Туралы таным


Фиқһи айырмашылықтарда назар



Pdf көрінісі
бет45/70
Дата19.02.2023
өлшемі0.68 Mb.
#469759
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   70
Book-1365575707-51807(1)

Фиқһи айырмашылықтарда назар 
аударатын жәйттер
Шариғат тармақтарының кейбірінде әркелкілік 
болуы табиғи нәрсе, әрі үммет үшін мейірім мен 
кеңшілік. Соған қарамастан дін саласының ғибадат 
және құқықтық үкімдерінде адамдардың барлығын 
бір пікірге біріктіргісі келетіндер бұл істерінің мүмкін 
еместігін білуі тиіс. Олардың қайшылықтарды жоюға 
күш салулары қайшылық ауқымының кеңеюінен басқа 
еш нәрсеге алып бармайды. Өйткені, шариғаттың 
ұстанымы саналмаған үкімдерді түсінуде әркелкілік 
болуы табиғи қажеттілік екенін айттық. Біз қаламасақ 
та, бұл әркелкілікті қажет ететін себептер бар. Олар 
– дін болмысы, тіл құрылымы, адам табиғаты және 
жалпы жаратылыс пен өмір заңдылығы. Шариғат 
осылардың барлығымен қатысты болғандықтан олар-


101
Мәзһабты қате түсіну және түсіндіру себептері
мен өзара үйлесімділік сақтайды. Әйтпесе, өміршеңдігін 
жоғалтқан өзге діндерден айырмашылығы болмас еді. 
дін болмысы
Аллаһ Тағала шариғаттың өзгермес заңдарынан 
басқа дін үкімдерінің кейбірінде әртүрлілік болуын 
қалады. Сондықтан шариғат амалдарының ішінде арнайы 
үкім жіберілгені және ешбір үкім айтылмағаны кезде-
седі. Құран мен хадистегі арнайы аталған үкімдердің 
өзінің ішінде мағына тұрғысынан нақты болғаны, астар-
лы болғаны, тура мағыналысы, ауыспалы мағыналысы 
бар. Бұлар адам ақылын ізденіс (ижтихад) пен үкім 
шығару (истинбат) жолын белгілеуге итермелейді. Са-
хабалар кезіндегі даму мен өзгеріске жол ашқан діннің 
осы ерекшелігі еді. Ал кейбір ғайыпқа иман келтіру 
сияқты мәселелер шынайы бой ұсыну мен талқысыз 
қабылдауды қажет етеді. Бұларда ижтихад жасаудың 
орнына қалтқысыз мойындау сынағы бар. Осының 
нәтижесінде адам жаратылысының басты мақсаты са-
налатын сынақ іске асады. Құранда «Шын мәнінде біз 
адам баласын біріккен тамшыдан жараттық. Оны сы-
наймыз. Сондықтан оны еститін, көретін қылдық»
69
– 
дейді. Демек, діннің нақты жағы мен болжамды жағын 
ажырата білу қажет. Себебі, біржақтылық та, екеуінің 
орнын ауыстыру да дұрыс емес. Мәселен, шариғаттың 
тармақ мәселелерін өзгерместей етіп көрсету сияқты, 
нақты заңдарында өзгеріс енгізуге тырысу үлкен қателік 
болар еді.
Егер Аллаһ қаласа, дінді ешбір ізденіске қажеттілік 
тудырмайтын, ешқандай әртүрлілікті қабыл етпейтін бір 
тарапты, бір қалыпты етіп жаратар еді. Бірақ олай жа-
69
«Инсан» сүресі, 2-аят


102
Мәзһаб туралы таным
самады. Себебі дін болмысын тіл мен адам табиғатына 
сай болуын қалады және құлдарына кеңшілік жасады. 
Біз Құранның мағынасы мен тәпсіріне бармай-ақ 
тек оқылу үлгісінің өзін жеті немесе он қырағатта 
оқылатынын көреміз. Бұл қырағаттар бүкіл үммет 
бойынша қабыл етіліп, ешбір мұсылман ғұламасы мұны 
теріске шығармаған. Себебі Пайғамбарымыздан (с.а.у.) 
солай жетті. Бұхари Ибн Мәсғудтан риуаят етеді:
«Бір кісінің бір аят оқығанын естідім. Дәл сол аятты 
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өзгеше оқығанын естіген 
болатынмын. Мұны Пайғамбарымызға (с.а.у.) жеткіз-
дім. Пайғамбарымыз (с.а.у.) бұл таласты жақтырмай 
«екеуіңдікі де дұрыс, таласқа түспеңдер. Сендерден 
бұрынғылар таласқа түскендіктен апатқа ұшырады» – 
деді»
70
.
Осы тақырыпқа байланысты ғұлама Ибн әл-Уәзир 
былай дейді: «Хадистегі апатқа ұшырататындығы үшін 
тыйым салынған талас – бұл дұшпандыққа бару. Ал 
дұшпандықсыз қайшылыққа түсу, әркелкі көзқарас 
білдіру болса мұны Пайғамбарымыз (с.а.у.) қолдады. 
Көрмейсің бе, екеуінің қайшылығын айтқан кезде Ибн 
Мәсғудқа «екеуіңдікі де дұрыс» дегенін? Одан кейін 
барып сақтануы керек қайшылықты ескертті...»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет