Түсінік хат Үйірме жұмысының мақсаты


II сынып 1 – о т ы р ы с. Математикалық өлең — есеп «Бәрін бірге ойлап қой»



бет6/17
Дата23.09.2022
өлшемі99.29 Kb.
#461174
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
yrme-zhmystary

II сынып
1 – о т ы р ы с.
Математикалық өлең — есеп «Бәрін бірге ойлап қой».
Түйе, бота маң басқан,
Төрт аяғын тең басқан.
Шұнақ құлақ бес ешкі,
Қос лақты қос ешкі,
Төрт қозылы екі қой,
Бәрін бірге ойлап қой.
(Ж а у а б ы: Он жеті бас мал)
Математикалық жұмбақ «Бұл не?»
а) Жиырма төрт батыр,
Бірін-бірі жеп жатыр.
(Дойбы)
(Қ. Мырзалиев)
б) Екі аяқты бір ізді,
Үстіне адам мінгізді.
(Велосипед)
Тапқырлықты талап ететін логикалық есеп «Сүт сату».
8, 5 және 3 литрлік бидон бар, 8 литрлік бидоннан 6 л сүтті қалай құйып алуға болады?
(Ж а у а б ы: 2-суретте берілген.)
Математикалық жаңылтпаш.
Ұшы үшкір ұшқыр үш
жебе алдым,
Үшеуі де үшкір, үшқыр
деп алдым.
(М. Әлімбаев)
2 — о т ы р ы с.
Әзіл есеп «Топ үйрек».
Бір топ үйрек ұшып барады. Олар барлығы бесеу. Біреуі жерге қонса, нешеуі қалады?
(Жауабы: Біреуі, өйткені қалғандары ұшып кетеді.)
Математикалық фокус. «Сан ойла».
Әркім өзінше бір сан ойлап, оған менен бес қоссын. Одан ойлаған санын алып тастасын. Сонда нәтижеде бес қалады. Мен қалай таптым, кім айтады?
Фокустың сырын тапқан оқушы ойынды жүргізеді. Егер ондай оқушы табылмаса, мұғалімнің өзі жүргізіп, соңынан фокус сырын түсіндіреді.
Фокус сыры. Нәтижені табу қосындыдан санды азайту қасиетіне негізделген:
(х + а) — х = а,
мұндағы а – ойын жетекшісінің қосуға ұсынатын саны.
Тапқырлықты талап ететін логикалық есеп «Фигура құрастыру».
Тоғыз шырпыдан 5 үшбұрыш құрастыру керек.
(Ж а у а б ы: 3-суретте берілген.)
Математикалық жұмбақ.
а) Тышқаннан басқа батпаған,
Бір шланг, төрт баған.
(Піл)
б) Мың найзалы жалғыз батыр
Жауларына алғызбай тұр.
(Кірпі)
(Қ. Мырзалиев)
3 — о т ы р ы с.
Математикалық викториналар.
Қосындысы мен көбейтіндісі бірдей болатын сандарды табыңдар.
(Жауабы: 2-2 = 2+2, 1*2*3 = 1+2+3)
Математикалық жұмбақ «Бұл не?»
Жүз төрт түйме,
Он бір ине.
(Есеп шот)
(М. Әлімбаев)
Математикалық ойын «Қызықты квадрат»
Методикалық нұсқау. Екі командаға бірдей тапсырма беріліп, әр командадан бір-бір оқушы шақырылып, 1, 2 және 3 сандарын пайдаланып тақтадағы квадратты толтырту керек. Берілген квадраттың жолдары мен бағандарындағы сан-дардың қосындысы, сол сияқты суретте көрсетілген үзік сызықтар бойынша орналастырылған сандардың да қосындысы 6 болсын. Квадратты қай команда бұрын толтырса, сол ұтады. Әр командаға а – суреттегідей жеке квадрат сызылады.
(Ж а у а б ы: 4,б-суретте берілген.)
Тапқырлықты талап ететін логикалық есеп «Үш қоян».
Бір торда үш қоян отыр еді. Үш оқушы оларды бір-бірден таратып алды. Сонда торда әлі де бір қоян қалып қойды. Ол қалай?
(Ж а у а б ы: бір оқушы қоянды торымен алған.)
4 — о т ы р ы с.
Әзіл есеп. «Кітап саудасы».
Рауан мен Ержан кітап дүкеніне кіріп, кітап қарады. «Әзіл» есеп кітабын сатып алғысы келген Рауан Ержаннан бір тиын сұрады. Ержан бұл кітапты сатып алуға оның 19 тиыны жетпей тұрғанын айтты. Олар екеуіндегі ақшаларын қосса да бұл кітапты сатып ала алмайтынын білді. Сонда кітап неше тиын тұрады? Олардың қанша ақшасы болды?
(Ж а у а б ы: 19 тиын; Рауанның 18 тиыны, Ержанның
0 тиыны болған.)
Математикалық өлең есеп «Торғай нешеу?»
Талдан ұшты топ торғай,
Емес бірақ көп торғай.
Алдында оның бастаушы,
Артында төртеу қостаушы.
Және тағы қарасақ,
Қайта оны санасақ,
Соңында біреу қап келеді,
Алдында төртеу, топ келеді,
Үшеуі қатар жарысқан,
Түзіліп үшеу қалыспан.
Ойың жүйрік болса егер,
Торғай нешеу, есепкер?
(Ж а у а б ы: Бес торғай, 5-суретте берілген.)
Математикалық викториналар.
13 шырпыдан метр деген сөзді құрастыр.
6-сурет
(Ж а у а б ы: 6-суретте берілген.)
Көңілді санау «Бес тоғыз».
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 цифрларынан бес тоғыз шығатындай етіп топтап, олардың қосындысын ықшам әдіспен табыңдар.
Шешуі. Қосындысын табу.
1+8, 2+7, З + б, 4+5 және 9,9 x 5 = 45.
(Жауабы: 9×5=45.)
5 — о т ы р ы с.
1. Математикалық жаңылтпаш.
Есет ағам ет асатар
Ет асатса, бес асатар.
(Қазақ ауыз эдебиетінен.)
Жүздің жартысы екіге бөлгенде неше болады?
(Жауабы: 25.)
Тапқырлықты талап ететін логикалық есеп «Алма ал». 7-суретте 16 алма көрсетілген. Алтауын алғанда баған мен жатық жолда екі немесе төрт алма қалатындай болсын.
(Ж а у а б ы: 7-суретте сызылатын алмалар боялып берілген.)
Әдістемелік нұсқау. Алдын-ала плакатқа тор көз көрнекі етіліп сызылады. Алма суреті жеке карточкаларға салынады да, олар кнопкамен бекітіледі. Бұл алманы қозғауға мүмкіндік береді. Әрі нәтиженін дұрыс немесе қате екендігін бірден байқатады.
Математикалық тақпақ «Бес»
Қарсы алғанда мамасы,
Мектебінен Қошайды,
«Бес» алған-ау шамасы,
Бес саусағы шошайды.
(Т. Бердияров)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет