Қазақ тілі - мемлекеттік тіл.
Қазақстан Респуликасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі.
Мемлекеттік тіл - мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.
Мемлекеттік тілді меңгеру Қазақстан Респуликасының әрбір азаматының парызы. Үкімет, басқа да мемлекеттік жергілікті өкілді және атқарушы ұйымдар:
- Қазақстан Респуликасының мемлекеттік тілін барынша дамытуға, оның халықаралық беделін нығайтуға;
- Қазақстан Респуликасының барша азаматтарының мемлекеттік тілді еркін меңгеруіне қажетті барлық ұйымдастырушылық материалдық - техникалық жағдайларды жасуға;
- қазақ диаспорасына (этникалық қауымдастық) ана тілін сақтауы және дамытуы үшін көмек көрсетуге міндетті.
Мемлекеттік емес ұйымдардың жұмысында мемлекеттік тіл және қажет болған жағдайда басқа тілдер қолданылады.
Жаңа сөздер.
бүкіл аумағында - на всей территории,
қоғамдық қатынастар - общественные отношения,
сала – сфера,
басқару – управление,
заң шығару – законодательство,
сот ісін жүргізу – судепроизводство,
іс қағаздарын жүргізу – делопроизводство,
тілді меңгеру - овладение языком,
парыз – долг,
жергілікті өкілді және атқарушы - местные правительственные и исполнительные ,
барынша дамыту - всемирно развивать,
халықаралық бедел - международный авторитет.
нығайту – укреплять,
еркін меңгеру - свободное владение,
көмек көрсетуге міндетті - обязан оказывать помощь,
ұйым – организация,
қолданылады – используется.
Үндестiк заңы. Ілгеріндi, кейiндi ықпал. Тәуелсіз Қазақстан.
үндестiк заңы деп аталады.
Үндестiк заңы екiге бөлiнедi:
1. Буын үндестiгi
2. Дыбыс үндестiгi
Достарыңызбен бөлісу: |