Қызамық вирусы
Таксономиясы. Тұкымдастығы: Togaviridae
Туыстастығы: Rubivirus.
Жетілген вириондар сфера пішінді, диаметрі 60-70 нм. Геномы (+) РНК сегменттелмеген молекуласынан тұрады. Суперкапсидінің липидті қабыкшасынын кұрамында тікенекше тәрізді Е1 жэне Е2 гликопротеидтер бар. Капсидінін симметриясы куб типті болады.
Ауыспалы жасуша дакылдарына (Vero, Hela т.б.) жұктыру
Инфекция көзі (резервуары) – клиникалык белгілері айкын немесе симптомсыз жұктырган адамдар. Вирус ауалы-тамшылы, транспланцентарлы, және де
инфицирленген заттармен жанасканда жұғады. Кызамыкпен негізінде 1-ден 7 жаска дейінгі балалар ауырады, ересектер сирек жадайда бұл ауруға шалдығуы мумкін.
Вирус жұкканнан кейін мойын, желке және құлак бездерінін арткы лимфа туйіндерінін жасушаларына енеді; сол жерде вирустын біріншілік репродукциялануы басталады. Бездер үлкейе бастайды және пальпациялау кезінде ауырсыну болады. Сонан сон вирус лимфаға, канға өтеді де вирусемия дамиды. Бөртпе пайда болган кезден бастап вирусемия токтайды.
Ауру дене кызбасынын дамуымен, бортпе шыгумен, жогаргы тыныс алу жолдарынынзакымдануымен, буындарыны жэне булшыкеттерінін ауыруымен сипатталады. Тыныс алу жолдары закымданганда жасырын кезені 11-23 тулікке созылады, продромальдык кезені – бірнеше сагаттан 1-2 тәулікке дейін ауыткиды. Ауруға тән сипаты: ашық-алқызыл түсті дақты папулалы бөртпелер әсіресе аяқ қол, арқада,бөкседе.Асқынулар сирек болады. Ең ауыр асқыну қызамықтық энцефалит,энцефаломиелиеттер.
Кан, мұрын-жұткыншак шайындысы, ликвор, ұрык тіндерінен алынган сынамалар.
-Вирусты бөліп алу (индикациялау): ауыспалы жасуша дакылдарына (Vero, Hela т.б.) жұктыру (түйіндактар тузілу, ЦПЭ, ГАР бойынша аныктау).
-Идентификациялау: БР, ГАТР, РИФ. Серологиялык диагноз кою: КБР, ГАТР, БР, ИФТ, ПТР.
Аурудан айыққаннан кейін тұрақты гуморальды иммунитет қалыптасады.Антигемагглютининдер және вирус бейтараптаушы антиденелер өмір бақи сақталады. Вирус бейтараптаушы антиденелер және антигемагглютиндер титрінін жоғаргы дәрежеде болу макроорганизмнін кабылдамаушылык көрсеткіші болып табылады. Қоздырыш интерферон синтезделуін басып тастаганда кызамык вирусы организмде ұзак уакыт бойы айналымда болады.
Емдеуі – симптоматикалык.
Алдын-алуы. Спецификалык профилактика максатында әртурлі вакциналар колданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |