Түркі ынтымақтастығы және ғылыми интеграция Қазақстанның сыртқы саясатта «көпвекторлы»


Маураннаһрда құрылған Өзбек мемлекеттері (Бүхара, Хиуа, Қоқан)



бет18/24
Дата15.12.2023
өлшемі391.18 Kb.
#486685
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24
Лекциялар Түркі әлемі және интеграция

Маураннаһрда құрылған Өзбек мемлекеттері (Бүхара, Хиуа, Қоқан)

XVI ғасырдың басында Шайбани хан бастаған өзбек феодалдары бүкіл Орта Азияны дерлік (Маураннаһрды, Хорезмді және Амударияның арғы жағындағы аудандарды иемденіп, Маураннаһрдағы Шағатай мемлекетін жойын, оның орнына Бүхара мен Хиуа мемлекетін құрды. Мұхаммед Шайбани өлгеннен кейін Шайбани әулетінің бірі Бүхарада, бірі Хиуада билік жүргізді. Бұлар түркіленген, исламданған Шыңғыс хан ұрпақтары еді. Орталықтанған Өзбек мемлекеті Бүхара хандығы болды, оның негізін салушы - Шайбани әулеті. XVI ғасырдың аяқ шенінде Бүхара хандығының астанасы Самарқаннан Бүхараға көшті. «Бүхара хандығы»деген ат осыған байланысты пайда болды.

Орта Азиядағы саяси жағдайға байланысты Бүхара хандығының жері жиі өзгеріп тұрды. Әсіресе II Абдолла ханның тұсында (1557-1598 ж.) Бүхара хандығы саяси жағынан мейлінше күшейіп, мемлекет жері барынша кеңейді.

Балх пен Ферғана (1573 ж.), Ташкент (1567 ж.), Хорасан, Герат пен Мешхед (1582-1583 ж.), Хорезм (1593-1594 ж.) жаулап алынып, орыс мемлекетімен сауда және елшілік қатынастар орнатылды. II Абдолла хан Йранмен толассыз күрес жүргізді.

XVI ғасырдың 70-жылдарында Қазақ ханы Хақназар мен сұлтавдар II Абдолла ханмен «аштасқан шарт» жасап, онымен достық қарым-қатынаста болатынын білдірді.

Қазақ ханы Хақназар Өзбек хандығының өзара қырқысына араласып, біресе Абдолла ханды, біресе Баба сұлганды қолдап, екеуін де өлсіретуге, осы арқыны өздеріне үлкен пайда түсіруге тырысып бақты. 1579 жылы II Абдолла хан Баба сұлтанға қарсы жорық жасады. Қазақ ханы Хақназар оның Баба сұлтанға қарсы күресін қолдады.

Қазақ хандығы осының арқасында Абдолла ханнан Түркістан аймағындағы бірнеше қаланы қайтарып алды2.

Мүнан кейін Ташкент билеушісі Баба сұлтан Қазақ хандығына Сауран, Түркістан қалаларын бергенде, қазақ сұлтандары бір мезгіл Баба сұлтанды қолдады. 1579 жылдың екінші жартысында қазақ сұлтавдары әскерлерімен Ташкентке келді. Олар қайтадан Абдолла жаққа шықпақ болып, Ташкент билеушісі Баба сұлтанға қарсы астыртын әрекет істеді. Бірақ Бұл астыртын ерекетті сезген Баба сұлтан қазақ сұлтаны Жолыңды, оның екі ұлын, Хақназар ханның екі ұлын өлтірді.

Кейін 1580 жылы Хақназар хан қаза болған соң, оның орнына Жәдік сұлтанның баласы, Әз Жәнібектің немересі Шығай хан болды. (1580-1582 ж.). Ташкент билеушісі Баба сұлтанның Қазақ ханы Хақназардың екі ұлы мен Жолым сұлтанды өлтіруіне өшіккен Шығай хан және оның баласы Тәуекел сұлтан Бүхара ханы Абдолламен тізе қоса отырып, Баба сұлтанның көзін жоюға кірісті. Бұл жорықта қажырлы қайрат көрсеткен Шығай хан мен Тәуекел сұлтанға Абдолла хан мейлінше разы болып, Ходжент қаласын сыйлыққа берді.

1581 жылы жазда Абдолла хан қазақтың хан-сұлтандарымен бірлесіп, Баба сұлтанға қарсы жорық жасады.1582 жылы Абдолла хан тағы да қазақ ханы Шығай және оның баласы Теуекел сұлтанмен күш біріктіріп, жорықка аттанды. Баба сұлтан жеңіліп, Дешті Қыпшақ даласына қашты. Өзбек, қазақ әскерлері Баба сұлтанды Сарысуға, Ұлытауға дейін қуды. Шығай хан сол жорықта қайгыс болды.

1582 жылы маусым айында Түркістан түбіндегі шайқаста Тәуекел бастаған қазақ қолы Баба сұлтанды мүлдем талқандап, оның басын алды. Баба сұлтанның баласын және әскер басы әмірлерін түткынға алып, Баба сұлтанның басымен бірге II Абдолла ханға тапсырды. Қас жауын жойғанға қатты риза болған Абдолла хан Самарқан өлкесіндегі Адеркент уәлаятын Тәуекелге тарту етті. Сырдария алабындағы қала-бекіністерді Сауран, Түркістан, Отырарт.б., бұрынғысынша Қазақ хандығына қалдырды. Сөйтіп қазақ билеушілері Абдолланың бір орталыққа бағындырылған мемлекетін құрудағы мақсатына жету үшін едәуір көмек көрсетті.

Абдолла хан да қазақ билеушілерінің Бұл жөрдемін тиісті дөрежеде бағалап, қазақ хан Шығайға (Сығай) Ходжент қаласын берді. Оның баласы Тәуекел сұлтанға 1582 жылы Зеравшандағы Адеркент өлкесін сыйға тартты. Бірақ 1583 жыны қазақ ханы Тәуекел Бүхара ханы Абдолламен жасасқан шартты бүзып, Ташкентке шабуыл жасады. Сонымен қатар казақ феодалдары мен өзбек феодалдарының арасындағы жаугершілік қайта қозды. 1588 жыны II Абдолла қарсы соғыс бастап, соғыстың нөтижесінде Ташкент қаласы қазақтардың қолынакөшті.

1598 жылы наурызда Абдолла хан қайтыс болып, Әбді-Момын хан болды. Иран шахы Аббас оған жаулық ойлады. Осы орайды пайдаланған Тәуекел хан Бүхарадағы Өзбек мемлекетіне шапқыншылық ұйымдастырып, жүз мыңнан астам қазақ ескерімен Маураннаһрға басып кіріп, Ахси, Андижан, Ташкенг, Самарқан қалаларын басын алды. Тәуекелхан өзінің туысы Есім сұлтанды 20 мыңдай әскерімен Самарқанда қалдырып, өзі 70-80 мың әскермен Бүхараны алуға аттанды. Қазақ әскерлері Бүхараны 20 күн қоршады. Осы шайқаста Тәуекел хан ауыр жараланып қаза болды. Тәуекел ханның орнына хан болған Есім хан (1598 ж.) Бүхара мен Самарқанның билеушісі Мүхаммед сұлтанмен бітім шартын жасасты.

Есім хан - Шығай ханның баласы, ол бұрын Қазақ хандығының Түркістан қаласындағы хан ордасында тұрған. Есім хан Орта Азия қалаларымен бейбіт экономикалық башіаныс орнатуға үмтылды. Ташкент қаласы Қазақ хандығына қараған соң, оны Жәнібекханның немересі, Жолым сұлтанның баласы Түрсын Мүхаммед сұлтан басқарған еді. Ол көп үзамай тәуелсіз Ташкент ханы болуға әрекет жасады. Сөйтіп қазақ хандығы екіге бөлінді. Түркістан қаласын орталық еткен бөлікті Есім хан, Ташкент қаласын орталық еткен бөлікті Түрсын хан биледі. Бұлардың арасында соғыс қақтығыстары жиі болып тұрды. Ақырында 1627 жылы Есім хан Түрсын ханды өлтіріп, қазақ хандығын өз қол астына біріктірді. Есім хан кейбір маліметтерде 1628 жылы, ал «Қазақ совет энцик-лопедиясында» 1645 жылы қайтыс болған делінген.

1598 жыны Абдолла хан қайтыс болды дедік. Оның орнына таққа отырған баласы - Әбді-Момынды өкімет билігіне таласқан феодалдар өлтірді. Бүхара хандығында Шайбани әулетінің билігі осымен тоқтатылып, өкімет басына Аштархан еулеті келді. Бұл түста феодалдардың өзара күресі күшейіп. Сефеви әулеті билеген Иранмен, Хиуа хандығымен бірнеше рет соғыс болды. Толассыз феодалдық соғыстар кезінде Бүхара хандығы ішінара қазақтардың жәрдеміне сүйенуіне мәжбүр болды.

XVI-XVIIғасырларда кепшелі өзбектер Хиуа хаңдығына бірнеше рет шабуыл жасады.

1714-1717 жылдары IПетр Хиуаға А.Бекович-Черкасский басқарған экспедиция аттандырды, бес мың адамнан түратын оны хиуалықтар түгелдей құртып жіберді.

ХҮІІІ ғасырдың басында Бүхара хавдығы құлады, оның билеуінен Ферғана уделдіктері, Ходжент, одан кейін Самарқан және Бадақшан шығады. Бүхара хандығының орнына Эмират құрылды. Осы кезеңде Қоқан хандығы құрылды. Қоқан хандығы (1710-1876 ж.) - Ферғана жазығында XVIII-XIXғасырларда болған феодалдық мемлекет. Астанасы - Қоқан қаласы.

Қоқан хандары ездерін Шыңғыс ханның ұрпағымыз деп санаған. Шынында олар өзбектің Минг тайпасынан шыққан. Қоқан хандары әулетінің негізін салушы Шахруқ би алғаш 1710 жылы шамасында Қоқан жер аумағында Бүхара Эмиратынан тәуелсіз кіші-гірім иелік құрды. Оның немересі Ирдан би (1774 ж. өлген) тұсыңда жүргізілген соғыстардың нәтижесінде Қоқан хандығының құрамына Әндіжан, Наманған, Марғүлан иеліктері қосылды. 1758 жылы Бүхара Эмираты оны мүлде дербес мемлекет деп қарады2. Ғасырдың аяғында Ташкент хандығы бөлінді. Облыстар мен удельдерді дербес билеп келген сұлтандар мен Эмирлер Орта Азиядағы феодалдық бытыраңқылық жағдайды өрістетгі.

XVIIIғасырдың екінші ширегінде Ферғана жеріне жоңғарлар басып кірді. Орта Азияға Иран бірнеше дүркін шабуыл жасады, ал 1740 жылы Надир-шах Хиуа хандығын жаулап алып, Бүхара хандығына басып кірді. Барлық осы басып кірулер және өзара қырқыс кезінде экономика қатты зиян шекті, суару жүйесінің қирауы мен бүзылуы ең басты ауыртпалық болды. Бүхара мен Хиуа 1747 жылы Надир-шах қайтыс болғаннан кейін Хиуа хандығы қайтадан тәуелсіздікалды. Ал Бүхарада 1747 жыны Бүхара хандығындағы өкіметбилігі маңғыт әулетінің қолына көшті. Бұлардың билеушілері өздерін өмір атады. Маңғыттар кезінде жер негізінен үш меншік түріне бөлінді:

Мемлекет қарамағындағы жер;

мүліктік яши мұсылман діні қызметкерлеріне меншіктепберілген жерлер;

жері жоқ шаруалар басқаның жерін өндеп, заттай ақыалып тұрды.

Сонымен, өзбек халқы XV-XVIIғасырларда феодалдық құрлыста өмір сүрді. Сүнниттік бағыттағы ресми ислам дінімен қатар (түркі тайпалары IX-Xғасырларда қабылдаған) ислам дініне дейінгі наным (тәңірге табыну) көріністері де байқалады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет