Түркі тілдерінің жіктелуі (классификациясы)



бет7/11
Дата02.01.2022
өлшемі485.42 Kb.
#454390
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Түркі тілдерінің жіктелуі (классификациясы)

І. Бұлғар тобына көне бұлғар, хазар және чуваш тілі жатқызылады. Фонетикалық ерекшеліктері: екі еріндік, екі езулік дыбыстардан тұратын вокализмдер жүйесінің болуы; е дыбысының йе дифтонг дыбысына айналуы; сөз соңында ротацизм құбылысының орнығуы (з ~ р); с дауыссызының й ~ ж ~ дж ~ ч дыбыстарына өзгеруі; д ~ т ~ з ~ й дыбыстарының р дыбысына ауысуы; ламдаизм құбылысының орын алуы (ш ~ с ~ л) т.б.

ІІ. Оғыз тобының негізгі фонетикалық ерекшеліктері: сегіз қысқа дауысты дыбыстың болуы; қысаң дауыстылардың қосымшалар құрамында қолданылуы; сөз басында қатаң қ/к, т дыбыстарының ұяңдануы; ғ, г дыбыстарының сөз соңында сақталуы, түбір мен қосымша жігінде түсіп қалуы; сөз басындағы п/б дыбыстарының түсіп қалуы т.б. Грамматикалық ерекшеліктері: ілік септігінің -ын//-иң, табыс септігінің -ның//-ниң, -ны//-ни, -и тұлғаларының қолданылуы; барыс септігінің -а формасының, І жақ жіктік жалғауының көпше түрінің толық құрамымен бірге -ие қосымшасының болуы; есімшенің -мыш//-миш тұлғасының, қалау райдың -си тұлғасының болуы, т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет