Тулегенова газиза адилбековна



Pdf көрінісі
бет45/46
Дата11.04.2024
өлшемі2.31 Mb.
#498405
түріДиссертация
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46
Диссертация-Тулегенова-Г.А (4)

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


145 
ҚОСЫМША Ә 
Сабақ жоспары 
 
Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным! 
Сабақтың мақсаты: а) өлеңді мәнерімен оқи білуге үйрету. 
ә) Оқушылардың Отан туралы түсініктерін кеңейтіп, сүйіспеншілік 
сезімін тәрбиелеу. 
Әдістері: ойын әдісі, топтастыру, ой-толғаныс, эссе жазу. 
Көрнекілігі: «Ғажайып алаң» ойынының қажетті құралы, Қазақстан 
картасы, Елтаңба, Ту, үлестірме қағаздар, ұшақ бейнесі, интерактивті тақта. 
Сабақтың барысы: 
Ұйымдастыру бөлімі. 
Үй тапсырмасын тексеру. «Ғажайып алаң» ойыны арқылы жүзеге 
асады. 
Ойынның шарты: Жүргізуші дөңгелектерді айналдырады да, тоқтаған 
тілшеге сәйкес келген тапсырманы оқиды. Егер тапсырма дұрыс орындалса, 
оқушы дөңгелекті әрмен қарай айналдырып, келесі тапсырманы орындайды. 
Егер қате болса, басқа оқушы оны түзетіп ойынды өзі жалғастырады. 
Тілшелерде жазылған тапсырмалар:
№1 – «Үш бақытым өлеңінің авторы кім? 
№2 – Қазақстан жалауының ерекше бейнесін атап айт. 
№3 – Біздің еліміздің Нұр-Сұлтансы қай қала? Оның бұрынғы 
атауларын айт. 
№4 – Тіл туралы қандай өлең оқыдың? 
Тілшелердің арасында тосын сыйлар бар, яғни, сандықшадан тосын 
сый шығады. Ол сыйларды оқушылар сатып алулары қажет. Мысалы: 
әнұранды айтып берген бала сыйлыққа ие бола алады. 
Жаңа сабақ 
Енді, балалар, сіздермен «Отан» сөзіне сөзжұмбақ құрап үйренейік. 
Міне біз бүгінгі сабақта Бүркіт Ысқақовтың «Сенің Отаның» өлеңін 
оқимыз.
Мұғалім тақтадағы Қазақстан картасына оқушылардың көңілін 
аударып, оқушылармен кіріспе әңгіме өткізеді. 
- Біздің ұлтымыз, еліміз қалай аталады? 
- Иә, біздің еліміз - Қазақстан . 
- Енді карта бойынша саяхат жасап көрейікші. Біздің еліміз ұлан 
байтақ кең, оны біз ұшақпен аралаймыз. Мына ұшаққа бәріміз отырдық. 
Сөйтіп, ұшып келеміз. Мұғалім әр облыстың атымен таныстырып 
өтеді.(Алматы, Нұр-Сұлтан, Талдықорған, Алакөл, Текелі т.б.) 
- Ал, балалар, қазір мен Бүркіт Ысқақовтың «Сенің Отаның» өлеңін 
оқып берейін.(Өлеңді мәнерлеп оқиды) 
- Әр шумағы бойынша ақын Отан деген ұлы ұғымның іргетасын
қалайды.
Бірінші шумақты мұқият тыңдап қарайықшы.


146 
- Шыныменен Отан ең алдымен өз Атамекеніңнен, үйіңнен басталады 
да, оған ата-ана, дос, бауыр, көрші-көлем, тума-туыс жатады. Бірте-бірте 
керегесі кеңейіп, шаңырағы биіктей түседі. Отанға – ауыл, аудан, өлке, Нұр-
Сұлтанны жатқызады. 
- Біздің ауылымыз – Токжайлау, ауданымыз – Алакөл, облысымыз
Алматы облысы(орталығы – Талдықорған), Астанамыз – Нұр-Сұлтан қаласы. 
Балалар тақтадағы «Менің Отаным» сызбасы неге ұқсайды? 
- Иә, шаңыраққа ұқсап тұр.
Демек, балалар, Отан деген кең ұғымға кең байтақ, ұзақ тарихы бар, аса 
бай, бүкіл әлемге танымал, қонақжай халқы бар тәуелсіз еліміз жатады.
- Екінші шумақта ақын Отан деген ұғымға қазақ халқын, тілін, өлең, 
жырын, өткен тарихының кіретінін айтады.
Біздің бас қаламыз Нұр-Сұлтан қаласының тарихының тамыры да 
теріңде жатыр. (Нұр-Сұлтан қаласының өткенінен қысқаша тарихи 
деректерді ұсыну. Электронды оқу құралын пайдалану). 
- Ал, үшінші шумақта Отанды сүю деген сөз – оның жері мен халқын 
ғана емес, сол халықтың тілін, тарихын, өлең-жырын сүйе білуге шақырады. 
- Осы шумақты ішімізден оқып, қандай сезім пайда болатынын 
байқаймыз. 
(Үнсіздік сәті, жәй қазақ тілі ойнап тұрады).
Бұдан соң оқушылармен Отанға деген сүйіспеншілік ол өз ата-анаңа, 
бауырларыңа, туыстарыңа деген ыстық сезімдерің деген бағытта әңгімелесу. 
- Енді, мәтінен Отан деген сөзді тауып, қысқаша сипаттама беру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет