Тураева Айгүл Тасболатқызы


Жұмыстың практикалық құндылығы



бет7/30
Дата02.01.2022
өлшемі189.5 Kb.
#454231
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30
автореферат

Жұмыстың практикалық құндылығы. Зерттеу жұмысының нәтижелерін қазақ тілін оқытуға арналған оқулықтар мен әдістемелік жұмыстарда, жоғары оқу орындарына функционалды грамматика, аударманың теориясы мен тәжірибесі, әдеби тіл, тіл мәдениеті, морфология, синтаксиске арналған оқулықтар мен оқу құралдарын жазуда пайдалануға болады. Сондай-ақ қазақ тілі теориясы мен типологиясына арналған арнайы курстар мен арнайы семинарларды жүргізуде пайдалануға болады.

     Зерттеу әдістері. Жұмыста қолданылған әдістер белгілілік/белгісіздік функционалды-семантикалық категориясының жекелеген конституенттерінің өзіндік ерекшелігінен туындайды. Зерттеу барысында тілдің түрлі деңгейлері, белгілілік/белгісіздік категориясының морфологиялық, синтаксистік, лексикалық жолдармен берілу жолдары талдануына байланысты тілді жүйе ретінде қарастыруға мүмкіндік беретін сипаттама әдісі қолданылды.

     Сонымен қатар белгілілік/белгісіздік функционалды-семантикалық категориясын жан-жақты толық ашу үшін, нақты айтқанда, шағын өрістер арасындағы шекараны айқындау үшін трансформация әдісі, дистрибуция және белгілілік/белгісіздік мәндерінің семантикалық компоненттерін айқындау үшін компонентті талдау әдістері қолданылды. Сондай-ақ белгілілік/белгісіздік функционалды-семантикалық категориясы өрісінің ортақ құрылымы мен жекелеген семантикалық белгілерін анықтау мақсатында "өріс" әдісі қолданылды. Талдау барысында өріс талдауын сандық талдаумен байланыстыратын кешенді талдау қолданылды. Белгілілік/белгісіздік жағдаяттарын, белгілілік/белгісіздік мәнінің берілу жолдарын айқындап, сипаттауда, белгілілік және белгісіздік мәндерінің семантикалық варианттарын анықтауда тұтас контекстер пайдаланылды.

     



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет