Туралы таным



Pdf көрінісі
бет2/70
Дата19.02.2023
өлшемі0.68 Mb.
#469759
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70
Book-1365575707-51807(1)

Сәбит Ибадуллаев,
әл-Әзһар университетінің түлегі


5
Кіріспе
Аллаһ тағалаға хамд (мақтаулар) болсын. Оның 
таңдаған, сүйген құлдарына және адамзаттың асыл тәжі 
болған Мұхаммедке (с.а.у.) сәлем және салауат болсын. 
Ұлы пайғамбардың (с.а.у.) пәк отбасына, әділ сахабала-
рына Аллаһтың нұры жаусын.
Араб тілінің сөздігінде «жүрілген жол» мағынасын 
білдіретін «мазһаб» сөзінің терминдік мағынасы – 
Ислам дінінде мужтахид деп қабыл етілген кісінің сенім 
(ақайд) мен амалда (фиқһ) білдірген көзқарастарын 
ұстанатын жол. Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у.) 
адамдарға жеткізген Ислам дінінің сенім және амал 
саласында кейбір мәселелерін дәлелдеп одан үкім 
шығарып оларды түсінуде ғалымдар бір-бірінен 
өзгеше көзқарастар айтқан. Міне бұл көзқарастардың 
жиынтығын «мәзһаб» деп атаған.
Ислам тарихында мәзһаб сөзі итиқади (сенім-
ге), саяси және фиқһқа (амалға) байланысты 
көзқарастардың барлығына қолданылады. Бірақ саяси 
және итиқади мәзһабтарға «фырқа», «нихлә», сөздері 
көп қолданылуда. Фырқа сөзі әр түрлі көзқарасты 
ұстанатын топтар деген мағынаға келеді. Нихлә болса 
көзқарас, сенім деген мағынаны білдіреді. 
Ислам тарихындағы мәзһабтар үшке бөлінеді. 
Саяси, итиқади (сенімге байланысты) және фиқһи 
(амал) мәзһабтар. Дегенмен бүгін халық арасында 
мәзһаб сөзі көбіне фиқһ мәзһабтары үшін қолданылуда. 
Мәзһабты қолдаушы да, оны жоққа шығарушы да осы 


6
Мәзһаб туралы таным
мәзһабтар төңірегінде әңгіме қозғайды. Сондықтан 
фиқһ мәзһабтары жайында кеңірек тоқталу бүгінгі 
күннің талабы болып отыр. 
Мәзһаб жайлы дұрыс түсінік қалыптастыру үшін 
бәрінен бұрын мәзһаб туралы таным болуы шарт. 
Себебі бүгін мәзһабтың маңыздылығын насихатта-
ушылармен қатар, мәзһабтың терістігін алға тартушы-
лар да көптеп кездеседі. Мұндай жағдайда мұсылман 
кісі қайсысын таңдайды? Қай пікірді қолдайды? 
Ешқайсысына қосылмай бейтарап қала алады ма? 
Міне осындай сұрақтар көпшілік көңілін күпті етуде.
Мұндай күдіктерден арылудың бір ғана сенімді жолы 
бар. Ол – таным жолы. Сондықтан әрбір мұсылманның 
мәзһаб жайлы мағлұматы болуы керек.
Бүгін фиқһ мәзһабтарының құрылымы, қамтитын 
нысаны жайлы біріміз білсек, енді біріміз білмейміз. 
Осы білместіктің салдарынан теріс шешім қабылданып, 
орынсыз үкім беріліп жатады. Егер біз фиқһ саласының 
қаншалықты кең ауқым қамтитынын көз алдымызға 
елестете алсақ, онда өз бетімізше мәселелелерді шешуге 
асықпас едік. Кейбір теріс пікірлердің әсеріне еріп, 
шариғат саласын бір-екі аят, екі-үш хадиспен шекте-
мес едік. Міндетті түрде бұл саланың білгірі, маманы 
болуы тиіс деген ойға барар едік. Ал, бүкіл үммет 
мойындап келген фиқһ саласының басшылары-төрт 
мәзһаб имамы жайлы мағлұматтарға ие болған адам 
оларды арзанқол, тегі белгісіз бүгінгі білімпаздарға 
қалай ғана айырбастамақ? Егер ол имамдардың 
ғылымдағы жолдарының пайғамбарымызға (с.а.у.) 
ұласатынын, олардың Аллаһтың дінінде қаншалықты 
турашыл болғандығын білсек, қалай ғана олардың 
қалыптастырып кеткен жолын Құран мен сүннетке 


7
Мәзһаб туралы таным
қайшы жол немесе олардың өздерін пайғамбарымызға 
параллель шариғат иелері етіп көрсетуге, орынсыз 
айыптауға аузымыз барар еді?
Мәзһаб жайлы мағлұмат алғаннан кейін, мәзһабтың 
маңыздылығын, ислам үмметі үшін алатын орынын 
білудің көп қиындығы жоқ. Мәзһабтың қалыптасуына 
себеп болған негізгі тіректерін алып тастасаңыз оның 
орынын өзге ештеңе жаба алмайтындығын көресіз.
Құран мен сүннетті дұрыс түсінем, оның үкімдерін іске 
асыруда дұрыс жол ұстанам деген әрбір адам мәзһаб 
атымен қалыптасқан ережелер мен негіздерден ауытқып 
кете алмайтынына көзіңіз жетеді. Алдағы тақырыптарда 
осы мәселелерге тоқталатын боламыз. Яғни бірінші – 
мәзһаб туралы таным қалыптастыру, екінші – мәзһабқа 
қарсылардың сөздерін талдау арқылы мәзһабтардың 
маңыздылығын айқындауға тырысамыз.
Сонымен қатар итиқади мәзһабтар да мұсылман 
қауымы үшін зор маңызға ие. Бірақ біз бұл жерде 
тек олар жайлы жалпы мағлұмат беруден әрі 
аспайтындығымызды ескере кеткенді жөн санадық. 


8


9


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет