Жұмыстың мақсаты. Белгілілік/белгісіздік категориясын функционалды-семантикалық категория ретінде қарастырып, оның мәндерінің әртүрлі тілдік жағдаяттардағы берілу жолдары мен қызметін талдау. Осы мақсатқа жету жолында бірнеше нақты міндеттерді орындау көзделді. Атап айтқанда:
- белгілілік/белгісіздік категориясын функционалды-семантикалық аспектіде қарастыру;
- белгілілік/белгісіздік функционалды-семантикалық категориясының тұрпат межесі мен мазмұн межесіндегі инварианттары мен варианттарын анықтау;
- белгілілік/белгісіздік функционалды-семантикалық категориясының жекелеген мәндерінің тілдің түрлі деңгейлеріндегі берілу сипатын көрсету;
- белгілілік/белгісіздік функционалды-семантикалық категориясын функционалды-семантикалық макроөрістер негізінде сипаттап, өзіндік ерекшеліктерін айқындау;
- шағын (микро) өрістерді анықтап, олардың өзара әсерін және соның нәтижесінде қалыптасатын осы категорияның жекелеген мәндерінің арасындағы қатынасты сипаттау.
Достарыңызбен бөлісу: |