда он түтіннен бір жауынгер деген принцип бойынша әскер берді), бұл жауынгерлер жаяу әскерді құрап, оларды Монғолдар қамалдарды қоршау үшін пайдаланды.
Хан сарайы мен өздерініңәміршілерінің пайдасы үшін көшпелі мал шаруашылығыменен шұғылданатын халыққұшыр «ұшыр» салық төлеуге тиісті болды. Мөңке хан тұсында мұндай салық 100 малдан 1 мал мөлшерінде белгіленді, ал іс жүзінде бұл арақатынас үнемі бұзылып отырды. Құшыр салығы отырықшы шаруаларға да, қала тұрғындарынан да алынып, жан басынан (еркектерден) алынатын салыққа айналды. Жалпы зерттеушілердің айтуынша Монғолдар салықтың 20 –дан астам түрін жүзеге асырыпты. Халық ерекше жарлық бойынша жүріп бара жатқан хан елшісіне, чиновниктерге, көпестерге көлік, түсетін үй, азық түлік беріп отыратын болды. Халыққа сондай-ақ сол жерде тұрған Монғолдардыңәскерлерін киіммен, азық-түлікпен жабдықтап отыру міндеті жүктелді.
Ұсынылатын әдебиеттер.
Хазанов А.М. Кочевники и внешний мир. Алматы, 2000.
Шәкәрім Қудайбердіулы. Түркі, қырғыз, қазақһәм хандар шежіресі. Алматы, 1990.
Эренжен Хара-Даван. Чингиз-хан как полководец и его наследие. Алматы, 1992.
Комеков Б.Е. К истории средневековой области Туркестан // Информационная эпоха: общество, экономика, культура, право. Алматы, 2002.
Қазақстан тарихы. Очерк. Алматы, 1994.
Қазақстан тарихы. 5-томдық. 1-3 т. Алматы, 1996, 1997, 2002.
Достарыңызбен бөлісу: |