Түркі өркениетінің өзара ықпалы


ФАРАБИДІҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ



бет6/7
Дата30.10.2023
өлшемі34.53 Kb.
#481939
1   2   3   4   5   6   7
7 БАОЖ

ФАРАБИДІҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ
Фарабидің қоғамдық-философиялық, жаратылыстану туралы ғылыми көзқарастары орта ғасырлардағы Таяу және Орта Шығыс елдеріндегі мәдениет, философиялық және ғылыми ой-пікірлердің даму нәтижесі болып табылады.Фарабидің ғылыми-философиялық көзқарастары мен бағыт-бағдарлары өте күрделі саяси-әлеуметтік және экономикалық жағдайларда калыптасты. Ұзаққа созылған жаулаушылық саясаты нәтижесінде құрылған жаңа мемле-кет — араб халифаты тек қана жерлерді, елдерді, территорияларды қосып қана қоймай мемлекеттік дін дәрежесіне көтерілген ислам идеологиясы біріктірген әртүрлі мәдениеттерді қосып жаңа қоспа (синкреттік) мөдениет туғызды. ІХ-Х ғасырларда саяси, философиялық ойдың даму — таптық және діни ағым қайшылықтардың көрінісі болған әртүрлі ағымдар мен кешендердің осы шиеленіскен идеологиялык тайталасы, күресі жағдайында жүрді. Бұл ең әуелі кертартпа жөне ілгерішіл күштер арасында, Араб халифаты мүддесін кездеген ресми мұсылман дін басылары мен бағынышты, тәуелді халықтардың егемендігі мен еркіндігінің жоғын жоктаушылар арасындағы күрес болды, Мұндай жағдай философияда айқын боп қалды.Араб философиясында Фарабиге дейін бірнеше ағымдар мен кезеңдер болды. Діни философияны VIII ғ. бас кезінде пайда болған мутакаллимдер қуаттады. Олар құдайдың мәнісі, дүниенің түпкі сыры жөнінде кұран қағидаларын бұлжытпай басшылықка алды, табиғи заңдылық және таби-ғаттағы себептілік принциптеріне қарсы шыкты. Мутакал­лимдер болмыстағы барлық қүбылыстар, оқиғалар тек бір қүдайдың еркімен болады, қүдайдың күдіретінсіз «адамның жалғыз шашы түспейді» дегенді уағыздады, дәлелдеп бақгы. Алайда араб халифатында, мемлекетінде ғылымның өркендеуі басқаша көзқарастардың, сенімдердің бой көтеруіне әкеп соқты. Олар сайып келгенде, мұсылмандық қатып қалған қағидаларға (догматтарға) қарсы бағыттап, рационалистік, материалистік көзқарастардың етек алуына жағдай туғызды. Мұндай ғылыми, рационалистік бағытты жактаушылар мутазилиттер, яғни дәстүрлі діннен «бөлініп кетушілер» еді. Олар адамзат ақыл-ойы шындыққа жетуде кұдайдың алдын ала сызып-пішіп қойған жолы емес, одан басқа ақыл, парасат жолын басшылыққа алу жөн деп есептеді. Мұндай күрес сол заманда философия мен ғылымды дамытуда үлкен маңызы болды. Екінші жағынан мутазилиттер Аристотельдің құдай туралы идеясына карсы шығып дүниенің мәңгілігін, ондағы орын алатын заңдылықтарды біртіндеп жоққа шығарды. Мутазилиттердің имамы, жетекшісі атақты әл-Ашари болды.Араб философиясындағы жетекші бағыт перипатетизм, яғни аристотелизм болды. Бұлар да бірсыпыра өзекті мөселелер түрғысында Құран қағидаларына қайшы келді. Бірақ олар бұл кайшылыктарды, керағарлықгарды тігісін жатқызып, бітістіру үшін Алланың айтқаны да, философия мен ғылым тұжырымдары да шындыққа сай келеді, біріншісі баршаға бағышталған, екіншісі тандаулы адамдарға. даналарға арналған арнайы, шектеулі шындық, Міне осылай екі шындық ілімі, теориясы жасалады. Бұл теория ортағасырлар заманында прогрессивті кызмет атқарды.Араб аристотелизмінің негізін салушылар қатарында әл-Кинди, Фараби, Ибн Сина т.б. жатады. Алайда фило­софия тарихшыларының басым көпшілігінін ұйғаруынша мұсылман шығысындағы ілгерішіл қоғамдык-саяси ой-пікірдің нағыз көш бастаушысы Фараби болды.
Ортағасырлардағы Қазақстан мен Орталық Азиядағы білім.Хорезми ұлы ортағасырлық ғалым-математик.
Әл-Хорезми (толық аты: Әбу-Абдолла Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезми әл-Мәджуни) 780 жылы төңірегінде Хиуада дүниеге келіп, 850 жылы болжам бойынша Бағдат қаласында дүниеден өтеді. Оның ныспысы, Хорезмде туғанын көрсетеді. Әл-Мәджуни — Мәджус тұқымынан деген сөз. Ислам дінінен бұрын Хорезмде заостра діні болған ол дінді тұтқан адамдарды арабтар Мәджус деп атап, абыздарының басым көпшілігін басқыншылар қырып тастаған. Хорезмидің аталары да қуғынға ұшыраған.
Бес тілді еркін білген ұлы математик, астроном, географ, тарихшы, дәрігер Хорезми Бағдатта бас ғалым ретінде танылады. Әйгілі ғалымдар: Ахмед ибн Нәсір әл-Ферғани, казақстандық Ғаббас ибн Саид ол-Жауһари тағы басқалар оның шәкірттері болған.
«Алгоритми айтады» деген еңбегі оның атын бүкіл әлемге әйгілі етті. Оның «Үнділер есебі» және «Алгебралық есептер жинағы» әлем елдеріне кең тарап, оның ғалымдық атағын жер-көкке жайды. Ол алғаш индиялықтардың оң таңбалық сандарды Римше төрт амалға қолдану жолын дәлелдеді. Осы арқылы тұңғыш сандардың аталу, жазылу және түбір шығару, жай бөлшекті есептеу амалдарын өмірге енгізді. Арифметикалық төрт амалды қолдану ережесін жасады.
Сондай-ак, ол алгебралық әдіспен сандарды өрнектеу жолын көрсетті.Хорезми еңбектерінің басты ерекшеліктері түсініктілігі, өмірмен тығыз байланыстылығы. Ол ірі математик болумен бірге дарынды мұғалім және тәрбиеші бола білді. Оның жазған Алгебралық окулығы күні бүгінге дейін колданылады.
Моңғол шапқыншылығынан кейінгі түркі халыктарының етек-жеңдерін жиып ел болуы, саяси жағдайы мен мәдени жағдайынын қайта қалпына келуі Алтын Орда дәуірімен тығыз байланысты. Алтын Орда мемлекеті тұсында саяси-әлеуметтік жағдаймен бірге халыктың рухани қажеттілігін өтейтін әдеби, діни, философиялық шығармалар жазылды.
Осы дәуірдегі әдеби мұралардын бірі — Хорезмидің қолынан туындаған «Мұхаббат-нама» дастаны. Біздің заманымызға «Мұхаббат-наманың» екі қолжазба нұсқасы жетті. Бұл екі нұсқа да Лондондағы Британия мұражайында сақтаулы. Оның бірі 835/ 1432 жылы ұйғыр әрпімен жазылса, екіншісі 914/1508-1509 жылы араб графикасымен хатқа түскен. «Мұхаббат-нама» поэмасы туралы ең алғаш ағылшын түркологы Ч.Рьен өз еңбегінде атап көрсеткенімен, ғылыми ортаға В.В.Бартольдтін макаласынан кейін таныла бастады. Көп ұзамай 1928 жылғы А. Н.Самойловичтің мақаласында да поэма тілдік тұрғыдан қарастырылады. «Мұхаббат-нама» поэмасын әдеби шығарма ретінде ең алғаш Е.Э.Бертельс зерттейді. Әдеби және тілдік тұрғыдан зерттеген А.М.Щербак «Мұхаббат-нама» дастанын ұйғыр әрпіндегі нұсқасын аударса, Ә.Нәжіп араб жазуындағы мәтінді транскрипциялап, тәржімалап шығады.
Сонымен қатар, түркі халықтарының ғалымдары да » Мұхаббат-нама» жайлы өз зерттеулерін ұсынды. Атап айтар болсақ, түрік ғалымы М.Ф.Көпрүлү, өзбек ғалымдары Э.Фазылов, Н.Маллаев, Б.Валиходжаев, С.Қасымов, түркімен ғалымы Т.Непесов, татар ғалымдары С.Исанбаев, Ш.Абилов, Х.Курбатов, Х.Госман, Х.Миннегулов, М.Едилбаев, Ғ.Хусейнов енбектері ортағасырлық поэманы тілдік және әдеби тұрғыдан танып білуде үлкен жетістіктерге жеткен.
Ортағасырлық акын өз шығармасында тек негізгі тақырыппен шектелмейді. Автор жырмен жазылған ғашықтық хаттарын жазу барысында шығыс поэзиясында қалыптасқан таухид (Алланың ұлылығын сипаттап, бірлігін дәріптеу), мінәжат (Алладан медет тілеп, жалбарыну), на’т (Мұхаммед пайғамбар мен оның сахабаларына арнау өлең), мәдхия (шығарма тарту етілген кісіге арналған мадақ сөз), себеб-и тә’лиф немесе себеб-и қитаб (шығарманын жазылу себебін түсіндіру), ағаз-и дастан (негізгі бөлім), хатиме (бұл бөлімде қорытынды сөз айтылып, шығарманың жазылып біткен жылы, автордын аты-жөні немесе лакаб есімі көрсетіледі) жазу дәстүрін ұстанады.
Түркі әдебиетінде бұл дәстүрге бағына отырып жыр жазу баласағұндық ақын Жүсіп Хас Хажибтен бастау алып, Ахмет Иүгнеки, Қожа Ахмет Иасауи, Бакырғани сынды діни-дидактикалық шығармалардың авторлары арқылы алтынордалық және мысырлық түркі-кыпшақ әдебиетімен жалғасты. Тіпті, қазақ әдебиетіндегі лирикалық, діни дастандармен ұласты. Бұл дәстүрді Ислам дінінің гуманистік, адамгершілік идеяларын уағыздаған араб-парсы әдебиетінің ыкпалы десекте, кейбір элементтерін Түркі кағанаты тұсында тасқа түскен таңбалар мәтімінен де кездестіруге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет