Түркі өркениетінің өзара ықпалы



бет3/7
Дата30.10.2023
өлшемі34.53 Kb.
#481939
1   2   3   4   5   6   7
7 БАОЖ

Орта Азия
Адамзат мәдениетінің ең ежелгі орталықтарының бірі болып табылады. Орта Азия халықтары бірнеше мыңжылдықтар ішінде ғылым, сәулет өнері, әдебиет пен өнердің, ғылым мен мәдениеттің дүниежүзілік қатынасына мәңгі енген аса құнды шығармаларын жасады. Дүниежүзілік ғылыми ойдың дамуын орта азиялық ойшылдар ­ Хорезми, Ферғана, Фараби, Ибн­Сина, Беруин, Ұлықбек, Науаидың және басқаларының аса көрнекті еңбегісіз көз алдымызға елестете алмаймыз. Соңғы жылдары Өзбекстан ғалымдары рухани өмірдің әр түрлі салаларындағы аса бай мұраны зерделеу бойынша үлкен жұмыс атқарды, 70­тен астам дастан ­ халық шығармашылығының этикалық шығармалары, аса мол мақалдар, мәтелдер, аңыздар, әндер және т.б. жиналып, жарияланды, ортағасырлық Орта Азияның аса көрнекті ғалымдарының шығармалары өзбек және орыс тілдерінде басылып шықты. Орта Азия аумағындағы феодалдық мемлекеттердің кезіндегі айбындылығы мен құлауын дәлелдейтін толып жатқан акт ­ грамоталар, кеңселік және шаруашылық құжаттар бар. Әр түрлі дәуірлер мен замандардың көркем жазу мәдениетін бейнелейтін қолжазбалық ортағасырлық трактаттарынан бөлек ­ XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бас кезіне жататын толып жатқан ­ 50 000­ нан асатын литография басылымдар сақталуда. Бұл қолжазбалар мыңжылдық дерлік кезеңді ­ X ғасырдың ортасынан бастап XX ғасырдың бас кезіне дейінгі кезеңді қамтиды, олардың географиясы да аса кең. Қорда Таяу және Орта Шығыс, Солтүстік Үндістан, Иран, Магриб елдерінің қалаларында жазылған және көшіріп жазылған қолжазбалар бар, олар өз кезінде Орта Азияға әкелінген. Көптеген қолжазбалар Орта Азия тарихын зерделеу үшін баға жеткісіз деректердің қызметін атқарады. мысалы, X ғасырдың тарихшысы Жафир Наршахидің «Бухара тарихы» бізге XII ғасырдың тізімімен жетті. Бұл ­ осы еңбектің ең ескі данасы. Сопылықтың тарихы, оның ірі өкілдері туралы, Бухарада, Самаркандта, Термез бен Орта Азияның басқа да қалаларында жеткілікті дәрежеде терең және жан­жақты жасалған мұсылмандық құқықтану ­ фикх туралы қолжазбалар сирек кездеседі. Көптеген қолжазбалар көркемделуі жағынан өнердің шынайы шығармалары болып табылады. Олардың беттері алуан түсті шығыс өрнектерімен безендірілген, сұйық алтынмен, өте нәзік көркем жазумен жазылған. Ұлы ақындар ­ Фирдоуси, Низами, Садди, Науаи, Амир Хосров Дехлеви, Хафиз, Жамидің көркем шығармаларының көптеген беттері шығыс миниатюраларымен безендірілген, олардың көпшілігі де бірегей дүние болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет