Түстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы №34/261-V



бет3/18
Дата23.02.2016
өлшемі2.68 Mb.
#3275
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Фармацевтикалық өнеркәсіп

Ішкі нарықтағы отандық дәрілік заттардың үлесі (табиғи мәнінде)





Облыс


2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж. 9 айға

2015 ж.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

ОҚО (%)

7,0

7,0

8,0

9,0

10,0

11,0

13,0

«Рауан» ҒӨО ЖШС 2009 жылы дәрілік заттар 84,5 млн. теңге сомасында шығарылған. 2010 жылы негізгі фармацевтикалық өнімдер өндірісі 10,6 млрд.теңгені құрады немесе 39,5 % өсті. 2012 жылы дәрілік заттар 84,5 млн.теңгені құрады.

Сонымен қатар, бағдарлама бойынша негізгі фармацевтикалық өнім өндірісінің жыл сайын 9,3-13,6 % өсуі күтіледі.

ҮИИДМБ индустрияландыру картасының аясында фармацевтикалық өндірістің жалпы құны 17,5 млрд.теңге, 992 жұмыс орны бар 7 жоба жүзеге асырылуда, оның ішінде 1 жоба («ЭкоФарм Интернейшнл» ЖШС) іске қосылды. Бұл жобаның құны 1,1 млрд. теңге, зауытта 180 жұмысшы істейді.



Химиялық өнеркәсіп өнімдерінің өндірісі. 2009 жылы химиялық өнеркәсіп өнімдері 1544,3 млн.теңге сомасында өндірілген, 2008 жылға қатысты нақты көлем индексі 85,7% құрады. Төмендеу сабын, сабын есебінде қолдануға арналған сырттай белсенді заттегілер мен препараттарды өндірісінің 24,4 % төмендеуі есебінен орын алды. 2010 жылы сала кәсіпорындары 2041,9 млн. теңге сомасында өнім шығарылды немесе 158,3% өсті. 2010 жылы өнеркәсіп өнімі 1800 млн. теңге көлемінде өндірілді және 20,0 % өсті.

Облыстың даму бағдарламасының бірінші кезеңінің (2011-2013 жылдар) жүзеге асырылу барысында сала кәсіпорындарымен: 2011 жылы- 2851,1 млн.теңге (НКИ-109,0 %), 2012 жылы 3860,8 млн.теңге (НКИ-130,4 %, 2013 жылы- 3332,6 млн.теңге (НКИ-74,8 %) өнім өндірілді, 2010 жылы нақты көлем индексі 106,3 % (2008ж.-144,2 %) құрады. 2014 жылдың қаңтар-маусымында өндіріс көлемі 1482,3 млн.теңге немесе 2013 сәйкес кезеңімен салыстырғанда 81,3 % құрады.

Химиялық өнеркәсіп өндіріс көлемі облысымызда 0,9 % алады. Бағдарлама бойынша көрсетілген химиялық және фармацевтикалық өнеркәсіп өнімдерінің өндірісін шығару 2009 жылмен салыстырғанда 2015 жылы 2 есеге өседі.

Облыстың негізгі химиялық кәсіпорындарының базалық химиялық өнімдері бейорганикалық минералды шикізатқа бағытталған. Облыста фармацевтикалық препараттар, фосфор және оның қосылыстары, шаруашылық сабын өндіріледі.



Фосфор және оның қосылыстары. Бұрынғы фосфор зауытының қалдықтарымен «РФС-РФҚ» АҚ және «Қайнар» ЖШС жұмыс жүргізеді. «Реактивті фосфорлық қалдықтар» АҚ (РФҚ) «Шымкентфосфор» АҚ базасында 2002 жылдың қарашасында құрылған (банкроттығы жарияланғаннан кейін 2005 жылы жойылған). Өнімнің негізгі түлерінің бірі – сары фосфор және оның негізінде алынған термикалық ортофосфорлық қышқыл, «ч» және «чда» біліктілігіндегі реактивті ортофосфорлық қышқыл, сонымен қатар фосфорлы қышқыл тұздар. 2007 жылдың бірінші жартысында сары фосфорды өндіру бойынша қуаты 600 тонна жылына болатын жаңа өндіріс енгізілді, жаңадан 30 жұмыс орны құрылды. 2009 жылы өнімді шығару көлемі 63,0 млн.теңге самасында 200 тоннаға жетті. 2012 жылы өнім көлемі 237,6 млн теңгені құрайтын 480 тонна фосфор және 890 тонна ортофосфор қышқылын өндірген. 2013 жылы өнім көлемі 88,4 млн теңгені құрайтын 772 тонна фосфор және ортофосфор қышқылын өндірген.

«Қайнар» ЖШС бұрыңғы «Фосфор» ШӨБ-ның (Шымкент өнеркәсіп бірлестігі) сары фосфор қоймасы базасында 1998 жылы құрылған. Жұмыс жүргізген мерзімі бойында сары фосфор қоймасында және бұрыңғы «Фосфор» ШӨБ-ның басқа да цехтарында жинақталған құрамы жағынан тапшы сары фосфордың, фосфор құрамдас шламдардың 50 мың тоннасынан астамын қайта өңдеген.

«Қайнар» ЖШС Ресейдің бірқатар мекемелерімен сары фосфорды жеткізу туралы ұзақмерзімді келісім бекіткен. Сары фосфорды жеткізу туралы жыл сайынғы келісім-шарт шамамен 1000 тоннаны құрайды. 2008 жылы мекеменің экспорттық көлемі 393,5 млн.теңгені құраған, 2009 жылы 401,3 млн.теңге, 2010 жылы 530,0 млн.теңге.

Мекеме шламжинақтаушыларды әзірлеу жұмыстарын жүргізуде. Мекеменің инженерлік-техникалық қызметкерлері фосфор өндірісінің техногенді қалдықтарын қайта өңдеудің кешенді технологиясының жобасын әзірлеген. Мекеменің өндірістік базасы мен дамыған инфрақұрылымы фосфор өндірісінің техногенді қалдықтарының кешенді утилизациясын (жоюды) ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Жобаның бірінші кезеңіндегі мақсатты тағайындалуы – құрғақ фосфорқұрамдас шламдардан пролонгирленген әсері бар фосфорқұрамдас құрама тыңайтқыштарды алу. Мекеме жобалық қуатына шыққанда, тыңайтқыштар өндірісін жылына 80,0 мың тоннаға жеткізу жоспарланып отыр. Осылайша, «Қайнар» ЖШС құрғақ шламжинақтағыштарды фосфорқұрамдас тыңайтқыштарға қайта өңдеуді 2014 жылға аяқтай алады. Фосфорқұрамдас шламдарды қайта өңдеу технологиясы Қазақстан Республикасының алдын ала патентетрімен қорғалатын техникалық шешімдерге негізделген, және технологиялық көрсеткіштеріне қарай осындай шетелдік үлгілерден кем емес. 2009 жылы мекеме 466,2 млн.теңге сомасында 1504,4 тонна өнім шығарған.

2014 жылы мекеме шламжинақтаушыларды әзірлеу жұмыстарын жүргізуде. Мекеменің инженерлік-техникалық қызметкерлері фосфор өндірісінің техногенді қалдықтарын қайта өңдеудің кешенді технологиясының жобасын әзірлеген. Мекеменің өндірістік базасы мен дамыған инфрақұрылымы фосфор өндірісінің техногенді қалдықтарының кешенді утилизациясын (жоюды) ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Жобаның бірінші кезеңіндегі мақсатты тағайындалуы – құрғақ фосфорқұрамдас шламдардан пролонгирленген әсері бар фосфорқұрамдас құрама тыңайтқыштарды алу. Фосфорқұрамдас шламдарды қайта өңдеу технологиясы Қазақстан Республикасының алдын ала патентетрімен қорғалатын техникалық шешімдерге негізделген, және технологиялық көрсеткіштеріне қарай осындай шетелдік үлгілерден кем емес. Кәсіпорын 2012 жылы 203,0 млн.теңге сомасында 4969 тонна, 2013 жылы 372,0 млн.теңге сомасында 8600 тонна фосфорлы минералды тығайтқыштар өндірген.

«Шымкентмай» АҚ 2008 жылы - 857,2 млн.теңгеге, 2009 жылы – 648,3 млн.теңгеге сабын шығарылған. Ал, 2012 жылы 11221 тонна сабын шығарылды, 1607,0 млн.теңгені немесе 2011 жылмен салыстырғанда 158,4 % құрады.

«Оңтүстікполиметалл» ӨК» АҚ майлы бояуды 2009 жылы – 100 тн, қорғасын суригін – 179,7 тонна және сұйық шыныны – 260 тонна өндірген, барлығы 59,6 млн.теңгені құрады.

«Рауан» ҒӨО ЖШС өндірісті кеңейту мақсатында «Тұрмыстық химия тауарларын, сонымен қатар авторлық пластик ыдыстың өндірісі бойынша цехты іске қосу» атты инвестициялық жобасын іске асыруда. Осы мақсаттар үшін 56,0 млн.теңге инвестицияланды (2008-2009 жылдары) ал 2010-2012 жылдарға 100,0 млн.теңгеден астам инвестиция жоспарланып қойылған. «Рауан» ҒӨО ЖШС тұрмыстық химия өнімдерін өндіру қолға алынған. Осы мақсаттар үшін 150 млн.теңгеге инвестицияланды (2008-2012 жылдары).

«СТД Гроуп» ЖШС көмірқышқыл газды (CO2) шығарып, өз өнімін «ЮНИКС» ЖШС («Тассай» минералды суы), «Алекс» ЖШС, «Визит» АҚ, «Арай» ЖШС, «VITA Industry» ЖШС, «Аква Идеал» секілді ЖШС облыс және республика көлеміндегі минералды және газдалған суды өндірумен және құйып үлестірумен айналысатын тамақ өнеркәсібі мекемелеріне жеткізіп тұрады. Мекеменің өнім шығару қуаты – айына 600 тонна көмірқышқыл газ. Салада келесідей мекемелер қызмет көрсетеді: филиалы Сайрам ауданында орналасқан «Шымкенткөміргаз» ЖШС, «Шымкентсыра» ЖШС, «КиТ и Со» ЖШС, «Южполиметалл» ӨК» АҚ, «Экскаватор» АҚ, «Қаратау» ЖШС, «Нурибал база» ЖШС, сонымен қатар шағын мекемелер.

2012 жылы кәсіпорын 4103,2 млн.теңге, 2013 жылы 363,7 млн.теңге өнім өндірген.

ҮИИДМБ индустияландыру картасы аясында химия өндірісінде жалпы сомасы 159,3 млрд.теңге және 2540 жұмыс орынның ашылуымен 3 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде жалпы сомасы 2,3 млрл.теңге және 300 жұмыс орынның ашылуымен 2 жоба («Қайнар» ЖШС және «Swed Kaz» ЖШС) іске қосылды.
Резина және пластмасса бұйымдарының өндірісі. 2009 жылы 4050,6 млн.теңгеге өнім шығарылған, оның физикалық көлем индексі 2008 жылмен салыстырғанда 100,3 % құрады. 2010 жылы 5001,3 млн.теңге немесе 2009 жылдың деңгейімен салыстырғанда 108,3 % құрайды.

Облыстың даму бағдарламасының бірінші кезеңінің жүзеге асырылуында (2011-2013 жылдар) сала кәсіпорындарымен: 2011 жылы -5871,1 млн.теңге (НКИ-142,7 %), 2012 жылы-8469,4 млн.теңге (НКИ-115,9 %), 2013 жылы- 7545,2 млн.теңге (НКИ-77,0 %) өнім өндіріліп, нақты көлем индексі 2010 жылы 127,3 % (2008 ж.-139,0 %) құрады. 2014 жылдың қаңтар-маусымында өндіріс көлемі 3200,1 млн.теңге немесе 2013 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 66,1 % құрады.

Резина және пластмасса бұйымдарының өндірісі облыстағы өңдеу өнеркәсібі көлемінің 2,1 % құрайды.

Облыс бойынша осы салада «СТД Гроуп» ЖШС («STD Group»), «Шымкентпласт» ЖШС, «Эластополимет» ЖШС, «Дина-Н» ЖШС, сонымен қатар өнімді шығару өндірісінің негізгі салмағы түсетін шағын мекемелер: «Шымкент пластик құбыр» ЖШС, «Шымкент Профиль» ЖШС, «Вок Хаус» ЖШС, «Семсер ЛТД» ЖШС, «Бейне» ЖШС, «Полистирол» ЖШС, «РИН және К» ЖШС, «Каз Тел» ЖШС (Сайрам ауданы) және басқа да мекемелер.

2012 жылы 8469,4 млн. теңгеге өнім шығарлыған, оның нақты көлем индексі 2011 жылға қарағанда 115,9% құрады. 2008 жылмен (4425,9 млн.тг.) салыстырғанда саладағы өндіріс көлемі 1,9 есеге ұлғайды.
Машина жасау

Қазіргі әлемде дамыған көп салалы машина құрылысының кешендері экономикалық түгелдей дерлік салаларын қайта қаруландырудың техникалық базасы болып табылады.

Машина құрылысының саласында 2009 жылы 11965,1 млн. теңгеге өнім шығарған, оның нақты көлем индексі 2008 жылмен салыстырғанда 78,8 %, көрсеткіштің төмендеуі электжабдықтарын, электронды және оптикалық жабдықтардың өндірісін азайту есебінен 29,4 % құрайды. 2010 жылы өндіріс көлемі 16376,6 млн.теңге немесе 2009 жылмен салыстырғанда 129,7 % құрады.

Облыстың даму бағдарламасының бірінші кезеңінің жүзеге асырылуы бойынша сала өнеркәсіптері: 2011 жылы- 22401,7 млн.теңге (НКИ-131,9 %), 2012 жылы – 25546,1млн.теңге (НКИ- 108,6 %), 2013 жылы – 32322,5 млн.теңге (НКИ- 141,3 %) өнім өндірілген. Нақты көлем индексі 2010 жылы 202,4 % (2008ж.- 206,9 %) құрады. 2014 жылы өнім көлемі 17 111,0 млн.теңге немесе 2013 жылмен салыстырғанда 97,6 % құрады. Машина жасау саласы өңдеу өнеркәсібі көлемінің 9,1 % алады.

Облыстың машина құрылысын бірнеше ірі мекемеме: «Кентау трансформатор зауыты», «Қоңыр ат» ЖШС, «Ақ Берген» ЖШС, «Шымкентремсервис» ЖШС; технологиялық және электротехникалық жабдықтардың жеке түрлерін, сыйымдылықтарды, металлқұрастырғышын өндіруші мекемелер, сонымен қатар қозғалмалы теміржол құрамасын жөндеуге арналған қосалқы заттарын өңдеу және шығарумен айналысатын мекемелер; автотракторлық карданды валдардарды, экскаваторларды, электротехникалық жабдықты шығарып орнатумен айналысатын орта мекемелер («Карданвал» АҚ, «Экскаватор» АҚ, «ОҚМЗ» АҚ, «ЭЛМО» АҚ филиалының ЭМИ Шымкент зауыты, «Электроаппарат зауыты» ЖШС, «Югсантехмонтаж» АҚ ШФ, «Автоматика» АҚ ШФ, «Мұнайреммаш» ЖШС, «Электржөндеу басқармасы» ЖШС), және металды өңдеу, ауылшаруашылығы өндірушілеріне арналған қосалқы бөлшектерді шығарумен айналысатын бірқатар ұсақ сериялы мекемелер («Перфожүйе» ЖШС, «Шымкент механикалық зауыты» АҚ, «Эталон» ЖШС ШЗ, «Түркістан насос» ЖШС, «Леңгір машина жасау зауыты» ЖШС) және басқалар құрайды.

Технологиялық саябақтың бірыңғай мүмкіндіктері облыс және Республика экономикасының көптеген өнімдерге және қосалқы бөлшектрге сұранысын қанағаттандыруға мүмкіндігі бар.

Облыстың машина құрылысы мекемелері Республика бойынша құрылыс-жол техникасы мен трансформаторларының бірден-бір өндірушілері болып табылады. Бірақ айналымға арналған жеке қаржысының тапшылығы және тапсырыстардың азаюы, атап айтқанда, экскаваторлардың өндірісінің төмендеуіне соқтырды. Машина құрылысы өндірісінің старттық мүмкіндіктері қазіргі кезеңде қарама-қайшы келеді. Қуаттар 25-40% жүктелген. Негізгі қор физикалық тозығына жеткен, моральды түрде ескірген (50-60%), өнім құрастырушы, техникалық және бағалық параметрлер бойынша бәсекеге қабілетсіз болып шықты. Мекемелерде жаңа машиналар үлгілерін және жабдықтарды әзірлеу үшін қажетті сынақ-эксперименттік базасы бар құрастырушы бюроларды қаржыландыруға шамасыз.
Машиналар мен жабдықтардың өндірісі. 2009 жылы 1551,4 млн. теңгеге машиналар мен жабдықтар шығарылды, 2008 жылмен салыстырғанда өсу көрсеткіші 37,4 % құрады, 2013 жылы – 2271,0 млн.теңге, 2012 жылмен салыстырғанда өсу көрсеткіші 84,6 % құрады.

«ОҚМЗ» АҚ ауылшаруашылығы үшін сукөтергіш жабдықты жеткізу ісін жалғастыруда, мұнай және «Қазақстан Темір жолы»АҚ компанияларының тапсырыстарын игеруде. 2009 жылы 108,9 млн. теңгеге өнім шығарылды, көрсеткіштің төмендеуі сырттан түсетін тапсырыстардың азаюынан орын алды. 2010 жылы өндірістің көлемі – 150,0 млн.теңге құрады. 2013 жылы өндіріс көлемі 157,4 млн.теңге немесе 2012 жылдың деңгейінде 105,1 %.

«Қоңырат» ЖШС электровоз жөндеуге мамандандырылған, өндірістік қуаты жылына 1000 электротасымалдағыш. 2009 жылы 531,4 млн.теңге сомасында өнім шығарылды. 2010 жылы өндірістің көлемі - 569,7 млн.теңге құрады. 2013 жылы өндіріс көлемі 891,3 млн.теңге немесе 2012 жылдың деңгейінде 124,5 % құрады.

«Қазтеміртранс» АҚ филиалы «Арыс вагонжөндеу депосы-4» вагондарды жөндеуге мамандандырылған, 2008 жылы «ВЧД-Арыс» ЖШС сегментациясы нәтижесінде құрылған. 2009 жылы 532,3 млн.теңгеге өнім шығарған, өсу көрсеткіші 2008 жылмен салыстырғанда 3,7 есе. 2010 жылы өндірістің көлемі – 570,6 млн.теңге құрады.

«Ақберген» ЖШС тепловоздарды жөндеуге және оның қосалқы бөлшектерін шығаруға мамандандырылған, 2009 жылы 366,0 млн.теңге сомасында өнім шығарылған, өсу қарқыны 2008 жылмен салыстырғанда 111,8 %. 2010 жылы өндірістің көлемі – 394,3 млн.теңге, немесе өсу қарқыны 2009 жылмен салыстырғанда 120,4 %. 2013 жылы өндіріс көлемі 495,4 млн теңге немесе 2012 жылдың деңгейінде 107,7 % құрады.

Көлік құралдарының және жабдықтарының өндірісі. 2009 жылы нақты салада 3438,3 млн.теңге сомасында өнім шығарылды, өсу көрсеткіші 2008 жылмен салыстырғанда 66,0 %. 2013 жылы өндіріс көлемі 39,7 млн. теңге немесе 2012 жылдың деңгейінде 172,6 % құрады. Көлемнің төмендеуі 2009 жылмен салыстырғанда «Экскаватор» АҚ тоқтап тұруымен және «Карданвал» АҚ тапсырыстардың жоқ болуымен түсіндіріледі.

«Экскаватор» АҚ 2009 жылы 135,6 млн.теңгеге өнім шығарылды, үлестірілгені – 217,7 млн.теңгенің өнімі шығарылған, экскаваторлар саны – 8 дана. 2009 жылдың 13 ақпанында зауытты Қазақстан Республикасының индустрия және сауда Министрі көргенінде, зауыт әкімшілігіне потенциалды сатып алушыларды және тапсырыс берушілерді белсенді іздестіруге, өндірістің маркетингті зерттеуін жүргізуге ұсыныс жасалған. 2009 жылы жол картасына сәйкес, мекеме Оңтүстік Қазақстан облысының ирригациялық жүйесін тазарту үшін қажетті көлемінде экскаваторлардың 15 данасына 140 млн.теңгелік тапсырысын алған болатын. 2010 жылы «Экскаватор» АҚ облыс әкімімен әрекетін бірлестіріп жүргізу нәтижесінде облыстық табиғи ресурстар және супайдалануды реттеу басқармасының өткізген тендері бойынша 16 бірлік техниканы 194,7 млн.теңге сомасында жеткізу тапсырысына ие болды (олардың ішінен 7 Драглайн экскаваторын МТЗ-82 базасында 1 экскаваторды өндіру). Жылдың басынан (қаңтар-қыркүйек) шығарылған өнімнің жалпы сомасы – 130,6 млн.теңге (10 дана экскаватор – 115,5 млн.теңге, 55,7 тонна металлопрокат – 14,0 млн.теңге, 77,3 куб.метр оттегі– 1,1 млн.теңге). 2013 жылы өндіріс көлемі 24,6 млн.теңге немесе 2012 жылдың деңгейінде 145 % құраған. Қазіргі күнге тапсырыс толығымен орындалды.

«Карданвал» АҚ 2009 жылы 44,4 млн.теңгеге өнім шығарған, төмендеу көрсектіші – 81,8 %. Өндірістің төмендеуі ішкі нарықтың Ресей және Беларусь елдерімен қорғалғанында (дағдарысқа қарсы бағдарламалар). Зауыт Кама автокөлік зауытымен КамАЗ автокөліктері үшін карданды валдарды игеру бағытында жұмыс жүргізуде. Мекемеде 158 адам қызмет етеді. Негізгі қордың тозуы - 55% құрайды.

Электр жабдықтарының өндірісінде 2009 жылы 6690,4 млн.теңгеге өнім шығарылды, 2008 жылмен салыстырғанда көрсеткіштің төмендеуі 27,7 % құрады. 2013 жылы 19806,4 млн.теңгеге өнім шығарылды, 2012 жылмен салыстырғанда көрсеткіштің төмендеуі 40,2 % құрады.

«Кентау трансформаторлық зауыты» АҚ трансформаторлық жабдықтардың кең гаммасын шығарады. 2009 жылы мекеме 5 406,1 млн.теңге сомасында өнім шығарған, немесе транформаторлардың табиғи мәнінде 1 463,7 мың кВа болды, өткен жылдың сәйкес мерзіміне шаққанда өсу қарқыны қаржылай мәнінде – 78,4 %, табиғи мәнінде – 71,2 %. Көрсеткіштің төмендеуі Ресейдегі және ел ішіндегі үлестіру нарығының шектелуі себебінен орын алды. 2009 жылы облыстың машинақұрылысы саласындағы көлеміндегі үлесі 46,0 % құрады, 2008 жылы – 59,0 %. 2000 жылдан бері «Кентау трансформаторлық зауыты» АҚ трансформаторлық өндірісті озық технологияларды ендірумен және импорттыалмастырғыш өнімнің жаңа түрлерін игерумен техникалық қайта қаруландыру жобасын іске асыруда, егер мекеме 2006 жылы 243,3 млн.теңгені инвестицияландырған болса, онда 2007 жылы – 210,0 млн.теңгені, 2008 жылы – 918 млн.теңгені, ал 2009 жылы – 516 млн.теңгені инвестицияландырған. Құрылыс саласындағы дағдарыс, жаңа өнеркәсіп нысаналарын ендіру және көршілес елдердің ішкі нарықтарының қорғанысы себебінен (Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және т.б.) зауыт өнімін үлестіру ісі тоқтап қалды. 2009 жылы 35-110 кВ класты кернеулі, қуаттылығы 63000 кВа трансформаторлар жаңа өндірістің ашылуы болды, сонымен қатар бірінші рет отандық қазақ тарихында қуаттылығы 25000 кВа, кернеуі 35 кв.трансформаторлы электр машина жасау бойынша презентация болды. Бірінші бұл трансформаторды Атырау мұнай өңдеу зауыты сатып алды.

Мекеме ұлттық компаниялармен және жер қойнауын пайдаланушылармен өнімді үлестіру және тапсырыстар бойынша өнімнің жаңа түрлерін игеру үшін байланыстарды нығайтуда. 2009 жылы ұлттық копманиялармен және жүйетүзегіш мекемелерімен келісілген меморандумдар негізінде «Кентау трансформаторлық зауыты» АҚ 577,6 млн.теңгеге өнім жеткізді. 2009 жылдың 29 қазанында зауыттың 50-жылдық мерейтойын тойлау қарсаңында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.К.Мәсімовтың қатысуымен кернеу санаты 35-110 кВ, қуаты 63000 кВа санатты трансформаторларды шығаруымен айналысатын жаңа өндірісі ашылды, сонымен қатар қазақстаннның отандық машинақұрылысы тарихында қуаты 25000 кВа, кернеуі 35 кв Республикадағы алғашқы күшті трансформатордың тұсаукесері өтті. Осы трансформатордың алғашқы сатып алушысы - Атырау мұнайайдау зауыты болды.

2010 жылы зауыт 7000,0 млн.теңге сомасында 2000 кВа трансформаторлар шығарды.

«Электроаппарат зауыты» ЖШС көшпелі жертүзегіштерінің өндірісін жүйеге салды. Мекемеде 2009 жылы 26,2 млн.теңге сомасында өнім шығарылды, немесе 2008 жылмен салыстырғанда 76,6%. Кернеуі 100В астам жоғары вольттық қондырғылар – 89 дана өндірілді, бұл 2008 жылмен салыстығанда 2,8 есе артық.

2012 жылы Индустрияландыру картасында «трансформаторды жинақтау өндіріс цехы» инвестиция құны 750,0 млн.тг, 100 жұмыс орны құрылып іске қосылды. Кәсіпорын бұл жоба бойынша трансформатор өндірісінде қолданылатын Ресейден мыс және алюминий шаршы қимасының тартылымдарын импорт алмастыру сұрақтары шешілді. Сонымен қатар 2013 жылы «электротехникалық өнімдер мен трансформатор құралдарын өндіретін зауыттардың өндіріс қуаттылығын жаңғырту және кеңейту» жобасы іске қосылды, жоба құны 1200 млн.теңге, 100 жұмыс орны құрылған.

2013 жылы құны 14586 млн.теңге, 3 478 мың.кВа трансформатор немесе 2012 жылдың тиісті кезеңінде 132,6 % өндірілді. 2012 жылдың қорытыныдысы бойынша «Кентау трансформатор зауыты» АҚ облыстық машина жасау сала көлеміндегі өнім үлесі 45,1 % құраған.

2013 жылы құны 31,7 млн.теңге өнім өндірілді немесе 2012 жылдың тиісті кезеңінде 67 % құрады. ҮИИДМБ аясында 2010-2014 ж.ж Оңтүстік Қазақстан облысында машина жасау саласына қатысты 3 инветициялық жоба іске қосылды: 2011 жылы «MaxLight Group» ЖШС (энергия үнемдеуші шамдар өндірісі) мен «Zero Max KZ» ЖШС (мырышпен қапталған құбырлар өндіретін зауыт) және 2012 жылы «КТЗ» АҚ жобасы (трансформатор жинақтаушы өндіріс цехы).

ҮИИДМБ Индустрияландыру картасында аясында машина жасау саласына қатысты құны 8 млрд.теңге, 1043 жұмыс орны бар 8 жоба іске қосылады. Бүгінгі таңда олардың ішінде құны 1,2 млрд. теңге, 376 жұмыс орны бар 3 жоба іске қосылды.
Жеңіл өнеркәсіп

Облыстағы жеңіл өнеркәсіп тоқыма және тігін өнеркәсібін, былғары және оған қатысты өнімдерді құрайды. Облыстың өңдеу өндірісі көлемі 2009 жылы 4,3 %-дан 2013 жылы 6,7 % өсті. Облыстың жеңіл өнеркәсібі келесі мекемелерінен құрылған: «Меланж» АҚ, «SOUTH TEXTILINE KZ», «Ютекс» АҚ, «Восход фирмасы» ЖШС, «Эластик LTD», «Арайлы» ЖШС, «Гауһар»тігін фабрикасы»ЖШС, «Сәуле» тігін фабрикасы» ЖШС, «Turan-Skin» ЖШС және басқалар. Сала мекемелері 7270,7 млн.теңге сомасында өнім шығарған. 2010 жылы өндіріс көлемі 8964,3 млн.теңге, 2009 жылмен салыстырғанда өсу көрсеткіші – 123,0 %. 2013 жылы 23643,4 млн.теңге немесе 2012 жылмен салыстырғанда 103,0 % құрайды. 2014 жылдың қаңтар-маусымында өнім көлемі 11663,1 млн.теңге немесе 2013 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 117,9 % құрады.

2015 жылға саланың өндіріс көлемін 18036,5 млн.теңгеге асыру жоспарланып отыр немесе 2009 жылмен салыстырғанда өндіріс көлемі 2,5 есеге өседі. Сала кәсіпорындарымен 2012 жылы 12350,7 млн. теңгенің өнімі шығарылды немесе 2008 ж. (7380,7 млн.тг.) жылмен салыстырғанда өндіріс көлемі 1,7 есеге өсті.

Осы салаға заманауи технологиялар тартылып жаңа өндірістер құрылуда.


Тоқыма өнеркәсібі

Тоқыма өнеркәсібі мекемелері 2009 жылы 5187,7 млн.теңге сомасында өнім шығарды, немесе оның физикалық индексі 2008 жылмен салыстырғанда 77,3% құрады. Өндірістің төмендеуі жіп иіру, тоқыма және әрлендіру өндірісі көлемінің төмендеуі есебінен (2009 жылы – 3164,5 млн.теңге) 27,7 % болды, тоқыма бұйымдарының өндірісі (2009 жылы – 1766,8 млн.теңге) – 15,1 %, ал басқа да тоқыма бұйымдарының өндірісі 2009 жылы өсіп, 256,4 млн.теңгені құрады, немесе физикалық көлем индексі 2008 жылмен салыстырғанда 117,6 % құрады. 2010 жылы 9312,7 млн.теңгені құрады, немесе физикалық көлем индексі 2009 жылмен салыстырғанда 99,7 % құрады.

Тоқыма өнеркәсібі кәсіпорындарымен 2012 жылы 8951,8 млн. теңге сомасында өнім шығарды, немесе оның нақты көлем индексі 2011 жылға қарағанда 121,7 % құрады. 2008 жылмен (7380,7 млн.тг.) салыстырғанда өндіріс көлемі 21,3 %-ға артты.

2012 жылы облыста 105,8 мың тонна мақта талшығы өндірілді, бұл 2011 жылға қарағанда 40,1 %-ға немесе 30269 тоннаға артық өндірілген. Алайда 2008 жылдың (133,3 мың тонна) көрсеткішінен төмен. Басым бөлігінде шитті мақта өңдеумен Мақтарал ауданындағы кәсіпорындар айналысады. 2012 жылы аудан өнеркәсібіндегі кәсіпорындарымен 70107 тонна мақта талшығы өндіріліп, 2011 жылға қарағанда мақта талшығын өндіру 26,1 мың тоннаға немесе 59,4 %-ға өсті (2008ж.-78661т).

Облыстың даму бағдарламасының бірінші кезеңінің (2011-2013 жылдың) жүзеге асырылуы бойынша сала өнеркәсіптері: 2011 жылы - 6748,6 млн.теңге (НКИ - 70,1 %), 2012 жылы 8951,8 млн.теңге (НКИ-121,7 %), 2013 жылы - 19439,7 млн.теңге (НКИ - 103,2 %) құрады, өнімнің нақты көлем индексі 2010 жылы 88,0 % (2008 жылы - 67,9%). 2014 жылдың қаңтар-маусымында өндіріс көлемі 9951,3 млн.теңге немесе 2013 жылға қатысты 117,4 % құрады.

Тоқыма өнеркәсібінде «South Textiline Kz » ( 2009 жылы құрылған 100 % м/м иірімі және 100 % м/м кендір мата), өндіріс көлемі 2000 тонна мақта-мата, 35 млн.м2 мата жылына. Жұмысшылар саны 410 құрайды. 2013 жылы 4701 тонна мақта-мата, жалпы сомасы 4008,8 млн.теңге құрайтын 24286,6 мың.м2 мата немесе 2012 жылға қатысты 138,8 % өнім өндірген.

«Меланж» АҚ өндірістік қуаты – 4800 тонна мақта-мата жібі, жылына 6 млн.метр мата. Неміс фирмасы «RIETER», «Dornie» құралдарымен жабдықталған мекеме еуропалық стандарттарға сәйкес келетін жіп иіруде.

«Меланж» АҚ-да 2009 жылы шыққан өнім көлемі 754,8 млн. теңгені құрады, 2,7 мың тонна жіп, 4,9 млн.шаршы метр мата өндірілді. 2010 жылы – 3095,0 млн.теңге сомасында 2,5 тонна жіп және 10,9 млн. шаршы метр мата. Даму перспективалары:жоғары сапалы мақта-мата жібі мен матасының өндірісін өсіру.

Өндіріске озық технологияларды енгізу есебінен компания сапасы жағынан әлемдік стандарттарға сәйкес мақта-матаның элиталық түрлерін шығарады, осы себептен өнім әлемдік нарықтың мықты бәселестігіне төзімді келеді. «Меланж» АҚ және «Ютекс КZ» айналым қаражаты және жиналған қарыздарына байланысты қызметін тоқтатты.

«Ютекс» АҚ – мекеме жоғары сапалы трикотаж мақта-мата жіптерін тұрақты түрде шығаруға мамандандырылған. Бұл 6 жыл бойында әлемдік нарықта қазақстандың иірілген жіптерді көрсетіп жүрген және сапалық көрсеткіштері жағынан болымды сынсөзге ие болып келген мекеме. Бәсекеге қабілетті өнімді үлестіру нарыққа шығуға, әлемдік брендті өндірушілермен бәсекеге түсуге мүмкіндік береді.

2009 жылы шығарылған өнім көлемі 647,7 млн.теңгені құрады, 1407 мың тонна иірілген жіп шығарылды. 2010 жылы – 12,6 мың тонна иірілген жіп.

2009 жылы облыста мақта талшығы 97,2 мың тонна көлемінде өндірілді, бұл көрсеткіш 2008 жылмен салыстырғанда 29,3 % төмен немесе 40372 тоннаны құрады. Негізінде шикі мақтаның өңдеуімен Мақтаарал ауданының мекемелері айналысады. 2009 жылы ауданның өндірістік кәсіпорындары 62108 тонна мақта талшығын өндірді, 2008 жылмен салыстырғанда мақта талшығы 8,1 мың тоннаға немесе 11,6 % азайды.

«Ютекс» АҚ Казақстандағы мақта талшығынан киім өндірісіне дейінгі өндіріс айналымы толық ең ірі тоқыма кешені болып табылады.Өндірген өнімін Канадаға, Италияға, Украинаға, Белоруссияға, Чехияға, Туркияға, Австралияға, Германияға және әлемнің басқа да елдеріне экспорттаған, бірақ дағдарыс кезінде шығындарына байланысты 2011-2012 жылдары қызметін тоқтатқан.

«Ютекс» АҚ және «Меланж» АҚ өндірістерінің қалпына келтірілуі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылы 4 наурызындағы №225 қаулысымен бекітілген Дағдарыстан кейінгі қайта құру бағдарламасы аясында басталды.

Дағдарыстан кейінгі қайта құру бағдарламасында мемлекеттік қолдаудың бірқатар құралдары бар. Бағдарлама шеңберінде «Қазақстан темір жолы» ҰК» басқару жиналысында 2013 жылдың 16 қыркүйегіндегі №02/28 қаулысымен «Магистралды желісінің дирекциясы» «Ютекс» АҚ бір көзден сатып алу жүргізеді. 2013-2017 жылдарға арналған жеңіл қнеркәсіп өнімін сатып алу бойынша ұзақ мрзімді келісім шарт жасалды.

Келісім шарт негізінде 2013 «Ютекс» АҚ 700 млн.теңге сомасында дайын өнімге тапсырыс қабылданған, оның ішінде 221,4 млн.теңге өнімі жүзеге асырылған.

2010 жылы «Хлопкопром-Целлюлоза» ЖШС жалпы құны 3 850,0 млн.теңге және 224 жұмыс орны бар «Гигроскопиялық мақта, мақта целлюлозасының және техникалық карбоксометилцеллюлозаның мақта шикізатынан алу өндірісін ұйымдастыру» жобасы енгізілді.

Қазіргі таңда, мақта целлюлозасының өндірісі қолға алынды. Химиялық мақта шикізатын сатып алу мен жеткізу іске асырылуда. Кәсіпорын тұрақты түрде жұмыс істеуде. Экспортталатын өнімдер түрлерінің Стандарты алынды. Мақта целлюлозасын экспорты іске асырылуда. Әлеуетті сатып алушылармен келіссөздер жүргізілуде. Шығаратын өнімдерге келісім шарттар түзілуде.

2012 жылы кәсіпорынмен жалпы құны 426,2 млн.теңгеге 1929,9 тонна өнім шығарды, ал 2013 жылы - 2211,6 тонна өнім жалпы 538,6 млн.теңге. 2014 жылдың қаңтар-маусымда 1340,6 тонна жалпы құны 348,5 млн.теңгеге өнім шығарды.

2009 жылы облыста 97,2 мың.тонна мақта талшығы шығарылды, бұл 2008 жылға қарағанда 29,3% төмен немесе 40372 тонна. 2013 жылы облыста 105,8 мың.тонна мақта талшығы өндірілді немесе 2012 жылға 100%. Негізінен Мақтарал ауданындағы кәсіпорындар мақтаны қайта өңдеумен айналысады. 2013 жылы өнеркәсіп кәсіпорындарымен ауданда 75739 тнна мақта талшығын, 2012 жылмен салыстырғанда мақта талшығының өндірісі 5632 тоннаға немесе 108,04 % өсті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет