Оқытудың әдіснамалық негіздері. Оқытудың жалпы ұйымдасуын формалары мен әдістерін таңдауды белгілейтін ұстанымдық ережелері педагогикалық процесстің жалпы әдіснамасынан дамиды. Сонымен қатар, оқытудың оқушылардың танымдық әрекеттерінің ұйымдастыуымен тікелей байланысты болғандықтан, оның әдіснамалық негізін арнайы құрастыру қажет. Бихевиризм және прагматизм-оқып білудің тәсілдерін (тетіктерін) түсіндіруге мүмкіндік жасайтын, оқытудың кең алған тұжырымдамалары. Бұл бағыттарға экзистенцализм және неотомизмде қосылады. Олар оқытудың ролін төмендетіп, сезімді тәрбиелеуге ақыл-ойды дамытуды тәуелдендіреді, бұл позицияның мәні тек жеке дәйектерді тануға, олардың зандылықтарын ұғынуға ады деген заңдылықтардан шығады.
Жаңа бағыттардың ішінде ерекше назар аударуға атыны: Д.Бруннер (АҚШ) жасаған "жаңалық ашу арқылы оқыту" тұжырымдамасы. Д.Бруннердің тұжырымдамасына сәйкес оқушылар дүниені, олардан барлық танымдық күштерін талап ететін және саналы алуға қаблетін дамытуға тікелей әсер ететін, өз бетінше алық ашулары арқылы тануға білімді меңгеруге тиіс. шығармашылықта оқытуға тән ерекшелік, Д.Бруннердің ірі бойынша, белгілі бір тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, бағалау және осы негізде тиісті қорытындыны жасау ғана емес сонымен қатар, оқылып оған материалдың шеңберінен тыс заңдылықтарды да анықтау.
Ұстанымы тәжірбиелік педагогикалық іс-әрекетінің негізінде жатқан, қазіргі таң ай тікелей түзуліктің шындық жолында түрақты қозғалыс тетіктерінің болмайтынын және керісінше үлкенді кішілі серпілістердің, құлдыраудың, күтпеген ойлардың туындайтынын, толғаныстарын болатынын білу керек. Таным бейнемен беріле отырып, қайшылықтардан пайда болады. Онда логикалық талдау, индукция да, мәндісі де, мәнсізі де болады.
Негізгі қайшылықтар оқыту процесінің қозғалыс күші, себебі таным процесі, ол да сарқылмайтын құбылыс. М.А.Данилов оны оқытудың қозғалыстағы қадамдары танымдық және практикалық міндеттермен оқушылардың білімдерінің, іскерліктерінің және дағдыларының деңгейлерінің, олардың ой-өрісінің дамуы мен қатынастарының арасындағы қарама-қайшылықтар деп түсіндіреді.
Педагогикалық процестің қозғаушы күшін, М.А.Данилов тұлғаның дамуының қарама-қайшылық-тарымен байланыстырады. Педагогикалық процестің ішкі
қозғаушы күші танымдық еңбек, практикалық, қоғамдық сипаттағы талаптар мен оларды іске асырудағы оқушылардың іс жүзіндегі мүмкіндіктерінің арасындағы
қарама-қайшылықтар, яғни, әрбір жеке тұлғаның оқытудың қозғаушы күші — бір жағынан оған қойылатын талаптар мен екінші жағындағы оның құралдары мен
мотивтерінің арасындағы қарама-қайшылықтар. Қажеттілік мотивсіз жасалмайды. Сондықтан оқушылардың мотивациясы, жеке тұлға мен ұжымды оқытудың қозғаушы
күшін құрайтын қарама-қайшылық маңызды компоненті болып есептеледі.
Қарама-қайшылық мазмұнды болған жағдайда ғана оқушылар үшін мәнді болып, оқытудың қозғаушы күші бола алады, ал, қарама-қайшылықтың шешімі - олардың анық ұғынулары керек қажеттілік. Оқытудың қозғаушы күші ретінде қарама-қайшылықтың болуы шартты — оқушылардың танымдық өрісіне сәйкестігі. Оқушылардын білімді тек қана "ұстап қалмауы", соған "тіреліп" қалмас үшін және өз беттеріне шешу тәсілдерін табу үшін, оқу процесінің барысында логикаға сәйкес қайшылықтар алдын-ала әзірленуі маңызды.
Сонымен, жалпы білім беретін мектептердегі оқыту процесінің әдіснамалық негізі төмендегі әдіснамалық ережелерді біріктіреді: танымның жалпы әдісі ретінде диалектикалық әдіс; объективті ақиқаттың құбылыстарын сараптаудың тарихи тәсілі, қарама-қайшылықтың қозғалысындағы, дамуындағы процесті қарастыратын таным теориясы; диалектикалық ойлау; абстрактілік және нақтылық; объективтілік және субъективтілік, теория мен тәжірибенің бірлігі, анықтылық және белгісіздік, шектеулік және шамалық; қарама-қайшылықтың рөлі мені мәні; оқыту теориясындағы тарихилық және логикалық; мән мен құбылыс; мазмұн мен форма; мақсат пен құралдың үйлесімділігі; мүмкіншілік пен ақиқат; оқыту теориясының сапалық және сандық қатынастары; әдіснамалық ұстанымдар (танымдық, объетивтілік, теория мен тәжірибенің бірлігі, детерменизм, тарихилық және диалектикалық таным ұстанымдары).
Достарыңызбен бөлісу: |