Туѓан жер туралы маќал-мєтелдер



бет35/40
Дата20.05.2022
өлшемі0.49 Mb.
#458128
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Жандарбекова Л.ҚАЗАҚ ТІЛІ

белгілеу тәсіліне қарай құжаттар жазба, графикалық, акустикалық;
мазмұнына қарай ұйымдық-өкімдік, қаржы-есеп, жабдықтау-өткізу құжаттары;
атауына қарай көптеген түрге бөлінеді: ережелер, бұйрықтар, хаттамалар, жарғылар, арыздар, хаттар, т.б.;
түріне қарай құжаттар типтік, үлгілік, жекелік, қалыпты, жалпыға бірдей;
толтыру орнына қарай құжаттар ішкі және сыртқы /кіріс, шығыс/;
орындалу мерзімі бойынша құжаттар жедел және жедел емес;
шығу тегіне қарай құжаттар қызметтік және ресми-жекелік;
жариялылық дәрежесіне қарай құжаттар қарапайым, күнделікті қызметте қолдану үшін және құпия;
заңдылық күшіне қарай шын және жалған;
жасалу нұсқасына қарай түпнұсқа және көшірме;
сақталу мерзіміне қарай құжаттар 10 жылдан жоғары тұрақты және 10 жылға дейін уақытша сақталатын болып бөлінеді.


Іс қағаздарының тізімі



р/с

Іс қағаздары

Деловые бумаги

1

Өмірбаян

Автобиография

2

Түйін

Резюме

3

Мінездеме

Характеристика

4

Жеке іс парағы

Личный листок

5

Сауалнама

Анкета

6

Өтініш

Заявление

7

Баянат

Рапорт

8

Түсініктемехат

Объяснительная записка

9

Қолхат

Расписка

10

Кепілхат

Гарантийное письмо

11

Сенімхат

Доверенность

12

Жеделхат

Телеграмма

13

Телефонхабар

Телефонограмма

14

Құттықтаухат

Поздравительное письмо

15

Баяндаухат

Докладная записка

16

Жолдамахат

Препроводительное письмо

17

Хабарламахат

Письмо – извещение

18

Іскерлік хат

Деловое письмо

19

Қызметтік хат

Служебная записка

20

Арыз

Заявление

21

Шағым

Жалоба

22

Талап-арыз

Исковое заявление

23

Анықтама

Справка

24

Хаттама

Протокол

25

Хабарландыру_6_мамыр_күні,_таңертеңгі_сағат_10-да_акті_залында_Ұлы_Отан_соғысы_ардагерлерімен_кездесу_өткізіледі._Салтанатты_кездесу_Жеңіс_күніне_арналады.__Бағдарлама'>Хабарландыру

Объявление

26

Жарнама

Реклама

27

Бұйрық

Приказ

28

Акт (Кесім)

Акт

29

Бұрыштама

Виза

30

Жеке еңбек шарты

Индивидуальный трудовой договор



Хабарландыру

Қазіргі нарық заманында баспасөз беттерінде жұмысқа шақыру, бос қызмет орындарына конкурс жариялау үшін де хабарландырулар жарияланады. Хабарландыруларда қызметке алынатын кандидатураға қойылатын талаптар мейлінше тұжырымды, нақты жазылады.




Хабарландырудың түрлері



  1. Жиналыс туралы хабарландыру

  2. Мәжіліс туралы хабарландыру

  3. Отырыс туралы хабарландыру

  4. Салтанатты жиналыс туралы хабарландыру

  5. Бірлескен мәжіліс туралы хабарландыру

  6. Бос қызмет орнына конкурс жариялау туралы хабарландыру



Хабарландыру
6 мамыр күні, таңертеңгі сағат 10-да акті залында Ұлы Отан соғысы
ардагерлерімен кездесу өткізіледі. Салтанатты кездесу Жеңіс күніне арналады.
Бағдарлама:

  1. Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің естелік-әңгімелері.

  2. Көркем өнерпаздарының концерті.

Ұйымдастыру комитеті.


Обьявление
6 мая 10 часов утра в актовом зале пройдет встреча с ветеранами Великой Отечественной Войны. Торжественная встреча посвящается ко дню победы.
Программа:

  1. Рассказы-воспоминания ветеранов Великой Отечественной Войны.

  2. Концерт художественной самодеятельности.

Организационный комитет


Хабарландыру
Ертең, 7 ақпан күні, сағат 16 да ІІМ органдары басшыларының кеңейтілген мәжілісі болады.
Күн тәртібінде:

  1. Қазақстан Республикасы Президентінің «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» заңын талқылау.

  2. Әр түрлі мәселелер.

Хабарландыру
Қазақ Мемлекеттік заң академиясы сіз үшін қолайлы. Балаңыздың жақсы мамандық алғанын қалайсыз ба? Онда ойланбастан келіп оқу орнымен танысуыңызға болады. Студенттер үшін барлық жағдай жасалған. Оқу орнының сырттай және іштей оқу бөлімдері бар. Төмендегідей факультеттерге құжаттарыңызды тапсыруыңызға болады:

  1. Экономист

  2. Заңгер

Сөздік

Хабарландыру

Обьявление

хабарландыру жазу

написать обьявление

Жиналыс

Собрание

мәжіліс

Заседание

салтанатты жиналыс

торжественное собрание

бірлескен мәжіліс

совместное заседание

сағат...де

в... часов

мәселелер

Вопросы

өткізіледі

Проводится

Бағдарлама

Программа

күн тәртібі

повестка дня

Грамматикалық тапсырмалар

  1. Жиналыс болатыны туралы хабарландыру жазыңыз.

  2. Бос жұмыс орны бар екені жөнінде хабарландыру жазыңыз.

  3. Бір тақырыпқа байланысты жарнама жазыңыз.



Хаттама
Хаттама мекеменің, ұйымның, кәсіпорынның жиналысы мен мәжілістерінде қаралған, талқыланған, қорытындыланған жағдайларды тіркейтін (толық жазатын) ұйымдастырушы-өкімшіл ресми құжат.
Белгілі бір фактіні куәландыратын құжат (жауап алу хаттамасы, тексеру хаттамасы).
Қоғамдық тәртіптің бұзылғаны туралы факт тіркелетін ресми құжат. Хаттамаға мекеме басшысы, фактіні тіркеуге жауапты адам және хаттаманы жазған адам қол қояды, мөр басылады.
Хаттама мәтіні екі бөліктен тұрады: кіріспе және негізгі. Кіріспе бөлікте төраға туралы, хатшы туралы, күн тәртібі, шақырылғандар, қатысқандар туралы мәлімет жазылады. Тектер алфавит тәртібімен, я болмаса олардың жалпы саны көрсетіледі. Ал аты-жөнімен жазылған тізім хаттамаға қосымша тіркеледі.
Күн тәртібі мәселелер маңыздылығына қарай нөмірленіп беріледі. Хаттаманың негізгі бөлігі мынадай үш бөліктен тұрады. 1. ТЫҢДАЛДЫ. 2. ЖАРЫССӨЗ немесе СӨЙЛЕГЕНДЕР. 3. ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАНДЫ.
«ТЫҢДАЛДЫ» бөлімінде қаралатын негізгі мәселе сөз болады, «ҚАУЛЫ» бөлімінде шешім жазылады. Жарыссөз кезінде сөз сөйлегендердің пікірлері үшінші жақ, жекеше түрде жазылады. Қаулы мәтіні нақты және не істеу керектігі, орындаушысы, мерзімі көрсетіледі.
Хаттамада көрсетілетін міндетті мәліметтер:

  1. Мекеменің, ұйымның, кәсіпорынның атауы.

  2. Құжаттың аты (хаттама)

  3. Айы, күні, жылы, хаттаманың нөмірі

  4. Жиналыс (мәжіліс) өткен орын

  5. Егер хаттаманы бекіту талап етілсе, бекіту (гриф) таңбасы

  6. Қатысқандар туралы мәлімет (саны, аты-жөні, лауазымы)

  7. Күн тәртібі

  8. Төрағаның және хатшының қолы

Сөздік

Хаттама

протокол

Хаттама жүргізу

вести протокол

хаттаманың көшірмесі

копия протокола

хаттамаға қол қою

подписать (подписывать) протокол

анықтама

справка

анықтама жазу

написать справку

анықтама беру

дать справку

ұйымның ресми атауы

оригинальное наименование учреждения

құрылтайшылар жиналысы

собрание учредителей

төраға, төрайым

председатель

хатшы

секретарь

күн тәртібі

повестка дня

тыңдалды

слушали

қаулы қабылданды

постановили

қатысқандар

присутствовали

сөйлегендер

выступили

қойылған қолдың анықтамасы

расшифровка подписи

Хаттаманың үлгілік нұсқасы



Ұйымның ресми атауы
(мемлекеттік тілде)

ХАТТАМА




    1. №1

Құрылтайшылар жиналысы
(мекеменің аты)


Төраға – Аты-жөні
Хатшы – Аты-жөні
Қатысқандар – Аты жөндері


Күн тәртібі: 1.
2.
3.


ТЫҢДАЛДЫ: СӨЙЛЕГЕНДЕР


ШЕШІМІ
Төраға қолы Қойылған қолдың
анықтамасы


Хатшы қолы Қойылған қолдың
анықтамасы




Астана қаласы «СҰҢҚАР» ЖШС қызметкерлерімен
болған жиналыстың
ХАТТАМАСЫ
25 қараша 2005 жыл №1 Астана қаласы
Қатысқандар-14
Қатыспағандар


КҮН ТӘРТІБІНДЕ

  1. Мекеме бастығының орынбасары А.С.Асқаровтың атқарылған жұмыстар бойынша айлық есебі.

  2. Астана қаласындағы мемлекеттік мекемелермен және жеке кәсіпкерлермен келесі жылға келісімшарт жасасу.

  3. Келесі жылдан бастап мекеменің іс қағаздарын мемлекеттік тілге көшіру.

Тыңдалды:



  1. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мекеме бастығының орынбасары А.С. Асқаров атқарылған жұмыстар бойынша айлық есеп бере келіп, сапалы қызмет атқарған М.Бексұлтановты, С.Уалихановты атап өтті. Кейбір қызметкерлердің істеріне қанағаттанбағанын айтты.

  2. Өткен жылы бірігіп жұмыс атқарған мекемелермен жасалған келісімшарттардың мерзімін ұзарту, келер жылдан бастап Алматы қаласындағы «Береке» АҚ келісімшарт жасау керектігі айтылды.

  3. Келесі жылдан бастап іс жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру үшін мекеменің қызметкерлерін мемлекеттік тілде оқыту, іс қағаздарын осы бастан мемлекеттік тілде ресімдеу қажет екендігі айтылды.

ШЕШІМІ:


  1. Сапалы қызмет атқарған М.Бексұлтановқа, С.Уалихановқа сыйақы берілсін.

  2. Келісімшарт жасау мекеменің менеджері С.Сұлтановқа жүктелсін.

  3. Қызметкерлерді мемлекеттік тілде оқыту және олардың мемлекеттік тілде жұмыс атқаруын қадағалау кадр бөлімінің меңгерушісі Т.Е.Жұмабековаға Жүктелсін.

Хаттаманы жүргізген Б.А.Ақылбек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет