95
3-сыныптың «Жаратылыстану» пәнінде Қоғам. Отбасы. тарауы
бойынша «Отбасы»тақырыбында мәтін берілген. Мен және біз.(«туыс»
ұғымы)
- Ата мен әженің немерелерімен отырған суреті (әңгіме құрауға).Осы
тақырыптарды өтуде құндылыққа арнайы бағдарлайтын халқымыздың
туысқандық, отбасылық дәстүрлері туралы шағын мәтіндерді пайдаландық.
Мысалы:
1-мәтін. «Нағашыға жиен батым келеді, халық дәстүрі бойынша
нағашысы жиеніне «қырық серкеш беруі» керек. Сондықтан болар, жиен
көңілі түскен нәрсесін: жүйрік ат, қыран бүркіт,
алғыр тазы, берен мылтық
т.б. осы сияқты бұйымтайын нағашысы қолынан бермесе, жиен жолынан
алуға ерікті, ол үшін жиен айыпты болмайды. Жиеннің қандай еркелігін
болсын нағашы жұрты көтереді де оған әрдайым қамқорлық жасап отырады.
Сондықтан да халық даналығы: «Нағыз тілеуқор,
қамқоршы нағашы
жұртың» дейді. Жиенді баласындай ерекше ардақтау қазақ халқының қанына
сіңген дәстүрі».
Мәтінмен жұмыс барысында «жиен», «нағашы» ұғымдарын
нақтылауға, оқушылардың жиен, нағашы деген қандай туысқандықты
білдіретін ұғымдар екенін түсінуіне көмектесетін сызба ұсынылады. Сондай-
ақ, балаларға өз нағашылары туралы әңгімелеуді тапсыруға болады.
2-мәтін. «Қазақ арасындағы туысқандық қарым-қатынас тек ерлер
тарапынан ғана болып қоймайды. Қыздар ұрпағы,
жиендер мен нағашы
арасындағы қарым-қатынастар да ерекше құнды. Әр елге ұзатылған апалы-
сіңлілі қыздардың балалары бір-біріне бөле болып келеді. Бөлелер арасында
олардың аналарының туыстық жақындығына байланысты аса бір
сыйласымды, жылы қарым-қатынас болады. Оларды туыстық жағынан
жалғастыратын – нағашы жұрты, яғни, бұл екі жаққа да бірдей аналарының
төркіні» [116, б. 47].
Мәтінмен шығармашылық жұмыс оқушылардың «бөле» ұғымына
қатысты мақал-мәтелдердер жазуы және әңгімелер құрастыруы арқылы осы
туысқандық қатынастың құндылығын түсінуге көмектеседі.
3-мәтін. «Әкем шақырып: «көз» бен «көзі» деген сөздердің мағынасын
маған ажыратып берші»,-деді. Мен мақұл дедім де : «Көз» деген мынау деп
көздерімді сипалап жібердім де, жыпылықтатып қойдым. Енді «көзі» дегенге
келсек,-менің көзім, оның көзі,-деп тақпақтай бастадым.
-Еһ, һе, білмедің. Мынау тұрған жүкаяқ-әжеңнің көзі,
анау керегедегі
ілулі тұрған аяққап әжеңнің әжесінің көзі. Ал, мына менің қолымдағы қамшы
сенің атаң ұстаған қамшы. Сол күннен бастап, мен үйдегі ата-әжелерім
ұстаған мүліктерге айрықша жылы қарайтын болдым» («Балдырған»
журналы).
Бұл мәтіндегі оқушыға меңгерту көзделетін түсінік – отбасында
қадірлеп, қасиетті зат ретінде сақтайтын дүниелердің болатындығы.
Ахмет Байтұрсыновтың «Әліп-би» оқу құралында осындай
халқымыздың тұрмыс тіршілігінен хабар беріп, оқушылардың ұлттық сана-
96
сезіміне әсер ететін мәтіндер мол («Сонар», «Күзем», «Үмені көргенім» т.б.).
Мысалы «Үмені көргенім» тақырыбындағы мәтінде «үме»
ұғымы бала
түсінігіне сай қарапайым деңгейде баяндалады. Қазақтың өзара көмек
көрсету, қиын-қыстау кезде «Бірлесе көтерген жүк жеңіл» - деп қол ұшын
беруі халқымыздың қасиетті ұлттық дәстүрі екендігінен хабар береді.
Осындай мәтіндерді оқушыларға оқу үдерісі барысында ұсынып отыру
арқылы оларды қазақ халқының құнды дәстүрлерімен таныстыра отырып,
оған құндылық қатынас қалыптастыруға болады [41, б. 128].
Осы мәтіндерді талдау барысында «Менің отбасымның дәстүрлері»,
«Менің туыстарым» тақырыбында сызбалар жасауға тапсырма беру де тиімді
болады. Бастауыш сынып оқушылары әдетте әр түрлі тапсырмаларды
ұқыпты орындайды. Тапсырмалар беру жүйесін құру,
қол жеткізген
табыстары үшін оқушыларды мадақтап отырудың маңызы зор. Мұғалімнің
мадақтауымен қатар өз құрбы-құрдастарының мақұлдауына да бастауыш
сынып оқушылары сезімталдықпен қарайды.
Мекенжай тақырыбын өтуде халқымыздың көршілік дәстүрлерін,
қонақжайлық дәстүрлерін құндылық ретінде меңгерте отырып, адам аралық
қарым-қатынастағы ұлттық нақышқа көңіл аударамыз. Осы мақсатпен бұл
тақырыптарды өту барысында да оқушыларға «қонақ», «көрші», «қара
шаңырақ», «отау үй» т.б. ұғымдарға түсінік беретін шағын мәтіндер
ұсындық.
Достарыңызбен бөлісу: