Тулегенова газиза адилбековна



Pdf көрінісі
бет33/46
Дата11.04.2024
өлшемі2.31 Mb.
#498405
түріДиссертация
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   46
Диссертация-Тулегенова-Г.А (4)

Сабақтың тақырыбы: Достық, көршілік қарым-қатынас дәстүрлері. 
Сабақтың мақсаты: а) бастауыш сынып оқушылары арасында айқын 
белгіленген достық пен жолдастық қарым-қатынаста оқушыларды 
талғампаздық танытуға және достық қарым-қатынас орната біліп, достық 
байланыстарды қадірлеуге үйрету.
б) қазақ халқының «көрші қақы» деген ұғымының мәнін ұғындыра 
отырып, көршіге деген ерекше көзқарас қалыптастыру.
Көрнекіліктер: электронды оқулықта достық тақырыбындағы, көршілік 
хақындағы мақал-мәтелдерді беру. 
Әдістер: сұхбат, рөлдік ойын.
Барысы: Мұғалім сабақты сұрақ қоюдан бастайды:


103 
- Балалар, дос деген кім?
- Сен үшін достық сөзінің қаншалықты мәні бар?
- Өзара көмек. 
- Демеу көрсету. 
- Қуаныш. 
- Адалдық т.б. 
Ия, 
ол 
біздің 
өзімізге 
жақын 
тартатын 
құрбыларымыз, 
құпияларымызды бөлісетін сырласымыз, қажет болғанда қол ұшын беретін 
көмекшіміз. Дос таңдау мәселесіне халқымыз ерекше жауапкершілікпен 
қараған. Дос бола білу, достық қарым-қатынас орната білу, достық 
байланыстарды қадірлеу, досты қорғау, қамқорлық көрсету, табыстарына 
қуану, құпиясын сақтай білу т.б. қатынастарды қадірлеп, оның құндылығын 
ерекше сезінген, бағалаған. Шынайы достық – сыйластыққа негізделеді. 
«Жақсы дос үшін жан пида», «Жақсымен жолдас болсаң, жетерсің мұратқа» 
дейді халық. 
Кәне енді достық тақырыбындағы мақал-мәтелдерді аяқтайық: 
1. Досы көпті _______алмайды(жау). 
2. Дос_____________ айтар(жылатып). 
Дұшпан күлдіріп айтар. 
1. Досыңа__________айтпа(өтірік). 
Дұшпаныңа сырыңды айтпа. 
2. Аз қайғыны ас басады, 
Көп қайғыны ______басады (дос). 
Мұғалім: - Қазақта көрші қақы деген ұғым бар, көршіге деген ерекше 
көзқарас бар. Оның мәні де адам баласын ардақтау, татулықты уағыздау, 
көршімен тату болу. Біз көршілеріміздің аты-жөнін біліп қана қоймай, оның 
қандай қызметте істейтінін, тұрмыс жағдайын, қандай көмекті қажетсінетінін 
және қандай көмек бере алатынын білуіміз керек. Көрші бала ретінде қарым-
қатынас жасау ретін білу де өте маңызды. Сондай-ақ, сыныптағы парталас 
көршілеріңмен ерекше қарым-қатынас орната білудің де маңызы зор. 
Халқымыз көршілік хақында «Жақсы көрші туғаныңнан артық», «Үй алма, 
көрші ал» деген. Бұл мақал-мәтелдер бүгінгі күні де ерекше мәнді. Көрші 
адамдардың бір-біріне деген қамқорлығы, үнемі бір-бірінің жағдайынан 
хабардар болып отыруы, ұзақ уақыт көрші отырған адамдардың жақын 
туыстай болып кетуі осының дәлелі.
Сабақтың соңында «Көрші» ойыны ұйымдастырылады. Мұғалім 
оқушыларға үйден өз көршілері туралы шығарма және достық, көршілік 
қарым-қатынас туралы мақал-мәтелдер жазып келуді келуді тапсырады
Сабақ тақырыбы: Қазақтың ырым, тыйымдары – тәрбие құралы. 
Мақсаты:
а) оқушыларды халықтың салт, дәстүрін сақтауға тәрбиелеу, 
адамгершілік сапаларды, асыл қасиеттерді бойына сіңіру; 


104 
ә) қазақ халқының тәрбие құралдарының бірі – ырымдары мен тиым 
сөздері ұлағатты ұғымдар арқылы оқушыларды жаман әдеттен, жат пиғыл
орынсыз қылық, теріс мінездерден сақтандыру; 
б) ойын нақты, дұрыс жеткізуге баулу, тапқыр сөйлеуге, ақылды, 
салмақты ой айтуға үйрету. 
Әдістер: Ойын әдісі, топтық жұмыс,
Көрнекіліктер: электронды оқу құралында тиым сөздерге салынған 
суреттер беріледі. 
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Бала тәрбиесіне, жалпы адам тәрбиесіне мән 
беріп, оның ырым, тиымдарын, салт, дәстүрін ерекше сақтаған – қазақ халқы. 
Ырым – жақсылықтан өнеге алып, оған жету үшін жасалынатын әрекет. Ал, 
тиым рәсімдері жас ұрпақты аруақты сыйлауға, табиғатты қорғауға, әдепті 
болуға, қарапайымдылыққа, инабаттылыққа баулиды. Халқымыздың әдет-
ғұрпын, салт-санасын жақсы біліп, оны іс жүзінде орындай білу - әрбір 
перзенттің борышы. Ол – мәдениеттің белгісі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет