Түсінік хат. Химия. 8-сынып Жазба



бет1/5
Дата09.03.2023
өлшемі68.5 Kb.
#470549
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Ò ñ³í³ê õàò. Õèìèÿ. 8-ñûíûï Æàçáà




Түсінік хат. Химия. 8-сынып
Жазба
Үшінші деңгейлік оқудың мектептегі кезеңінде орындауға арналған тапсырмалармен жұмыстың ең бастысы орта мерзімді сабақ жоспарын құру болып табылады. 8 - сыныптың Химия пәніне арналған орта мерзімді жоспарын Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым минстрлігімен бекітілген оқу бағдарламасын, Жалпы білім беретін мектептің 8 – сыныбына арналған оқулық «Химия» Алматы «Мектеп» 2012, Н.Нұрахметов, К.Сарманова, К.Жексембина, орта мектептің 8-11 сынып оқушыларына арналған оқу құралы Химия есептері мен жаттығуларының жинағы Алматы «Рауан» 1997 Я.Л.Гольдфорб, Ю.В.Ходаков, Ю.Б.Додонов, Химия жұмыс дәптері, Алматы «Мектеп» 2012, Н.Нұрахметов, Н.А.Заграничная, К.А.Сарманова, сондай-ақ республикалық ғылыми журналдарды негізге ала отырып құрастырдым.
Бұрынғы дәстүрлі оқыту формасында тақырыптық күнтізбелік жоспарда сабақтың тақырыбы, пайдаланылған әдебиеті, үй тапсырмасы, уақыты ғана көрсетіліп тұратын. Жаңа бағдарлама негізінде орта мерзімдік жоспарда сабақтағы барлық мақсат, нәтиже, әдіс-тәсілдер, оқушылар әрекеттері, бағалау формалары, дарынды және әзірге кедергісі бар балаларды оқытуға арналған тапсырамалар, қосымша дереккөздер толық қамтылып дайын түрінде көрініп тұрады. Бұдан әрі орта мерзімдік сабақ жоспарынан қысқа мерзімдік сабақ жоспарын құру өте тиімді және түсінікті. Мектептегі тәжірибе кезінде сындарлы оқыту курсынан алған білімді мектепте ұштастырдым. Бағдарламаның негізгі идеяларын басшылыққа ала отырып орта мерзімдік жоспар құрдым. Сабақтың мақсатын қойып, нәтижесіне жету үшін оқытудың топтық талқылау, жұптық диалог, зерттеушілік әңгіме, блум таксономиясының «ашық» және «жабық» түрткі болар сұрақтар т.б. жаңаша әдістер енгіздім. Барлық оқушыларды сабаққа тарту жұмыстары, оқушылардың оқып үйрену барысын бағалау формативті және суммативті бағалау тәсілдері таңдап алынды. Тақырыпты меңгертудегі мақсатым, күтілетін нәтижем және қай тақырыпта қандай әдіс-тәсілдер қолданатыным орта мерзімді сабақ жоспарымда нұсқау беріп тұрады. Орта мерзімді сабақ жоспарын құруда модульді ықпалдастыруды, бір тарауға жоспар құруды, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін үйрендім. Болашақта өзім сабақ беретін сыныптарға орта мерзімдік жоспарды бағдарламаның 7 модулін ықпалдастырып құрып дайындаймын, топтық жұмысқа ыңғайлы әдіс-тәсілдерімді жетілдіремін. Осы модульдерді өз сабақтарымда пайдаланып, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, құзырлы оқушыны тәрбиелеп шығарамын деген сенімдемін.
Қазақстан Республикасының МББС сәйкесті химия пəні бойынша аптасына оқу жүктемесінің көлемі:
8-сыныпта оқу жылына 68 сағат, аптасына 2 сағаттан.
Көрсетілім саны – 6; зертханалық жұмыстар – 7; сарамандық жұмыстар – 5; бақылау жұмысы – 6;
Сарамандық жұмыстар, бақылау жұмыстары түгел бағаланады.
Оқулық: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 8-сыныбына арналған оқулық.
Н.Нұрахметов, К.Сарманова, К.Жексембина. Алматы «Мектеп» 2012


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет