Сөздік
Билік айту - разрешать споры
Қайраткер – деятель
Ұдайы – постоянно, всегда
Жауласу – враждовать
Езгі - иго
Азат ету - освобождать
Майдан - фронт
Жауынгер – воин
Шапқыншылық- нашествие
Шаралар- меры
Әулие- святой
Тағайындау- назначать
Ел аузында- на устах народа
Нақыл сөз- слова назидания
Кесім- приговор
Тарау- распространяться
Едәуір ықпал- значительное влияние
Басқыншылық- захватничество
Тұтқын- плен
Белсене- активно
Қайрат- мощь, сила
Елші- посол
Ант ету- поклясться
Бағыну- подчиняться
Дау- жанжал- спор
Үлес қосу- вносить вклад
Ат салысу- поддерживать, помогать
Толғау- стихотворение, размышление
Төл сөз бен автор сөзі. Әйтеке би
Сөйлеуші адам бақа біреудің сөзін бұлжытпай, сол қалпын сақтап айтуы мүмкін.
Басқа біреудің өзгертілмей айтылған сөзін төл сөз дейміз.
Сөйлеуші адам төл сөздің кімдікі екенін айқындап, өз сөзін қоса атайды. Төл сөзді қолданушы адамның өз сөзін автор сөзі дейміз.
“Ғылым таппай мақтанба”, - деді Абай.
Осы мысалдағы Ғылым таппай мақтанба деген – төл сөз, деді Абай – автор сөзі.
Төл сөз тырнақшаға алынып, бас әріптен басталып жазылады.
1. Төл сөз автор сөзінен кейін қолданылса, автор сөзінен соң қос нүкте қойылады. Мысалы: Максим Горький былай деді: “Кітап – білім бұлағы”.
2. Төл сөз автор сөзінен бұрын келсе, төл сөзден кейін үтір мен сызықша қойылады. Мысалы: “Кітап – білім бұлағы”, – деді Максим Горький.
1. Мәтінді оқып, одан төл сөз, автор сөздерін табыңыздар.
Апасы Мағжанға қатты ренжіді. “Яслиден шығып, бақшаға келдің, үлкен жігітсің, бірақ әлі ақөылың кірмепті. Қиқарлық – жарамсыз әдет. Жақсы бала апасының да, көкесінің де айтқанын бұджытпай орындауы керек, - деді ол. Мағжан бұл сөздердің бірін естіп, бірін естіген жоқ, бар ойы күшікте еді. Мағжан апасына: - Күшікті үйге әкетеміз бе? Деп сұрады. Апасы: “Бөтен адамның күшігі, ұят болады, күшікті әкетпейміз, ойнағың келсе, ойнай ғой, тек трамвай келген кезде жаңағыдай қырсықпа. Бұдан былай тентек болма”, - деді. Мағжанның көңілі басылып, жыларман болды. Әйткенмен уақыт өткізбей, күшікпен ойнауға кірісті.
Әйтеке би
(1644 – 1700)
Әйтеке би (Айтық) Бәйбекұлы - Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүзді басқарған би, қазақтың атақты билерінің бірі. Есім ханның тұсында Самарқанды басқарған Жалаңтөс батырдың немересі. Әйтеке би Кіші жүздегі Әлімұлы тайпасының Төртқара руынан шыққан. Тәуке хан тұсында қазақ хандығының аса көрнекті билерінің бірі болды. Әйтеке би “Жеті жарғыны” шығаруға зор үлес қосты.
Ол өте ақылды, шешен болған. Бір орталыққа бағынатын қазақ хандығын құруға ат салысты. Әйтеке бидің ел арасында кең тараған толғаулары, шағын әңгімелері өте көп.
Әйтеке бидің есімі бұрын халық аузында ғана айтылып жүрсе, бұл күндері оған ескерткіштер қойылып, көшелердің аты берілді.
Сөздік
Достарыңызбен бөлісу: |