Өзбек халқының шығу тегі мен ұлт болып қалыптасуы
Өзбек халқының шығу тегі мен ұлт болып қалыптасуы туралы мәселе өзбек тарихының бір бөлігі болып табылады. Біз бұл тақырыпты ашуда Мырза Мүхаммед Хайдар Дула-тидің «Тарих-ир-Рашидш», Махмүт бин өмір Уәлидің «Бахр-әл-Асрар-фи-Манакиб-әл-Ахиа», Камал ад-Дин (Шир) өли Бинайдың «Шайбани-наме», Абдаллах Бал-хидің «Зубдат әл-Асрар», Рузбеханның «Михман-нама-и-Бухара» атты шығармаларын, сондай-ақ авторлары белгісіз «Таварих-и-Гузида-и-Нусрат-нама»-«Жеңістер кітабының тандамалы тарихы», «Тарих-иш-Шах Махмүт бин мырза Фазыл Чорс», «Тарих-и Кипчаки» және Масуд бин Осман Күхистанидің «Тарих-и Абул-ул-Хаир-хани», Бабыр Захир-ад-Дин Мүхаммедтің «Бабырнама», В.В.Бартольдтің еңбектерін, өзбек тарихшыларының «Народы Средней Азии и Казахстана», М.Әрматовтың «Өзбек халқының шығу тегі және қалып-тасуы» (Ташкент, 1968) тағы басқа еңбектерге сүйендік. Көне жазба деректерге қарағанда, өзбек Орта Азияны мекендеген ежелгі соғдалық, хорезмдік, бактриялық, ферғаналық тайпалар мен сақ, массагет тайпаларынан тарайды. Бұл халықтардың бәрі иран тілдес еді және еуропоидтық нәсілге жататын.
Б.з.б. I мың жылдықтың ортасынан бастап Орта Азиядағы Қосөзен аралығына - Сыр мен Амудария алқабына Орта Азшщан түркі нәсілді аздаған этникалық топтар ауып келді. Біздің заманымыздың VI ғасырының екінші жартысынан -Орта Азия түркі қағандығының құрамына енген кезден бастап бұл топтар көптеп қоныс аударды. Мүнан кейінгі ғасырларда отырықшы, негізінен иран тілдес халықтар мен көшпелі, негізінен түркі тілдес халықтар, бір-біріне өзара өсер етіп, жақындасып, ішінара бірігіп, сіңісіп кетті. Бұл түста иран тілдес халықтар көбіне-көп түркіленді, сонымен қатар түркі тілдес халықтар тәжік тілінде сөйлейтін болды.
Түркі қағандығы кезеңінде, әсіресе Қарахан әулеті билеген кезде, Сыр мен Амудария аралығына қоныстанған түркі тайпалары мен халықтары бірте-бірте отырықшылыққа ауысып, иран тілдес халықтармен сіңісіп ассимиляциялаңды: кейбір түрьсі тайпалары көшпелі тіршілігінен ажырамай, көшіп-қонын, ру-тайпалық дәстүрін сақтап қалды. Сырдария мен Амудария аралығындағы бұл түркі тілдес халықтар XI- XII ғасырларда қалыптасқан өзбек халқының негізін құрады.
XIII ғасырдағы монғол шапқыншынызғы кезінде бұл жерге тағы да түркі халықтарының жаңа тобы келіп қосылды. Бұл аймақ халқының құрамына қосылған көшпелі түркі тілдес тайпалардың соңғы тобы XV ғасырда Шайбани хан әскер-лерімен келген Дешті Қыпшақ езбеьсгері еді. «Бабырнамада»: «Әндіжан тұрғындарының бәрі - түркілер, қалада да, базарда да түркіше сөйлемейтін адам үшырамайды. Халықтың сөзі әдеби тілінен айырғысыз» дейді. «Бабырнамада» Шайбани хан мен Дешті Қыпшақтың көшпелі өзбектері келгенге дейін Ферғана, Самарқан аймагын түркілер ғана мекен етті делінеді2. Бұлардың бір бөлігі отырықшылану нәтижесінде жергілікті отырықшы халықтармен араласып кетті, ал олардың көпшілігі көшпелі түрмыс салты мен ру-тайпалық дәстүрлерін және өз тілінің ерекшелігін сақтап қалды.
Өзбек ұлтының құрамында үлкен үш топ болды. Бірінші топ - отырықшы халықтар арасындағы өзбектер, бұлардың басты белгілері - ру мен тайпаға бөлінеді, суармалы егіншілікпен, қолөнермен, саудамен шұғылданды, қалалар мен ірі қыстақтарда тұрды. Өзбектердің бұл тобы Ташкештің көгалды алқабы мен Ферғана алқабын, Хорезмді мекендеген.
Олар өзбек халқының қалынтасуына, көшпелі өзбек пен өзге де көшпелі түркі тайпаларының отырықшындыққа айналуына едәуір ықпал жасады.
Екінші топ - Орта Азиялық Қосөзен аралығындағы монғол дәуіріне дейінгі түркі тайпалары мен Шыңғыс хан заманындағы түркі-монғол тайпаларының ұрпақтары (Қар-лұқ, Барлас, Қалтатай, Моғол т.б.). Бұлар отырықшы халыққа сіңіскен жоқ, жартылай көшпелі өмір сүріп, ру-тайпалық дәстүрлерін сақтап қалды. Олардың көпшілігі бұрын өздерін «түрікпіз» деп атады.
Үшінші топ - Дешті Қыпшақтағы өзбек тайпаларының ұрпағы. «Өзбею; атауы тайпалық атпен қатар олардың өз атауы да болды. Тайпалардың бәрі бірдей жеке зерттелмеген. Шежіре деректерінде 92 баулы өзбек деп аталады. Бұлардың көпшілігі Орта ғасырда-ақ өбден белгілі болған Қыпшақ, Найман, Жалайыр, Қанды, Қытай (Хитай), Қоңырат, Маңғыт, Дүрмен, Қашаған, Қырық, Сарай, Кенегес, Қият, Құтты, Үйғыр т.б. тайпалар мен халықтар.
Бұлар кейіннен бірқатар түркі тілдес халықтардың құрамына кірді. Өзбек тайпалары XVI-XVII ғасырларда отырықшылыққа көше бастап, бұл үрдіс негізінен XIX ғасырдың аяғында аяқталды. Олар егіншілікпен, ал тау баурайы мен далалық аймақтарда негізінен тебіндегі мал шаруашылығымен шұғылданды. Олардың түрмысында көшпелілік дөстүрі өлі де болса байқалатын еді. Аталған тайпалардың әрқайсысының өз ерекшеліктері болды, соған қарамастан олардың тілінде, материалдық және рухани медениетінде ортақ дәстүр болды.
Осы халықтардан бір түтас өзбек халқы қалыптасты. Өзбектердің қалынтасуына әсіресе Хорезмдегі өзбектердің байырғы отырықшы бөлігінің бір бөлігі - оғыздар да қатысты.
Осы түста мына бір жайдың басын ашып алған жөн. Шежіре деректері бойынша өзбектер өз баулы (рулы) деп аталған. Оларды бүгінде осы этнонимді басы бүтін иемденген өзбек ұлтымен шатастыруға болмайды. Алтын Орда тұсын-дағы өзбектер - қазақ пен өзбек халқына тән дәрежеде катысы бар халық. Белгілі ғалым Б.А.Ахмедовтың «Государство кочевых узбеков» атты монографиясында көшпелі өзбектер құрамында арғын, қыпшақ, үйсін, найман, қаңлы, қоңырат, жалайыр, қият, қатаған рулары болғандығын атап көрсетеді. Белгілі Башқұрт тарихшысы Б.Е.Кузеевтің «Проис-хождение башкирского народа» атты кітабындағы түркі-монғол-парсы шежірелеріне негізделіп жасалған салыстыр-малы кестеде қыпшақтар дәуіріндегі өзбектер құрамында қыпшақ, қаңлы, керейіт, найман, үйсін, төлеу, таз, қатаған сияқты осы күнгі қазақтар құрамында кездесетін рулардың бар екендігін дәлелдейді. Жалпы өзбек халқы үш топтан: Орта Азиялық бөліктегі ежелгі отырықшы халықтан, кезінде дербес мемлекеттері болған халықтың негізін құраған түркі-монғол тайпаларынан (қарлұқ, оғыз, монғол), соңдай-ақ Б. Ахмедов кітабына арқау болған қазақпен қаны да, тегі де бір көшпелі өзбектерден құралған. Әйгілі тарихшы Ибн Рузбехан «Михман-нама-и Бухара» атты еңбегінде өзбектер үш халықтан: шайбанилықтардан, қазақтардан және маңғыт-тардан түратындығын атап көрсеткен. Олардың зтникалык түтастану үрдісі де қазақтардың өз алдына дербес хандыққа ие болу кезеңімен түспа-түс келеді. Бұл туралы бес томдық «Қазақ ССР тарихында» былай делінген: «...тарихи өдебиетте «өзбек»ұғымы еуел баста жергілікті түркі және Дешті Қыпшақтың түркіленген тайпалары одағының этникалық-саяси атауы ретінде (әлі этноним бола қоймаған) қолданылады деген пікір орныққан. Қазақ халқының құрылуымен жинақ-таушы этникалық-саяси «өзбек»ұғымы езгерді. Қалыптасқан халықты деректемелерде «өзбек-қазақ», кейін «қазақ» деп атай бастады. Қазақ тілі негізінен найман, қыпшақ, оғыз, қарлұқ тілдері тобына жатса, өзбек тілі түркі тілдерінің оңгүс-тік шығыс тармағы - қарлұқ тілдері тобына жатады.
Өзбек тілі бірнеше диалекгіге бөлінеді. Олардың неіізгілері: 1) Қыпшақ диалектісі (Өзбекстанның терістік батысын мекендеген қыпшақ тайпасының тілдік ерекшелігіне байла-нысты пайда болған); 2) Оғыз диалектісі (оңтүстік-батысты мекендеген Оғыз тайпасының тілдік ерекшелігіне байланысты пайда болған); 3) Қарлұқ диалектісі (оңтүстік-шығыс пен қала тұрғындарының тілдік ерекшелігінен туған).
Өзбек тілі басқа туыстас түркі тілдерімен сөз басында «й»дыбысын («йол»-«жол», йумшақ) -«жүмсақ», «йігр»-«жіп»), сөз соңы мен ортасында «ғ», «г» дыбыстарын (тағ -тау, ағыз-ауыз, тігди-тңді) қолдану, сол сияқты морфология-лық тұрғыдан көптік жалғаулар тек «-лар» (сизлар, дафтарлар, келдилар) қолданылуы сияқты т.б. заңдылықтарымен ерекшеленеді. Өзбек тілі қазақ тілі секілді ертеден жазуы бар тілдерге жатады».
Бүдан шығар қорытынды, түркі тілдес тайпалардың халық болып қалыптасуының тек тілдік бірлігі ғана емес, сондай-ақ әдет-ғүрып, салт-сана, діни наным-сенімдері, экономикалық, жер, аумақтық бірлестік сияқты халық болып қалыптасудың шартты белгілерінің де толық пісіп жетілген уақытын көрсетеді. Олай болса өзбек халқының қалыптасуы өзінің «өзбек» деген атымен көрші жатқан елдерге әйгіленіп, олармен қарым-қатынастар жасай бастаған уақыты ХҮ ғасырдың соңы мен XVI ғасырдың бастапқы кезіне сөйкес келеді деп айтуға болады. Бірақ өзбек халқының этникалық қалыптасу кезендері көне заманнан басталды. Оны тарихи жазбалар, тілдер, мекендеген аймақтарын айтқавда көрсеттік. Түркі тайпаларының антропологиялық құрамына келсек, қазақ пен қырғыздар оңгүстік, Сібір не болмаса Түран антро-пологиялық тобына жатады. Бұларға қарақалпақ, ноғай, карағаш (Астрахань түркілері) жақын.
Өзбектер еуропа нәсілінің памир-ферғана типтеріне жатады.
Үйғырлар антропологиялық еуропалық нәсілінің шығыс Түркістан тобына жатқызылады. Түрікмендер де Еуропа тектестердің Жерорта теңіз ант-ропологиялық тобына кірді. Солтүстік-батыстағы башқұрттарда Орал типінің ерек-шеліктері мен оңтүстік-сібір типінің қасиеттері жиі үшы-райды.
Қырым татарларының көпшілігі Еуропа тектестердің динарлар тобына жатады. Балқарлар мен қарашайлар арасында еуропа типі тараған.
Құмықтардың ішінде Кавказдық типтің қасиеттері жиі кездеседі. Әзірбайжандар Еуропа нөсілінің каспийлік антрополо-гиялық тобына жатады. Анатолия үстіртінде түратын түріктер мен кашкай, айсар-лар арасыңда Еуропалық, Алдынғы Азиялық антропологиялық ерекшеліктер тараған. Македон түріктері балкан-кавказ типінің балкан тобына жатады. Гагауздар да осы топқа кіреді. Балтық теңізінің жағалауындағы аздаған қарайымдар да Еуропа нәсіліне жатады. Жалпы бұл айтылған түркі тайпаларының антропологиялық құрамы X-XV ғасырларда қалыптасты деп бағалауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |