Тұтқырлығы жоғары және парафинді мұнайларды айдау жоба Аңдатпа «Магистралды мұнай құбыр арқылы жоғарғы тұтқырлы мұнайды айдау»



бет1/20
Дата19.05.2022
өлшемі422.5 Kb.
#457487
түріДиплом
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Магистралды мұнай құбыр арқылы жоғарғы тұтқырлы мұнайды айдау курстық жұмысы


Тұтқырлығы жоғары және парафинді мұнайларды айдау жоба


Аңдатпа

«Магистралды мұнай құбыр арқылы жоғарғы тұтқырлы мұнайды айдау» тақырыбына жазылған дипломдық жоба магистралды құбыры арқылы жоғарғы тұтқырлы мұнайды тасымалдаудың тиімді тәсілін анықтауға арналған.


Дипломдық жобада ғылыми – техникалық әдебиеттер мен патенттік жаңалық табулар пайдаланған және төменгі тұтқыр сұйықтың құбырдан жоғарғы тұтқырлы мұнайды толықтай ығыстыру ұзақтығын анықтау үшін есептеулер жүргізілген, сондай – ақ мұнай құбырының техника – экономикалық көрсеткіштері анықталған.


Аннотация

Дипломный проект на тему «Перекачка высоковязкой нефти по магистральному нефтепроводу» посвящен определению наивыгоднейшего способа транспортирования высоковязкой нефти по магистральному нефти проводу.


В дипломном проекте использованы научно – техническая литература и патентные изобретения, произведен расчет на определение продолжительности полного вытеснения высоковязкой нефти из трубопровода маловязкой жидкостью, а также определены технико–экономические показатели нефтепровода.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.....................................................................................................6


1 Техника – технологиялық бөлім …………………………………7


1.1 Мұнайдың жылу физикалық қасиеті…………………………….7
1.2 Мұнайдың реологиялық қасиеті.................................................9
1.3 Жоғары тұтқырлы мұнайды айдаудың түрлері........................13
1.3.1 Көмірсутекті араластырғыштармен парафинді мұнайды айдау...............................................................................................................13
1.3.2. Жоғарғы парафинді және жоғарғы тұтқырлы мұнай және мұнай өнімін сутранспортымен тасымалдау............................................................14
1.4 Магистралды құбырөткізгіш шөгінді парафиннен тазалау.........15
1.5 Патенттік зерттеулер.Жоғары парафинистік және жоғары тұтқырлы мұнайларды айдауға дайындау қондырғылары..........................17


2 ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ
2.1 Инвестицияның экономикалық тиімділігі және қызметтердің принциптері……………………………………………………………….34
2.1.1 Экономикалық тиімділіктің есептеу негізі...................................35
2.1.2. Экономикалық тиімділік көрсеткіштері………………………...37
2.1.3. Өндіріс шығын және өнімнің өзіндік құны.................................38
2.2. Капиталды салымдарды есептеу...................................................40
2.3 Күрделі қаржының және өтімділік ммерзімінің экономикалық тиімділігі....................................................................................................46
2.4 Қаражат бөлу мен негізгі қорды есептеу………………………….47

ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ..........................................................................

КІРІСПЕ

Қазіргі кезде біздің Республикамызда және шет аймақтарда көп мөлшерде жоғарғы тұтқырлы мұнайлар ғана емес, сонымен қатар құрамында көп парафинді, басқалармен салыстырғанда жоғарғы температурада қататын мұнайлар өндіріледі. Бұндай мұнайларды айдау (жай тәсілде) тиімсіз, қоршаған ортаның температурасы үшін құбырөткізгіштің гидравликалық кедергісі жоғары. Мұнай аққыштығының жоғарлатылуының әртүрлі тәсілдері құбырөткізгіштегі гидравликалық кедергінінің төмендеуін қамтамасыз етеді:тұтқырлы және төмен тұтқырлы қататын мұнай және мұнайөнімдерін араластырып бірге айдау, су қосып айдау, қататын мұнай және мұнайөнімдерін термиялық өндеу және кейінірек айдау, мұнай және мұнайөнімдерін қыздырып айдау, мұнайдағы присадка – депресатормен қолдану және басқалар.әр жағдайда айдау тәсілдерін таңдау техника – экономикалық есептермен негізделуі керек.


Біздің Республикамызда жоғары температурада қататын көміртекті араластырғыш қоспасы бар парафинді мұнайды айдау қолданылады.
Көмірсутекпен араластырылған парафинді мұнайдың мөлшерлі кейбір жағдайда оның реологиялық қасиетін көп мөлшерде жақсаруына көмектеседі.
Араластырғыш ретінде төменгі тұтқырлы мұнайды қолданған орынды. Егер кәсіпшілікте парафинисті және төменгі тұтқырлы мұнай табылса, онда оларды құбыр өткізгіштің басты аймағында қосып тасымалдаған жөн.
Жоғарғы парафинді мұнай мен төменгі тұтқырлы қосқанда айдау арзандап қанақоймай, сонымен қатар өндірілген мұнайды қолданғанға тиімді. Әртүрлі мұнайдықосқанда әртүрлі жағдайда алдын-ала анықталған мұнай қоспасының құрамын алуға болады, бұл мұнай құбыр өткізгіштің жұмысын тұрақтандыруға және мұнай өңдеу зауыт орнатуға көмектеседі. Және де кейбір кезде мұнайларды араластыру олардың сапасын жақсартады. Осылайша жоғары парафинді, не аз күкіртті мұнайдың аз парафинді не жоғары күкіртті мұнаймен араласуы орташа мөлшердегі парафин мен күкірт арқылы мұнай қоспасын алуға мүмкіндік береді.
Көмірсутекті араластырғыштың механизмдік қозғалысын келесі түрде түсіндіруге болады. Біріншіден, араластырғышты парафинді мұнайға қосқанда қоспадағы парафин концентрациясы азаяды. Екіншіден асфальт-смола заты құралған аз тұтқырлы дың араластырғышы ретінде қолданылады. Соңғысы депресаторлар мұнайда парфинді клаткалы құрылымдар құруға кедергі жасайды және онымен қоймай қоспаның тиімді тұтқырлығы мен температуралық қатуын төмендетеді. Осыған қарап парафиннің ерігіштігі көп жағдайда араластырғыштық құрамына байланысты екенін көреміз. Және де қоспаның температурасы төмен болған сайын, араластырғышты қосқан кезде парафинді мұнайлардың реологиялық құрамы жақсара түседі.
Мұнай қоспасының реологиялық құрамына мұнайларды араластыру тәсілі де әсер береді. Төмендегі қоспа алу үшін мұнайдың араласуы тұтқырлы компоненті қату температурасынан 30С-50С жоғары болатын кезде болады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет