Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы



бет1/8
Дата18.06.2023
өлшемі147.82 Kb.
#475181
түріДиплом
  1   2   3   4   5   6   7   8
Салтанат диплом дайын


ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ
ТҮРКІСТАН КӨПСАЛАЛЫ – ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРЫН
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС


Тақырыбы: Қонақ үй бизнесіндегі басқару қызметінің ерекшеліктері (Шымкент қаласындағы қонақүйлер мысалында)


Жетекшісі
Арнайы пән оқытушысы
(қызметі,ғылыми дәрежесі)


Токбергенова Айгерим
(аты –жөні)
_____________
(қолы)
Білім алушы


Аятова Салтанат
(аты –жөні)


89 топ

_____________


(қолы)

Көксәйек 2023


Мазмұны

  1. Кіріспе............................................................................................................3

  2. Әлемдік қонақ үй бизнесіндегі басқару түрлері........................................4

  3. Әлемдік қонақ үй бизнесіндегі озық тәжірибелер....................................5

  4. Қонақжай индустриясындағы сервистік қызметті сапалы басқару........6

  5. Қазақстандағы қонақ үй бизнесінің қазіргі заманғы даму деңгейі..........8

  6. Қонақүй бизнесінде имиджге әсер ететін факторлар..............................15

  7. Қонақ үй кәсіпорындарындағы ұйымдастыру құрылымы.....................17

  8. Басқарудың сызықтық ұйымдастырушылық құрылымы........................19

  9. Басқарудың функционалды ұйымдастырушылық формасы....................20

  10. Қонақ үйді басқарудың сызықтық-функционалды (штабтық) құрылымы.....................................................................................................21

  11. Қонақ үй ғимаратының техникалық паспортталудан өткізу..................23

  12. Қорытынды..................................................................................................28

  13. Пайдаланылған әдебиеттер........................................................................32



Кіріспе
1. Қазақстан Республикасы Орталық Азиядағы бизнесті дамыту, инвестиция құю бойынша ең тартымды аймақтардың бірі болып табылады. Бұл құйылымдар көбіне құрылыс, мұнай өңдеу және өндіріс салаларына тән.
Соңғы жылдары республика бойынша франчайзингтік компаниялардың өрістеуі байқалуда. Ол еліміздің әр түрлі қалаларындағы ашылып жатқан әлемге танымал қонақ үй желілері санының көбеюінен байқалады.
Сарапшылардың айтуынша, елімізде франчайзингтік компаниялармен қатар, жеке қонақ үй жүйелерін қалыптастыруға қолайлы жағдайлар бар. Бірақ деволперлер танымал брендтің жүйесіне кіргенді қалайды.
Әр түрлі салалардағы экономикалық көтеріліс пен дамыған елдердегі өмір сүру деңгейінің өсуі – іскер адамдар мен туристердің әлемнің әр түрлі өңірлеріне сапар шегуіне алып келді. Қонақ үй индустриясына қонақ үй базасын жаңартуға, жаңа құрылысқа, қазіргі заманғы технологияны енгізуге қомақты инвестициялар құйылды.
Қонақжайлылық индустриясының дамуында қонақ үй тізбектерінің орны ерекше. Олар әлемдік туристік нарыққа қызмет көрсетудің жоғарғы стандарттарын жылжытуға және де туристерге қонақ үйлік қызмет көрсетуді қолдауға мүмкіндік береді.
Қонақ үйлік тізбектер өндірісті ұйымдастыру мен туристерге қызмет көрсету деңгейін едәуір көтеруге және таратуға, басқа елде турист өзін таныс, қолайлы ортада сезінуге мүмкіндік беретін қонақ үйлік қызмет көрсетудің нақты сұлбасын қалыптастыруға жағдай жасайды.
Негізінен әлемдік қонақ үй индустриясындағы қонақ үйлерді басқарудың ұйымдастырушылық құрылымында қонақ үй ісін ұйымдастырудың әр түрлі үлгілері бекітілген.
Бірінші үлгі – Ритц үлгісі, швейцарлық кәсіпкер Цезар Ритцтың атымен байланысты. Әлемнің көптеген беделді қонақ үйлері оның атын алуда. Мысалы, Париждегі «Ритц» қонақ үйі.
Мұндай қонақ үйлердегі негізгі үміт таңдамашылдық пен ақсүйектіктің еуропалық дәстүріне артылды.
Екінші үлгі американдық кәсіпкер Кеманси Уилсонның («Холидей инн» қонақ үй тізбегі) атымен байланысты. Үлгі клиенттің қажеттіліктерін қанағаттандырудағы үлкен икемділік және қызмет көрсетудің жоғарғы стандарттарының үйлесуімен ерекшеленеді.
Кесте 1.
Өзіне біріктірілген қонақ үйлер саны бойынша ең ірі тізбектер



Қонақ үй тізбегі

Тізбек құрамындағы қонақ үйлер саны


HFS, Inс

5 599


Best Western International

3 715


Choise Hotels International

3 476


Holiday Hospitality

2350


Accоr

2205


Marriott International

1 381


Promus

1 136


Societe du Louvre

565


Carlson Hospitality

437


ITT Sheraton

413

Қазіргі статистикаға көз жүгіртетін болсақ, қонақ үй тізбектерінің жүзеге асыратын операциялар көлемі дербес қонақ үйлер орындайтын көлемнен бірнеше есеге көп.
қызығушылықтарына тәуелді. Мысалы Nikko Hotels бұрыннан Japan airlines компаниясының меншігі болып табылады, және олар өз үлесінен бас тартпақ емес. Ал American Airlines пен United Airlines өздерінің қонақ үй бизнесіндегі үлестерін соңғы жылдардағы қаржылық қиыншылықтарға байланысты сатып жіберді.
Бес жұлдызды, төрт жұлдызды және үш жұлдызды қонақ үйлер қызметтері бағасының талдауы бойынша Алматыдағы нөмірде бір күндік түнеу құны 225 АҚШ доллары; Астанада – 185 АҚШ доллары; Ақтау мен Атырауда – 200 АҚШ доллары құрайды. Бұл ақпаратты әлем қалаларындағы 4-5 жұлдызды қонақ үйлерде түнеу бағасын анықтау бойынша талдау жүргізген ресейлік консалтингтік компания TRI Hospitality Consulting мағлұматымен салыстыратын болсақ, 4-5 жұлдызды қонақ үйлердің бағасы бойынша Алматы әлемде екінші орынды алса, Астана – бесінші орында.
Жалпы, Қазақстандағы қонақ үйлер қызметін зерттей келе, жоғарыда көрсетілген мәліметтерге сүйене отырып, автор келесідей SWOT-талдауды ұсынады.

Кесте 2
Қазақстандағы қонақ үй индустриясының жағдайын талдау



Жағымды жақтары

Жағымсыз жақтары

  1. ірі кәсіпорындардағы тиімді басқару үлгілерінің болуы;

  2. елдің көптеген қонақ үйлердегі маркетингті дамыту стратегиясының болуы;

  3. қонақ үй шаруашылығындағы тиімді басқаруды дамыту жолдарын үнемі іздеу;

  4. қонақ үй және мейрамхана қоғамдастығы тарапынан үздік әлемдік жетістіктерді талдау және оларды қазақстандық қонақ үй индустриясына енгізудегі көмек;

  5. елдегі тұрақты жағдай;

  6. сақтандыру нарығының қарқынды дамуы;

  7. қонақ үй қызметтері нарығындағы бәсекелестіктің өсуі;

  8. мемлекет бойынша қонақ үй ғимараттарын қайта құру және жөндеудің тұрақты қарқынының сақталуы.

  1. орта және шағын қонақ үйлерде тиімді басқарудың жетіспеуі;

  2. қонақ үй толтырымының төмендігі;

  3. шағын қонақ үйлердегі компьютерлік базаның жетіспеушілігі;

  4. логистик-мамандардың жетіспеуі;

  5. жергілікті халық үшін жоғары баға;

  6. шығынға батушы кәсіпорындар санының көптігі;

  7. дәреже берілмеген қонақ үйлердің көптігі;

  8. ауылдық жерде қонақ үй шаруашылығының дамымауы;

  9. жарнамалық және маркетингтік зерттеу әсерлерінің аздығы;

  10. толық статистикалық ақпараттың болмауы;

  11. көптеген қонақ үйлерде қауіпсіздік жүйесінің болмауы.

Мүмкіндіктері

Қатерлері

  1. нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру;

  2. қонақ үйлік тізбекті қалыптастыру

  3. ұлттық қонақ үй қызметінің бәсекеге қабілеттілігін және тартымдылығын жоғарылататын маркетингтің дамуы;

  4. қонақ үй имиджін қалыптастыратын клиент қауіпсіздігін толықтай қамтамасыз ету;

  5. қонақ үйді бәсекелестік ортада ерекшелендіретін және брендті қалыптастыруға мүмкіндік беретін ұйымдастырушылық мәдениетті құру;

  6. ұлттық қонақ үйлерді халықаралық стандарттар деңгейіне жеткізетін, клиенттерге қызмет көрсетуде логистикалық қағидаларды енгізу.

  1. сала шығындарының өсуі;

  2. қонақ үй саласында монополия тудыруға әкелетін қонақ үйлердің бірігуі;

  3. сала үшін нақты белгіленген басымдылықтардың болмауы және құқықтық базаның әлсіздігі;

  4. мемлекеттік қолдау құралдары мен арнайы бағдарламаның болмауы;

  5. шетелде және ел ішіндегі жарнаманың жетіспеуі тұтынушыларды ақпаратпен қамтамасыз етілуін азайтады.


Сонымен, Қазақстанның ірі қалаларында франчайзингтік компаниялардың дамуы үшін және де жеке жүйе қалыптастыстыру үшін жағымды жағдайлар бар. Франшизалық жүйеге кірудің үстемділігіне қарамастан, өзінің жеке брендін, сапа стандарттарын қалыптастыратын, өздерінің қонақ үй жүйелерін дамытатын девелоперлер де бар. Жеке брендті қалыптастыру жолын таңдағандарды айтатын болсақ мысалы «Тянь-Шань» компаниясы Қазақстанның ірі қалаларында және де республикадан тыс қонақ үй ашуды жоспарлап отыр. Бірақ өз ойлағандарын жүзеге асыру үшін кез-келген кәсіпкер жоғарыда келтірілген SWOT-талдаудың барлық жағдайларын ескеру керек. 1
Session: Жаңа индустрияландыру жаһандану жағдайында Қазақстандағы экономикалық өсудің драйвері



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет