Туралы таным


 сеБеп: ихтилАФ – МӘЗҺАБтАр



Pdf көрінісі
бет43/70
Дата19.02.2023
өлшемі0.68 Mb.
#469759
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   70
Book-1365575707-51807(1)

3. сеБеп: ихтилАФ – МӘЗҺАБтАр 
АрАсындАғы АйырМАшылық
Неге мәзһабтар арасында айырмашылық бар?
Бұл дінде бөлінушілікке түсу емес пе? 
Төрт мәзһабты біріктіріп ең дұрысын алсақ
болмай ма?
Мәзхабтарды теріс түсіну мен түсіндірудің бір себебі 
мәзһабтар арасы айырмашылықтардың болуы. Бұл 
айырмашылықтардың қаншалықты жөн, қаншалықты 
теріс екенін төменде қарастыратын боламыз. Бірақ одан 
бұрын осы қате түсінікке себеп болған нәрсеге тоқталу 
керек сияқты. Мәзһабтар арасы айырмашылықты
дінде бөлінушілікке теңестіру түсінігі Құран мен ха-
дисте кездесетін «ихтилаф» сөзінен туындауда. «Их-
тилаф» сөзі – «әртүрлі болу, әркелкі болу, келіспеу
қайшы пікірде болу, айтысып-тартысу, қайшылық
таласқа түсу» деген мағынаны білдіреді. Сондықтан 
«ихтилаф» сөзін барлық жерде шариғатқа қайшы істі 
білдіреді деу дұрыс емес. Құран мен хадисте де орнына 
қарай бірде тыйым салынса, бірде қошталып отыра-
ды. Мәзһабтар арасындағы айырмашылық та осындай 
қошталған «ихтилафтардың» қатарына жатады. Себебі 
Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Үмметімнің (кейбір мәселеде) 
әртүрлі көзқараста болуы – рақымдылық», – деген. Ха-
дистегі «әртүрлі көзқарас» арабшадағы ихтилаф сөзінің 
аудармасы. Ал мұсылман қауымының арасын бұзатын 
айтыс-тартыс «ихтилафы» нағыз шариғат тыйым салған 
ихтилаф. Құранда бұлар жайлы: «Аллаһтың құзырында 


98
Мәзһаб туралы таным
шынайы дін – ислам. Сондай кітап берілгендер өздеріне 
мәлімет келгеннен кейін араларындағы күңшілдіктен 
ғана талас-тартысқа түсті. Кім Аллаһтың аяттары-
на қарсы келсе, күдіксіз Аллаһ тез есеп көруші»
67

Аяттағы «талас-тартыс» сөзі арабшадағы «ихтилаф» 
сөзі. Бұл жердегі ихтилаф мұсылмандардың сақтануы 
тиіс «ихтилафтардың» қатарына жатады. 
Ихтилаф жайында дұрыс түсінік қалыптастыру 
үшін оның себептерін, сипаттарын білу қажет. Онсыз 
қайсысының тыйым салынған, қайсысының рұқсат 
етілген ихтилаф екенін білу қиын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет