Сефевидтер мемлекеті (1501-1736).
ХҮ ғасырдың соңы – ХҮІ ғасырдың басында Әзербайжан тарихында жаңа бір бет ашылды. Аса ірі қоғам қайраткері І Шах Исмаил Сефеви Әзербайжанның солтүстік және оңтүстік бөліктерін өз қоластына біріктіріп, кейін Таяу және Орталық Шығыстағы құдіретті империялардың біріне айналған біртұтас Сефевид мемлекетін құрды. «Шығыс Наполеоны» атанған Исмаил Шах жайлы Карл Маркс былай деген екен: «Исмаил Шах – он төрт жылда он төрт елді басып алған жаулаушы».Астанасы – Тебриз қаласы. Халықаралық сауда байланыстары кеңейді, экспортқа аршылмаған жібек шығарылды. Исмаилдың басты жауы османдар болды. Мақсаты әділеттілік орнату, шиит аймағындағы ислам халқын қалыптастыру еді. Алайда 1514 жылы Чалдырандағы шайқаста үлкен жеңіліс тапты. Оның намысына тимек болған І Сұлтан Салим жаралы императордың отбасын тұтқынға алды. Оның түріктерге қарсы күресінде Англия мен Португалия одақтастары болды (олар ислам мемлекеттерінің күшеюін қаламаса да).
Соғыс салдары: түркмен тайпалары қоныстанған Шығыс Анатолия Түркияға өтті. Бұл өз кезегінде Әзербайжан тарихына, сонымен қатар тілі мен мәдениетіне ауыр соққы болды.
ХҮІ-ХҮІІІ ғасырда Түркия мен Персияның Закавказьедегі үстемдік үшін кезекті соғыстары жүрді. Бұл күреске кейінірек Шығыстағы ықпалын нығайтпақ оймен Ресей де қосылды. Ресей үкіметі Каспий теңізінің жағалауына тұрақтағысы келді. ХҮІІІ ғасырдың жиырмасыншы жылдары Бакуға қоса Решттан Астрабадқа дейінгі облыстар Ресейге өтті. Англия мен Франция да Шығыстағы рөлін кеңейтпек боп, Кавказдағы Ресей билігінін күшеюіне толықтай қарсылық білдіріп, Түркияны Ресеймен соғысқа итермелейді. 1723 жылы жазда сұлтан әскері Грузияға еніп, 1723 ж. соңы - 1724 ж. басында Закавказьенің біршама облыстарын жаулап алды. Ресей Швециямен соғыстан шығып, жаңа соғысқа кіруге мүмкіншілігі болмады. 12 ( 23) маусымдағы 1724 жылғы Ресей мен Түркия арасындағы Константинополь (Стамбул) шарты бойынша Ресейге Баку, Сальяны және Ленкорань енді.
1734 – Персия билеушісі қолбасшы Нәдір Түркиядан Гянджаны тартып алды.
1735 – Ресей Персия және Түркиямен соғысқа түсуден бас тартып Каспий жағалауындағы Бакин губерниясының облыстарын Персияға өткізді.
1735 жылы наурызда Персия мен Ресей арасында Гянджа шарты жасалып, Ресей әскері Баку мен Дербентті тастап шықты.
Бірінші осман оккупациясы. ХҮІ ғасырдың соңында Сефевид империясы үздіксіз соғыстардан әлсіреп, ақырында бкіл Әзербайжан территориясы османдар жаулауына түсті. Әзербайжан мен Ирандағы үстемдігі жиырма жылды қамтыды. Сефевидтердің тағына мұрагер І Исмаил Шахтың шөбересі І Аббас Шах (587-1629) жаулаушылардан елді азат еткісі келді. Бұл жолы османдарға қарсы күресте түркмен-қызылбашылар емес, парсы аристократтары басшылық етті. Қысқа уақытта Аббас Шах әскер жиып, түріктерді ойсырата жеңіп, ХҮІІ ғасырдың басында бұрынғы Сефевид империясы территориясын түгелдей дерлік қайтарып алды. Алайда әзербайжан мемлекеттік тіл статусын жоғалтты.
Екінші осман оккупациясы. ХҮІІІ ғасырдың басында Сефевидтер империясы қайтадан әлсіреп, бүкіл Әзербайжан мен Иран территориясы түріктер жаулауына ұшырады. Жаңа осман оккупациясы алты жылға созылады. Бұл жолы османдарға қарсы Нәдір-Кули хан қолбасшылық етті және Сефевидтер династиясы билігін аяқтады.
Сефевидтер мемлекеті құлағаннан кейін билікке келген Нәдір-шах (түркі афшар тайпасынан шыққан) османдарды елден қуып шығып, одан әрі бұрынғы Сефевидтер империясының шекарасын кеңейтті. Ол 1739 жылы Солтүстік Үндістанды (Делимен қоса) басып алды, алайда Нәдір-шах дүниеден өтісімен империя құлдырау жолына түсті.
ХҮІІІ ғасырдың аяғында Иранда билікке Гаджарлар келді (Әзербайжан династиясы). Олар өз саясаттарына Нәдір-шах билік еткен барлық территорияны бағыдыруды, сонымен қатар Әзербайжан хандықтарын бір орталықтан билеуді енгізді.Әзербайжан хандықтары (1747-1826) Солтүстік – Батыс Иранда құрылды: Карабах, Шекин, Ширван, Бакин, Гянджа, Кубин, Нахичевань, Дербент, Тебриз, Урмий, Сараб, Ардебиь, Гарадаг, Марагин, Макин, Талыш, сонымен қатар т.б. ұсақ сұлтандықтар.
Осылайша Гаджарлар мен Оңтүстік Кавказды жаулап алуға ұмтылған Ресей арасында ұзақ жылдарға созылған соғыс басталды.1803-05 жылы Карабах және Шекин хандықтары Ресейге бейбіт жолмен қосылды. 1803 жылы орыс генералы Цицианов Гянджа хандығын (1804 ж. бастап Елизаветполь) жаулап алды. 1804-13 жылдары орыс-иран соғысы барысында Кубин және Бакин хандығын (1806), сонсоң (1809) Талышты алды. Нәтижесінде Гүлстан (1813) және Түркменчай (1828) келісім-шарттары жасалып, Әзербайжан екі империя арасында бөліске түсті: Солтүстік Әзербайжан – Ресейге, Оңтүстік Әзербайжан – Иранға өтті. Яғни, осы уақыттан бастап армяндардың әзербайжандарға қарсы идеологиялық, саяси және әскери агрессиясы басталды.
Осы аймақта өзінің империалистік көзқарастары бар Түркияның көмегімен Солтүстік Әзербайжанда елдің тарихы, тілі және мәдениеті емес, толығымен түрік османдардың тарихы, тілі және мәдениетіне бағытталған «Мусават» партиясы басқарған әзербайжандық пантүріктер қозғалысы жеңіске жетті. 1918 жылы 28 мамырда Оңтүстік Кавказдың шығыс бөлігінде Әзербайжан Демократиялық Республикасы жарияланды, бұл – мұсылмандық Шығыстағы алғашқы парламенттік демократиялық республика. Астанасы – Гянджа қаласы. Премьер-министр болып Фаталихан Хойский тағайындалды. Әзербайжан Демократиялық Республикасының президенті боп Мамед Эмин Расулзаде келді. 1918 жылы 4 маусымда Түркия мен Әзербайжан Демократиялық Республикасы бейбітшілік және достық туралы шартқа қол қойды. 1918 жылы 27 маусымда әзербайжан тілі мемлекеттік тіл болып жарияланды. 1918 жылы 7 желтоқсанда ӘДР Парламенті ашылды. . Парламент басшысы боп Марданбек Топчубашев сайланды. 1920 жылы сәуірдің ортасында ХІ Қызыл Армияның бір бөлігі Деникиннің әскерін қалған бөлігін талқандап, Әзербайжанның солтүстігіне жақындады. Бұған дейін түріктер, ағылшындар да Әзербайжаннан қашқан еді.
1920 жылы 28 сәуірде Әзербайжан Демократиялық Республикасы территориясында Әзербайжан Кеңестік Социалистік Республикасы құрылды. 1922 жылы желтоқсанда Әзербайжан, Грузия және Армения бірігіп Закавказье Социалистік Федеративтік Кеңестік Республикасын құрды. Ол 1922 жылы КСРО құрамына еніп, кейін 1936 жылы таратылды, ал Әзербайжан Кеңестік Социалистік Республикасы КСРО құрамында 1991 жылға дейін дербес республика ретінде танылды.
Достарыңызбен бөлісу: |