Математикалық кеш – сыныптан тыс жұмыстардың көбін қамтитын жұмыс түрі. Сондықтан ол ойластырылып, жоспарлы түрде өткізіледі. Кешке мұғалімдерді, ата-аналарды, қамқорлыққа алған сынып оқушыларын шақыруға болады. Математикалық кешті, негізінен, үйірме мүшелері даярлайды. Үйірме мүшелігіне басқа оқушыларды тарту мақсатында оларға да азды-көпті тап-сырмалар беріледі. Өздерін жақсы жақтарымен көрсеткен оқушылар үйірме мүшелігіне алынғандығы кеш соңында хабарланады. Мұндай игі істер үйірме мүшелерінің беделін көтеріп, оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттырады. Көпшілік алдында өз баласының табысын керген ата-ана да мектеппен жиі байланыс жасайтын болады. Математикалық кешті жарты жылдық қорытындыға ұйымдастыруға болады.
Кеш еткізу — күрделі мәселе. Сондықтан оған даярлық 2 айдай бұрын жүргізілгенімен, материал жинау жыл бойы болады. Кешті өткізудің негізгі мақсаты — оқушылардың математикаға деген ынтасы мен ықыласын, қызығушылығын арттыру болғандықтан, оған оқушыларды көбірек тарту керек.
Залды жабдықтау үшін фотомонтаж шығарылып, оқушылар дәптерлерінің көрмесі ұйымдастырылады. Ребустар, есептер, суреттер ілінеді. Иллюстрацияларды эпидиаскоп арқылы кітаптан, журналдан түсіріп алуға болады.
Кеш мазмұны түрліше болады. Онда тақпақ, хабар, монтаж, сөзжұмбақ, есеп, скеч, интермедия, фокустар болуы мүмкін. Кітапшада бір кештің өткізілуін келті-реміз.
Математикалық газет – математикаға қызығушылардың, сондай-ақ бүкіл мектеп окушыларының айнасы. Оның бетінен тәуір үлгірімді оқушылар суреттерін, әр звеноның үлгірімдік диаграммасын, оқушылар шығармашылығын, қызықты есептерді, математикалық жарыстар нәтижелерін, математика тарихы элементтерін, дидактикалық және басқа ойындарды табуға болады. Аталған мәселелер қысқа, қызықты, әрі көрнекі етіліп, түрлі шрифтерді пайдаланып, бояу, тущь және пламастермен өрнектеледі. Кейде иллюстрациялық материалды газет-журналдардан қиып алуға болады. Тек оларды жапсырғанда білдірмей, орынды пайдалану керек. Газет материалдары үйірме отырысы және кеш материалдары-мен қабысып, астарласып жатады. Тақырыптары да «Ойлан да тап!», «Сен білесің бе?», «Сөзжұмбақ», «Есептер», «Бүл не?», «Ребус», «Қайсысы дұрыс?» деген сияқты материалдың мазмұнына сәйкес, қысқаша қойылуы дұрыс. Газет атауы да «Жұлдызша», «Өрнек», «Икс», «Плюс», «Куб», «Архимед», «Альфа» тәрізді айтуға жеңіл, әрі қысқа, әрі нұсқа болуы тиіс. Әсіресе бірінші шығарылған газет қызықты, оқуға жеңіл, көз тартарлықтай, жазуы аз, иллюстрациясы көп, шрифтісі мазмұнына сай, өмірмен тығыз байланысты болғаны жөн. Осындай газетті әрбір оқушы оқиды. Әрі газеттің тәрбиелік мәні бар. Сонда ғана оны қызыға оқиды. Газет оқушыны тартуы үшін ондағы жазу ірі, әдемі әріппен жазылғаны дұрыс.
Газетті оқушы бойы жететін жерге ілу керек. Егер газетті жоғары ілсек, ондағы жазуды оқушы оқи алмайы. Газетті таза сақтау үшін фанерге не қатты картонға кнопкамен бекітіп, бетін әйнектеп қою керек. Әйнекті бекіту үшін фанерге жұмсақ қаңылтырдан құлақшалар қағып, оны қайырып бекітсе болады.
Газет үшін сурет альбомының парағы жарайды. Егер оны ұзыннан желімдесек, бір жарым парағы, ал тігінен желімдесек, екі парағы жеткілікті. Әдетте бір парақ та жетеді. Газеттің мұндай көлемі ықшам, суретті газет шығаруға әрі оны папкада сақтауға ыңғайлы келеді. Папкада сақталған газеттер үйірме журналы міндетін атқарады. Сондықтан оны керек кезінде қайыра пайдалануға мүмкіндік туады. Әсіресе, үйірменің соңғы отырысында немесе жылдық қорытынды кезінде көрме ұйымдастыруға, математикалық кеш үстінде сыныпты безендіруге жарамды әрі даяр материал екендігі аян.
Газеттің материалын мұғалімнің өзі таңдап даярласа, оны шығарысуға қамқорлыққа алған жоғары сынып оқушылары көмектеседі.
Математикалық ойындар. Санмен ойындар, әр түрлі заттармен ойындар, фокустар шешу, топологиялық ойындар (бірден сызып шық), басқатырғылар (түрлі фигуралар құрастыру) болып бөлінеді. Ойындардың оқу-тәрбиелік сипаты да тереңірек. Ойындар арқылы оқушылар талдау мен салыстыруға, индукция мен дедукцияға, аналогияға, математикалық заңдылықты ашуға, зейін мен есті дамытуға, ұжымдыққа, жігерілікке, ұстамдылыққа, кейінге көз тастауға, тапқырлыққа тәрбиеленеді. Сондықтан да біз кітапшада келтірілген ойынның көпшілігіне әдістемелік нұсқау мен оның оқу-тәрбиелік сипатын келтіреміз.
Математикалық үйірме. Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың кең тараған түрі — үйірме жұмысы. Жас буын түрліше құбылыстың сырына құмартып, әр нәрсеге әуестене, жауап іздейді. Осы құштарлықты арттыруға, ой-өрісін бағыттап, кеңейтуге үйірмеде қаралатын жұмыс түрлері жауап береді. Үйірмеде математика тілін пайдалану арқылы тіл мәдениетін дамытуға, салыстыру, талдау, синтездеу, индукция мен дедукция, аналогия арқылы тұжырым жасауға үйренеді. Үйірмеге қатыстыру арқылы оқушыларды ұйымшылдыққа, ұжым намысы үшін күресуге баулимыз. Әсіресе бұл қасиеттер көрнекі құралдарды даярлауда, газет шығаруда, экскурсияға барғанда, жарыстарды ұйымдастырғанда айқынырақ байқалады.
Үйірме жұмысына әр оқушы еркімен қатысады. Бірақ оқушыны 1—2 үйірмеге ғана қатыстыру тиімді. Оған қатысатындарды жігерлендіріп, қолдап, қызығушылығын оятып отыру керек. Ол үшін үйірме отырысын ұйымдастырмас бұрын, мұғалім сабақ кезінде оқушыларды пәнге қызықтырып, ынталандырып отырғаны жөн. Осы мақсатта жұмбақтарды, өлең есептерді, ребустарды, фокус-тарды, таяқшалар мен ойындарды пайдалану тиімдірек келеді.
Егер мектепте параллель сыныптар болса, бірнеше үйірме ұйымдастыруға болады. Күні бұрын үйірме жоспары жасалып, бекітіледі. Кезінде оқушылардың талап-тілектеріне байланысты, оның кейбір пункттері өзгеруі мүмкін. Жоспар құрғанда оқушылардың өздерін үйірме жұмысына тікелей қатыстыру жағы ойластырылады. Мұғалім оқушының жұмысын бағыттап, оған көмектесіп отырады. Үйірме жоспары жеке отырыстарға бөлінеді. Ол әр сыныпқа бөлек жасалады. Отырыс екі-үш жетіде, қысқа уақытқа арналып, мұғалімнің басшылырымен тікелей даярланып өткізіледі. Үйірме отырысында тақпақтар, жұмбақтар айтылып, ребустар, есептер, викториналар шешіледі. Жарыстар ұйымдастырылып, түрлі ойындар ойналады, газет шығарылады. Отырысқа қажет жабдықтар, көрнекіліктер, материалдар алдын ала даярланады. Бұл тұста оқушы көмегі айтарлықтай болғаны жөн. Әрбір отырыстың оқу-тәрбиелік сипатын мұғалім күні бұрын ойластырады. Әдістемелік нұсқау қажет болатын жұмыстар түріне алдын ала дайындық, ескертулер жасалынады. Анықтық үшін тек үш отырыстың оқу-тәрбиелік сипатын келтіреміз, өйткені оны әрбір мүғалім айқындай алады. Әрбір отырыс соңында қорытындыны мұғалім жасайды. Үйге тапсырмалар береді. Қорытынды кезінде негізгі мәселелер қайталанып, ес-кертулер жасалады. Белсенді қатысқандар аталып, келесі отырыс қашан болатыны хабарланады. Сондай-ақ әрбір жыл аяғында үйірменің соңғы отырысы ұйымдас-тырылады. Ойланылған жүйелі бекіту болса ғана окушы есінде үйірме жұмысының нәтижелері көбірек қалады. Ол үшін үйірме отырысының жабдықтары, журнал-газеті сақталады. Үйірмеде қарастырылған есептер, викториналар түрлі жарыстарда ұсынылады. «Мен неге үйрендім?» тақырыбы бойынша жыл бойындағы материалдарды мүғалім қайталайды. Осы тұста кейбір есептер, фокустар еске түсірілуі, есепті шешу тәсілдері айтылуы мүмкін. Үйірме мүшелері өзара пікір алысып, білімдерін жүйелеп, толықтырады. Мұғалім кейбір материалдың пайдасын бағалауы тиіс. Осы мағынада математикалық заңдылықтық пайдасы туралы да айтады. Соңында, келесі жылдың жоспарына қысқаша тоқтап, жазға тапсырма береді.
ҮЙІРМЕ ОТЫРЫСТАРЫ
Достарыңызбен бөлісу: |