Тулегенова газиза адилбековна



Pdf көрінісі
бет38/46
Дата11.04.2024
өлшемі2.31 Mb.
#498405
түріДиссертация
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   46
Диссертация-Тулегенова-Г.А (4)

Кездесу кеші: «Аталар мен әжелер күні». 
Мақсаты: Отбасындағы қарияның рөлін түсіндіру, кәрі адамдарды 
сыйлауға, ізет көрсетуге баулу. 


114 
Ата-әжеге ілтипат көрсету әр оқушының борышы екенін ұғындыру. 
Көрнекілігі: 
1. Үнтаспадан «Сөнбейді әже шырағың» әнін тыңдау. 
2. Онлайн форматта мақал-мәтелдер мәтінін оқып, түсінгенін айту. 
3. «Қариялар-қазынам» тақырыбында виртуалды кездесу ұйымдастыру. 
Өткізу формасы: Диалог әдісі. 
1-жүргізуші:
Қартты сыйлау ісі ғой көргендінің, 
Ата-ананың тәрбие бергендігін. 
Дәлелдейсің ісіңмен парасаттың, 
Көрсетіп пасықтықты жеңгендігін. 
2-жүргізуші:
Құрметті кешке шақырыған қонақтар, ардагер ата-әжелеріміз! 
Бүгінгі кездесу кешіне қош келдіңіздер(қонаққа келген ата-
әжелермен таныстырады). 
Балаларыңыз сіздерге арналған өлеңдерін оқиды. 
1-оқушы:
Қарсы тұрған қасқайып дауылдарға, 
Қариялар кәрі емен дауың бар ма? 
Күйбең сәттер бір мезгіл қажытқанда 
Ақыл беріп отырар қауымдарға. 
2-оқушы:
Асыл әже, тілден балды тамыздың, 
Тыңдаушының көзінен жас ағыздың. 
Би-шешендер өмірлерін айтатын, 
Жанды томы шежіре мен аңыздың. [162-164]. 
«Қарттарым аман-сау жүрсін» әні орындалады. 
 «Өткен күн шежіресі». 
1-жүргізуші:
Бүгінгі кешіміздің құрметті қонағы Асылбек ата – соғыс зардабын 
басынан кешірген майдангер. Атамыздан салт-дәстүр, бейбіт күн жайлы 
әңгіме тыңдайық. Олай болса, Асылбек атаға сөз береміз. 
 «Отбасының берекесі – қариялар». 
3-оқушы:
Әжелер біздің сәнді боп аппақ жаулығың, 
Тілейсіз әр кез ұрпақтың ден саулығын. 
Келіндерді тәрбиелеп отырсыз, 
Өзгелерге үлгі-өнеге-ау мұның. 
2-жүргізуші:
Отбасының 
ұйтқысы-аталар 
мен 
әжелерімізді 
тыңдайық. 
Қонақтарымыз – Әлімғазы ата мен Несібелі әжеге сөз кезегін береміз «Жанұя 
жарастығындағы қарияның орны» тақырыбындағы ата мен әже әңгімелерін 
тыңдап қорыту. [169, 170]. «Ақ әже» әні орындалады. 
 «Қариялар қазынам» 


115 
1-жүргізуші:
Шіркін-ай, жарасымды-ау ізет деген 
Сызылған біз өтпенен, сіз өтпенен. 
Келешекке бір қадам баса алмайды 
Өз жұртының дәстүрін күзетпеген. 
«Қария мен бала»- сахналық қойылым. 
Кешті қорытындылау. 
Ересек адам оқушының қарым-қатынасы мен тәртібіне бағдарлау 
негізін салады. Бастауыш сынып оқушысында өзгелерге деген қатынас 
«жақын – бөтен» жолымен қалыптасады. Сондықтан оқушының өзінің тума –
туыс, жақын адамдарымен құндылық қарым-қатынас нормаларын 
меңгеруінің маңызы зор. Бастауыш сынып оқушысының бұл түсініктерін 
«үш жұрт», «жеті ата» ұғымдарына қатысты патриоттық тәрбиенің мазмұны 
арқылы қалыптастыруда олардың таным мүмкіндіктері, әлеуметтік 
тәжірибесі есепке алынады [189-192]. 
Осы мақсатта тәжірибе барысында оқушылармен сыныпта «Біздің 
әулет» тақырыбында фотосуреттер көрмесі жасақталып, «Біздің отбасылық 
жәдігер» деген айдармен виртуалды түрде отбасылық мұражай 
ұйымдастырылды. Оқушылар бұл жұмыстарға белсенді түрде араласып, 
мұғалімнің тапсырмасы бойынша әжелерімен, аталарымен әңгімелесіп өз 
отбасының шежіресі туралы мәліметтер жинақталып, бірлескен топтық 
жұмыстар барысында отбасы құндылықтарын түсінді.
Ата-анаға деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу мақсатында Талдықорған 
қаласы №16 орта мектеп-гимназиясы, Алматы облысы, Алакөл ауданы 
Токжайлау орта мектептерінде бастауыш сынып ата-аналарымен әкелер 
конференциясын, аналар конференциясын өткізу дәстүрге айналған.
Бастауыш сынып оқушысының тұлғасына басқа бір жеке тұлғаның 
идеал бейнесі ерекше әсер етеді. Адамгершілік идеал ең жоғарғы рухани 
құндылық рөлін атқарады. Өз бетімен қандай мінез-құлықты таңдайтыны көп 
жағдайда оқушының патриоттық тәрбиеларының деңгейіне байланысты. Бұл 
жастағы балаларға «үш жұрт» ұғымын меңгертуде ата жұртымен қатар 
нағашы жұртына жататын туысқандық қатынастарға көңіл аудару қажет. 
Қазақ арасындағы туысқандық қарым-қатынас тек ерлер тарапынан ғана 
болып қоймайтындығын, қыздар ұрпағы, жиендер мен нағашы арасындағы 
қарым-қатынастың да ерекше құнды екендігін және бөлелер арасында 
олардың аналарының туыстық жақындығына байланысты аса бір 
сыйласымды, жылы қарым-қатынастың қалыптасатындығын бастауыш 
мектеп жасындағы оқушыға ұғындырудың маңызы зор [116, б. 115]. Ерте 
жастан бастап осылайша туыстық қатынастың құндылығын сезіну, оның 
мәнін түсініп, соған сәйкес өз әрекеттерін реттеп отыру қоршаған ортамен 
қарым-қатынасының жағымды болуына жол ашады.
Отбасылық дәстүрлер негізінде патриоттыққа тәрбиелеу бағыттау 
нәтижесінде төмендегідей дағдыларды қалыптастыру көзделеді: 


116 
- бастауыш сыныптардағы гуманитарлық пәндерді оқыту арқылы 
оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу жөніндегі білімдерін кеңейте 
түсу, өз іс-әрекеттерін сол түсініктерге сәйкес реттеуге ұмтылдыру; 
- ұлтымыздың қастерлейтін салт, дәстүрлерін оқушылардың санасына 
сіңіріп, өмір тәжірибесінде дағдыландыру; 
- әр оқушының өзін-өзі тәрбиелеуінің мүмкіндіктерін кеңейту. 
Осыған байланысты оқушылардың ұлттық салт, дәстүрлерді құндылық 
ретінде бағалап, оларды өз өмірлерінің басты бағыты деп тануларына ата-
аналардың көмегін пайдалану мүмкіндігі бар. Себебі туысқандық қарым-
қатынастағы бір-біріне өзара көмек көрсету дәстүрлері отбасында 
орындалып, балаларға үлгі етіледі. Көптеген отбасылық дәстүрлер 
оқушылардың қайырымдылық, өзара көмек көрсетудегі бағдарларын 
реттеуге әсер етеді. Ата-ана туысқандармен жағымды қарым-қатынастың 
мәнін түсіндіріп, көмек қажет ететін адамдарға қол ұшын беру керек екенін 
ұғындырып отырады. [116, б. 116].
Бастауыш сыныптағы тәрбие жұмыстарының оқушының жан-дүниесіне 
қаншалықты әсер етуін және патриоттық тәрбие түсініктер негізінде 
патриоттыққа тәрбиелеуын бірыңғай жүйе ретінде белгіледік:
- оқушыға эмоциялық ықпал жасау(сендіру, өнеге көрсету, түсіндіру, 
санасына сіңіру) (мотивациялық). 
- оқушылардың патриоттық тәрбиені ажырата білудегі білімі мен 
білігін жетілдіру (танымдық). 
- патриоттыққа тәрбиелеуде тәрбие жұмыстарының әр түрлі әдістерін 
пайдалану(әңгіме, кеңес беру, талқылау) (әрекеттік). 
Педагогикалық тәжірибе барысында бастауыш сынып оқушыларымен 
жүргізілген жұмыстар арқылы(пікірсайыс, этикалық жағдаяттар, мұражайға 
саяхат т.б.) олардың патриоттық тәрбие таным-түсініктерінің артқандығын,
патриоттық 
тәрбиені 
бағалау, 
таңдау 
біліктіліктерінің 
деңгейі 
жоғарылағанын байқатты. Қалыптастыру жұмысының нәтижесін төмендегі 
кесте мен диаграммадан көруге болады. 
Кесте - 11 Бастауыш мектепте гуманитарлық пәндерді оқыту арқылы 
оқушылардың патриоттық тәрбиесінің деңгейін тексеру нәтижелері 
№ 
Деңгей 
Эксперимент тобы 
Бақылау тобы 

Жоғары 
32% (38оқушы) 
19% (22оқушы) 

Орта 
49 % (58оқушы) 
47% (55оқушы) 

Төмен 
19 % (22оқушы) 
34% (40оқушы) 

Барлығы 
118 оқушы 
117 оқушы 
Бастауыш сыныптардағы гуманитарлық пәндерді оқыту арқылы 
оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу деңгейін тексеру нәтижелері келесі 
суретте беріледі. 


117 
Сурет – 7 Бастауыш сыныптардағы гуманитарлық пәндерді оқыту 
арқылы оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу деңгейін тексеру нәтижелері 
Оқушылардың патриоттық тәрбиесін, құндылық қатынастарын, 
ұмтылыстары мен қажеттіліктерін айқындайтын тестілер мен әдістемелерді 
қайталап өткізу барысында олардың патриоттық тәрбиесін анықтау жүзеге 
асырылды. Эксперимент тобында патриоттыққа тәрбиелеу деңгейінің 
жоғарылағаны байқалды. Демек, бұл тәрбие үдерісінде жүргізілген іс-
шаралардың әсері болғандығын көрсетеді. Әйткенмен, оқушылардың әлі де 
болса патриоттыққа тәрбиелеудің мәні мен маңызын түсінуі және соның 
нәтижесінде 
өз 
мінез-құлықтарын, 
іс-әрекеттерін 
реттеп 
отыруы 
жетіспейтіндігі олардың дербес тапсырмаларды орындауы, этикалық 
жағдаяттарды шешуі барысында байқалды. Өйткені олар көп жағдайда 
мұғалімнің көмегі мен ақыл-кеңесіне сүйеніп отырды.
Сонымен педагогикалық тәжірибенің екінші кезеңінде атқарылған 
жұмыстар бойынша эксперименттік топтарда патриоттыққа тәрбиелеудің 
төмен деңгейі – 18,8%, орташа – 49,2%, жоғары - 32% дәрежесінде болуы 
олардың патриоттық тәрбие жөніндегі білімдерін жетілдіру қажеттігін 
байқатты. Мұндай деңгейдің анықталуы қалыптастыру жұмысының үшінші 
кезеңінде оқушылардың тәрбие жұмысының мазмұны мен түрінің 
жетілдірілуін қажет етеді. Тәрбие үдерісінде бастауыш сынып мұғалімінің 
оқушылармен және ата-аналармен бірлескен жұмыстарын тереңдете түсу 
мақсатында патриоттыққа тәрбиелеуге әсер ететін шаралардың тақырыптары 
мен формалары (дәріптеу кештері, кездесулер, сайыстар, драмалық 
қойылымдар, апталықтар, пед.лекторийлер, т.б.) белгіленіп, жүйелі жоспарлы 
түрде іске асырылды. Бастауыш сынып оқушыларының халқымыздың 
дәстүрлеріне деген құндылық қатынасын қалыптастыруға ата-аналардың
ықпалы зор екенін ескере отырып, олардың ықпалын жүйелі арнаға салу 
көзделді. Осы мақсатпен отбасында ұлттық салт, дәстүрлерді пайдалануға 
ұмтылдыру, ынталандырып отыру, ата-аналардың осы бағыттағы істерін үлгі 
ету басты назарда болды. Балаларға отбасында меңгертілетін ұлттық салт
дәстүрлер: 
- туысқандық қарым-қатынас дәстүрлері: «жеті ата», «үш жұрт» 
ұғымдарына байланысты қарым-қатынас нормалары; 
- достық, көршілік қарым-қатынас дәстүрлері; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет